О мероприятиях по подготовке к паводкоопасному периоду Күшін жойған
Басқа 0
Су тасқыны қаупі кезеңіне дайындық жөніндегі іс-шаралар туралы
Гидрометеорология орталығының мәліметі бойынша Шығыс Қазақстан облысы аумағының жазық жерлер бөлігінде қар қорының үлесі Көкпекті ауданының Көкпекті ауылының аумағында 8 пайызға, Зайсан ауданында 9 пайызға, Бесқарағай ауданында 21 пайызға артық. Облыстың басқа аудандарында қардағы су қоры нормадан кем.
Таулы бөлігінде Қара Ертіс, Қалжыр, Күршім өзендерінің су ағынын қалыптастыратын аймағында қарда су қоры нормадан 7 пайызға кем, Бұқтырма, Тұрғысын өзендерінде және олардың салаларында - солтүстік беткейде 19 пайызға, оңтүстік беткейде 4 пайызға кем, Үлбі, Уба өзендерінде және олардың салаларында нормаға жуық, сондай-ақ Алакөл көлінде де нормаға жуық.
Ауа райының қолайлы болжамына қарамастан қардың қарқынды еруі өзендерде су деңгейінің күрт көтерілуін туғызуы мүмкін.
Тиісті шаралар қолданбаса елді мекендер, кәсіпорындар, әлеуметтік маңыздағы объектілер, жолдар, көпірлер, тау-кен кәсіпорындарының өндіріс қалдықтарының қоймалары, жасанды және шағын су қоймалары қауіпті жағдайларда қалуы мүмкін.
"Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі N 19-1 Заңының 5 және 13 баптарына сәйкес және көктемгі су тасқыны мен қар көшкінінен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, облыс экономикасына келетін зиянды азайту мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2005 жылға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралардың жоспары бекітілсін (қоса беріліп отыр).
Тармақ 2
2. Қалалар мен аудандардың әкімдері:
Тармақша 1
1) 2005 жылғы 30 наурызға дейін су тасқынының жағдайы туралы ақпарат алудың айқын сызбасын белгілеп, Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру әзірлігі және төтенше жағдайлар департаментіне тапсырсын;
Тармақша 2
2) су тасқыны кезеңінде жағдайға жедел басшылық жасау жөніндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі, төрағасы-әкімнің орынбасары Ведомствоаралық комиссияның басшылығымен жұмыс топтарын құрсын, олардың дербес құрамдарын, тұрақты жұмыс орындарын анықтасын, кезекші көлік бекітсін.
2005 жылғы 10 сәуірге дейін ықшам жүзу құралдары мен құтқарушылардың ұтқыр топтарын әзірлесін;
Тармақша 3
3) төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюға көзделген қалалық және аудандық бюджеттердің қаражаттары есебінен әрбір ауданда жанар-жағармай материалдарының қорларын құрсын;
Тармақша 4
4) қардың қарқынды еруі және қауіпті су тасқыны басталысымен әкімдердің аппараттарында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылсын, күн сайын Шығыс Қазақстан облысы жұмылдыру әзірлігі және төтенше жағдайлар департаментінің оперативтік кезекшісіне ақпарат берсін;
Тармақша 5
5) жағалауларды бекіту және бөгеттерді үю жұмыстарын орындау, олар қажет болатын жерлерге балласт, инертті және кен емес материалдар, темірбетон құралмаларын және басқа материалдарды дер кезінде жеткізу жөніндегі шаралар қабылдасын, карьерлер, көлік және тиеу техникасын дайындасын;
Тармақша 6
6) әрбір ауылдық округте орын алуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу және жою үшін шаруа қожалықтарының базасында (келісім бойынша) уақытша ұтқыр механикаландырылған топтар құрсын.
Тармақ 3
3. "Казселезащита" Шығыс Қазақстан облыстық эксплуатация басқармасының филиалына (М.А.Момбаев), гидрометеорология жөніндегі Шығыс Қазақстан орталығына (В.П.Кондратьев), Шығыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына (О.А.Поворотов), "Востокводхоз" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (К.Д.Даурембеков), Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасына (Т.Т.Ибраев), Шығыс Қазақстан облыстық көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің басқармасына (М.Т.Мыңбаев) автомобиль жолдары, объектілер, елді мекендер үшін қауіпті аймақтарда су тасқыны, сел және көшкін пайда болатын жерлерде тұрақты бақылауды ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Зырян және Шемонаиха аудандарының әкімдері мұзбөгеттер пайда болады деп күтілетін орындарда және Уба, Бұқтырма өзендерінің көпірлері маңында тұрақты бақылау қойсын.
Бұл іс-шараларды қаржыландыру табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою және басқа күтпеген шығыстар үшін көзделген ауданның жергілікті атқарушы органының резервінен жүргізілсін.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі департаментіне (Г.В.Темный) міндеттерді орындау үшін апаттық-құтқару қызметі құрылымдарының дайындығын қамтамасыз ету және оларды қатты су тасқыны аудандарына жедел жеткізу жолдарын қарастырсын.
Су тасқынына қарсы күрес үшін Азаматтық қорғанысының инженерлік құрылымдарын тарту жоспарында Ґскемен, Зырян, Семей қалаларында облыстың су тасқынының қаупі бар аудандарында пайдалану үшін резервтер көзделсін.
Тармақ 6
6. "Востокводхоз" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (К.Д.Даурембеков), Шығыс Қазақстан Ертіс бассейн су шаруашылығы басқармасы Ґскемен учаскесінің (Т.Ж.Кобегенов), "KEGOC" АҚ "Шығыс АЭЖ" филиалының (М.А.Висков), "Шығыс Қазақстан өңірлік энергетикалық компаниясы" ЖАҚ (Ю.С.Саблуков), "Казселезащита" Шығыс Қазақстан облыстық эксплуатациялық басқармасының филиалы (М.А.Момбаев) басшыларына, аудандар мен қалалардың әкімдеріне:
Тармақша 1
1) 2005 жылғы 30 наурызға дейін су айдындары мен су қоймаларын, оның ішінде иесіз өндіріс қалдықтарының қоймаларын зерттеу;
Тармақша 2
2) 2005 жылғы 10 сәуірге дейін су өткізетін, су төгетін қорғаныс және басқа да құрылғылардың, электр берілістері желілерінің бағандары мен трансформаторлық қосалқы станциялардың сенімділігін комиссиямен тексеріп, тексеру актілерін Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру әзірлігі және төтенше жағдайлар департаментіне тапсыру;
Тармақша 3
3) 2005 жылғы 15 сәуірге дейін Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру әзірлігі және төтенше жағдайлар департаментіне (А.К.Кажибаев) 2001 жылы өткізілген түгендеу мен паспорттау нәтижелерін ескере отырып, су қоймаларын, өндіріс қалдықтарының қоймаларын, су айдындарын, тасқын суды қабылдауға және өткізуге арналған жинақтаушы тоғандарды бекіту мен әзірлеу жұмыстарын аяқтап, хабарлау ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Шығыс Қазақстан облыстық көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің басқармасына (М.Т.Мыңбаев), "Қазақстан Темір жолы" ұлттық компаниясы" ЖАҚ тасымалдау филиалының Семей бөлімшесіне (Т.Т.Бадамбаев), "Қазақстан Темір жолы" ұлттық компаниясы" ЖАҚ тасымалдау филиалының Семей бөлімшесі Защита кіші бөлімшесіне (А.В.Степура), Шығыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына (О.А.Поворотов), қалалар мен аудандардың әкімдеріне 2005 жылғы 10 сәуірге дейін су тасқыны және мұз бөгеттерін болдырмау үшін автомобиль және темір жолдардағы инженерлік құрылғыларды тазалау жөніндегі жұмыстарды орындау, облыстың жолдарында үзіліссіз қозғалысты қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 8
8. Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаментінің директоры (К.Б.Андагулов) зардап шеккен тұрғындарға алғашқы медициналық көмек көрсету үшін қалалар мен аудандар орталықтарында дәрі-дәрмектер қорын жасасын.
Тармақ 9
9. "Қазақтелеком" ААҚ филиалының Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясының бас директорына (С.М.Абиров) тасқын су басуы мүмкін аймақтағы телефондандырылған елді мекендермен тұрақты телефон байланысын ұйымдастыру ұсынылсын.
Су тасқынының басталу кезеңінде "кезекшілік қабылдау" режимінде аудан орталықтарымен тәулік бойы тұрақты байланыс қамтамасыз етілсін.
Тармақ 10
10. "Шығыс Қазақстан облысының авиациялық бөлімшесі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры (В.П. Коншу) ТС-1 маркалы авиациялық отынның қажетті қорын жасасын, оны уақытында толықтырып отыруды қамтамасыз етсін.
Тасқын су кезеңі басталысымен барлау, жарылыс және құтқару жұмыстарын жүргізу үшін тікұшақтар жоғары дайындықта ұсталынсын.
Тармақ 11
11. "Шығыс Қазақстан облыстық суда құтқару қызметінің орталығы" мемлекеттік мекемесінің бастығы (Б.Ш. Бадылбаев) 2005 жылғы 10 сәуірге дейін ықшам жүзу құралдары мен құтқарушылардың ұтқыр топтарын дайындасын.
Тармақ 12
12. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық басқармасының бастығына (Ж.К.Құндызбаев) мал қорымдарына зерттеу жүргізіп, жұқпалы аурулардың шығуын болдырмау мақсатында қажетті шараларды қабылдау жөнінде жергілікті атқарушы органдарына тиісті ақпарат беру ұсынылсын.
Тармақ 13
13. Су тасқынына қарсы шараларға жедел басшылық және осы қаулының орындалуына бақылау жасау Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық комиссияның төрағасы, облыс әкімінің бірінші орынбасары Ю.П. Швайченкоға және Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру әзірлігі және төтенше жағдайлар департаментіне (А.К.Қажыбаев) жүктелсін.
Тармақ 14
14. "Су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2004 жылғы 9 наурыздағы, "Шығыс Қазақстан облысы бойынша әділет департаменті" ММ 2004 жылғы 17 наурызда тіркелген, тіркеу нөмірі 1667 қаулысының күші жойылды деп саналсын.
Тармақ 15
15. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 25. 2005 жылға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралардың
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2005 жылғы 11 наурыздағы N 117
қаулысына қосымша
2005 жылға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралардың
ЖОСПАРЫ
N р/с
Іс-шаралар
Орындалу мерзімі
Орындаушылар
1
2
3
4
1
Қалалар мен аудандарда қардың еруіне, өзендердің мұз құрсауынан босауына, мұз бөгеттері мен су басуға ұшырайтын жерлерде тұрақты қадағалауды ұйымдастыру.
Су тасқыны кезеңіне
Қалалар мен аудандардың әкімдері, ШҚ гидрометеорология орталығы ШҚГМО (келісім бойынша), Шығыс Қазақстан облыстық көліктік инфрақұрылымды дамыту Комитетінің басқармасы (келісім бойынша), "Востокводхоз" РМК (келісім бойынша)
2
Су тасқынын апатсыз өткізу және тұрғындарды, малды, материалдық құндылықтарды су басуы мүмкін аймақтардан көшіру жөнінде жан-жақты жоспарлар жасау.
25.03.2005
Қалалар мен аудандардың, ауылдық округтердің әкімдері, меншік нысандарына қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары (келісім бойынша), қалалардың ТЖ жөніндегі басқармалары, ШҚО ауыл шаруашылығының департаменті (келісім бойынша)
3
ТЖ алдын алу мен жою жөніндегі облыстық, қалалық және аудандық ведомствоаралық комиссияларға қар қорының, қардың еру жағдайы туралы үздіксіз хабарлау. Қар көшкіні мен су тасқынының қаупі туралы дер кезінде ескертуді қамтамасыз ету.
Күн сайын
ШҚГМО (келісім бойынша), "Казселезащита" ММ ШҚО эксплуатациялық басқармасының филиалы (келісім бойынша)
4
Қар көшкіні мен су басуы мүмкін жерлерде тұратын тұрғындарды құлақтандырудың сызбасын іс жүзінде пысықтау. Осы жұмысқа жауапты адамдар тағайындау және көмек көрсету, ТЖ жою үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда апаттық-қалпына келтіру бригадаларын ұйымдастыру.
25.03.2005
Қалалар мен аудандардың әкімдері, ШҚГМО (келісім бойынша), "Казселезащита" ММ ШҚО эксплуатациялық басқармасының филиалы (келісім бойынша), Шығыс Қазақстан облыстық көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің басқармасы (келісім бойынша), "Востокводхоз" РМК (келісім бойынша), қалалардың ТЖ жөніндегі басқармалары, ТЖМ ШҚО ТЖ жөніндегі департаменті (келісім бойынша), ШҚО жұмылдыру әзірлігі және ТЖ жөніндегі департаменті
5
Автожолдардың, тұрғын үйлердің және құрылыстардың жанындағы кәріздік су ағызатын астауларды, автомобиль және темір жолдардағы су өткізетін инженерлік құрылғыларды тазартуды жүргізу.
10.04.2005
Қалалар мен аудандардың, ауылдық округтердің әкімдері, Шығыс Қазақстан облыстық көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің басқармасы (келісім бойынша), Защита және Семей тасымалдау бөлімшелері (келісім бойынша), "Востокводхоз" РМК (келісім бойынша), ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (келісім бойынша)
6
Облыс өзендерінде мұз бөгеттері мен тасқын су өту жерлерді анықтау жөніндегі аэровизуальді зерттеулер жүргізу.
Ґзендерде мұз құрсауы ашылған кезде
ШҚГМО (келісім бойынша), "Казселезащита" ММ ШҚО эксплуатациялық басқармасының филиалы (келісім бойынша), "ШҚО Авиациялық бөлімшесі" КМҚК.
7
Шұғыл әрекет ету отрядтары, жүзу құралдары, құтқару жұмыстарында пайдалану үшін судан құтқару орталығының маневрлік тобын дайындыққа келтіру.
Су тасқыны кезеңінің басынан бастап
Қалалар мен аудандардың әкімдері, ҚР ТЖМ ТЖ жөніндегі облыстық департаменті (келісім бойынша), ШҚО жұмылдыру әзірлігі және ТЖ жөніндегі департаменті, ШҚО суда құтқару қызметі
8
Төтенше жағдайларды жою үшін құрылымдық бөлімшелерді тартумен бірлескен іс-әрекет жоспарын пысықтау.
25.03.2005
ШҚО жұмылдыру әзірлігі және ТЖ департаменті, ҚР ТЖМ ТЖ жөніндегі облыстық департаменті (келісім бойынша)
9
Электр берілісі және байланыс желілеріне зерттеу жүргізу, қар көшкіні мен су тасқыны кезінде олардың сақталуы жөніндегі шараларды қабылдау.
30.03.2005
"KEGOC" ААҚ ААЭЖ Шығыс филиалы (келісім бойынша), ШҚ ҐЭК ЖАҚ (келісім бойынша), облыстық телекоммуникация дирекциясы (келісім бойынша)
10
Су тасқыны және жол бұзылымдары болуы ықтимал елді мекендерде азық-түлік, дәрі-дәрмек қорын дайындау.
30.03.2005
Қалалар мен аудандардың, ауылдық округтердің әкімдері, ШҚО денсаулық сақтау департаменті
11
Ґнеркәсіптік қалдық сулардың қалалар мен кенттердің жабық су тартқыларына құйылуын болдырмау шараларын қабылдау.
01.04.2005
Қалалар мен аудандардың, ауылдық округтердің әкімдері, шаруашылық жүргізуші объектілер (келісімдері бойынша)
12
Қалалар мен аудандарда 20 т. дизель отыны, 10 т. бензин, 1 т. мотор майы есебінен жанар-жағар майдың қажетті резервін жасау және бұл қорларды табиғи апаттар болған жағдайда ТЖ жөніндегі комиссияның өкімі бойынша пайдалану. Облыстық резервте 30 т. дизель отыны, 16 т. бензин болсын.
15.04.2005
Қалалар мен аудандардың әкімдері, ШҚО жұмылдыру әзірлігі және ТЖ жөніндегі департаменті
1
2
3
4
13
Су тасқыны кезіне жарғыштар бригадаларын дайындау, оларды ТЖ жөніндегі комиссияның тапсырысы бойынша мұз құрсауы қар көшкінін түсіру орындарында жұмыс жүргізу үшін жарғыш материалдармен қамтамасыз ету. Темір жолдар мен автомобиль жолдарындағы, Үлбі, Уба, Бұқтырма өзендеріндегі көпірлерде, Красный Яр ауылындағы Уба өзенінің
құйылысындағы мұзды босату, қар көшкіндерін түсіру жұмыстарын жүргізу.
30.03.2005
Жұмылдыру әзірлігі және ТЖ департаменті, "Востоквзрывпром" ЖШС (келісім бойынша), "Казселезащита" ММ эксплуатациялық басқармасы ШҚО филиалы (келісім бойынша), ҚР ТЖМ ТЖ жөніндегі департаменті (келісім бойынша)
14
Облыстың барлық қалалары мен аудандарында су тас-қынына қарсы шаралардың орындалуын тексеру. Тексеру-дің қорытындысы туралы ТЖ алдын алу және жою жө-ніндегі облыстық ведомство-аралық комиссияға мәлімдеу.
10.04.2005
Жоспарға сәйкес ТЖ жөніндегі облыстық комиссияның мүшелері
15
қалалар мен аудандардың әкімдіктерінде, сондай-ақ жеке-леген қауіпті учаскелерде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылсын. Мына телефондар бойынша 26-88-27, 25-08-16 күн сайын 8.30 да және 17.00, төтенше жағдай туындаған кезде бірден, жұмылдыру әзірлігі және ТЖ департаментіне ақпарат берсін.
Су тасқыны кезеңінде
қалалар мен аудандардың әкімдері, "Казселезащита" ММ эксплуатациялық басқармасы ШҚО филиалы, "Востокводхоз" РМК (келісім бойынша), Шығыс Қазақстан облыстық көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің басқармасы (келісім бойынша), "KEGOC" ААқ ААЭЖ Шығыс филиалы (келісім бойынша)
Шығыс Қазақстан облысының
жұмылдыру әзірлігі және төтенше
жағдайлар департаменті директорының
орынбасары