О кредитовании сельхозтоваропроизводителей и предприятий пищевой и перерабатывающей промышленности на условиях софинансирования средств областного бюджета и кредитных ресурсов банков второго уровня Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауыл шаруашылық тауар өндірушілері мен тамақ және қайта өндеу өнеркәсібі кәсіпорындарын облыстық бюджет қаражаттары және екінші деңгейдегі банктердің кредит ресурстары есебінен қосымша қаржыландыру шарты негізінде кредиттеу туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ Заңының 27-бабының 5-тармағын басшылыққа ала отырып және "Республикалық және жергілікті бюджеттерін орындау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республика Їкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы N 110 қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "2005 жылға арналған облыстық бюджет туралы" 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 9/105-ІІІ облыстық мәслихат шешімінің "ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін кредиттеу" бағдарламасы бойынша бөлінген 70 (жетпіс) миллион теңге сомасындағы бюджет қаражаттары ауыл шаруашылық тауар өндірушілері мен тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын облыстық бюджет қаражаттары және екінші деңгейдегі банктердің кредит ресурстары есебінен (келісімдері бойынша) қосымша қаржыландыру шарты негізінде кредиттеуге бағытталсын.
Тармақ 2
2. Облыстық бюджет қаражаттары және екінші деңгейдегі банктердің кредит ресурстары есебінен қосымша қаржыландыру шарты негізінде "Ауыл шаруашылық тауар өндірушілері мен тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын кредиттеу" кіші бағдарламасы бойынша Жергілікті атқарушы органдарының кредит ұсыну ережелері бекітілсін (қоса беріліп отыр).
Тармақ 3
3. Бағдарлама әкімшісі - Шығыс Қазақстан облысының Ауыл шаруашылық департаменті (Ибраев Т.Т.) заңнамаға сәйкес Қарыз беруші банктерді анықтау жөніндегі конкурс өткізсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары А.М. Каримовқа жүктелсін.
Басқа 5. Облыстық бюджет қаражаттары және екінші деңгейдегі банктердің кредит ресурстары есебінен қосымша қаржыландыру шарты негізінде "Ауыл шаруашылық тауар өндірушілері мен тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын кредиттеу" кіші бағдарламасы бойынша жергілікті атқарушы органдарының кредит ұсыну ережелері
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 16 наурыздағы N 120 қаулысына қосымша Облыстық бюджет қаражаттары және екінші деңгейдегі банктердің кредит ресурстары есебінен қосымша қаржыландыру шарты негізінде "Ауыл шаруашылық тауар өндірушілері мен тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын кредиттеу" кіші бағдарламасы бойынша жергілікті атқарушы органдарының кредит ұсыну ережелері "2005 жылға арналған облыстық бюджет туралы" Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 9/105-ІІІ шешімімен бөлінген кредит беру тәртібі мен шарты Қазақстан Республикасының Бюджет кодексімен, "Республикалық және жергілікті бюджеттерін орындау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Їкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы N 110 қаулысымен анықталады. "Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін кредиттеу" бюджеттік бағдарламасынан "Ауыл шаруашылық тауар өндірушілері мен тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарына кредит беру" кіші бағдарламасын іске асыру үшін 70 (жетпіс) миллион теңге бөлінеді. Кредит ресурстарының көлемін екі есе көбейту мақсатында екінші деңгейдегі банктердің ресурстарымен бірлесіп қаржыландыру шарты негізінде кредит беру туралы шешім қабылданды (келісім бойынша). Кредит беруші - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кредиттік шарттың тарапы, бюджеттік кредит беруші, жергілікті атқарушы орган. Бағдарлама әкімшісі - ауыл шаруашылық департаменті ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін кредиттеу жөніндегі бюджеттік бағдарламаның негіз болуына және жүзеге асуына жауапты, жергілікті бюджет қаражаттарынан қаржыландырылатын мемлекеттік орган. Қарыз беруші банк - банк операцияларының жеке түрлерін жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар, Түпкілікті қарыз алушыларды кредиттеуге тиісті бюджеттерден бюджеттік кредит алатын екінші деңгейдегі банк және басқа да мекемелер. Қарыз беруші банктер конкурс негізінде анықталады. Түпкілікті қарыз алушы - ауыл шаруашылық өнімін өндірумен, дайындаумен және өңдеумен айналысатын, бюджеттен кредит алушы заңды немесе жеке тұлға. Сыйақы (ынталандыру) - кредитті пайдаланғаны үшін Қарыз беруші банктің ақшалай қаражат төлеуі.
Тармақ 1
1. Қарыз беруші банкінің кредит ресурстары мен бюджеттік кредит ресурстары бірдей үлеспен (50% жобаның құнынан) бірлесіп қаржыландыру жобасында қатысады (келісім бойынша). "Ауыл шаруашылық тауар өндірушілері мен тамақ және өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын кредиттеу" әзірленген бағдарламаны іске асыруға жалпы сомасы 140 млн. теңге бөлінеді. Кредит 5 жылға дейін мерзімге беріледі. Бағдарлама әкімшісі кейін кәсіпорындар мен ауыл шаруашылық құрылымдарын кредиттеу үшін, кредиттік шартта көрсетілгендей кредиттік ресурстарды конкурс бойынша анықталған Қарыз беруші банктерге аударады.
Тармақ 2
2. Кредиттерді беру мақсаты: өңдеу саласын дамыту, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу цехтарын құру, қайта құру және жаңғырту, жабдықтарды сатып алу.
Тармақ 3
3. Ұлттық валютада бюджет қаражаттарының үлесін пайдаланғандағы үшін сыйақы ставкасы кредитті қайтару мерзіміне байланысты белгіленеді:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде ұлттық валютамен шығарылған бюджеттік кредиттің мерзіміне тең мерзімде жабу орташа мерзімді индекстелмеген құнды қағаздар бойынша табыстылықтың ортаөлшемнен алғандағы екінші рет ұйымдастырылған мемлекеттік құнды қағаздар рыноктарындағы алдыңғы тоқсанда қалыптасқан операциялар нәтижесіне тең;
Тармақша 2
2) түпкілікті қарыз алушыға - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде ұлттық валютамен шығарылған мемлекеттік орташа мерзімді индекстелмейтін құнды қағаздар бойынша табыстылықтың ортаөлшеммен алғандағы құнды қағаздардың екінші рыногында ұйымдастырылған алдыңғы тоқсанда қалыптасқан операциялар нәтижесіне тең сыйақының екі еселенген өлшемінен артық емес. Сонымен бірге банк табысы (келісім бойынша) займ сомасының жылдық 3 пайыздан жоғары емес. Кредит беруге байланысты кредитті және Қарыз беруші банкінің басқа қызметтерін ресімдеу және мониторинг бойынша шығыстар сыйақы (ынталандыру) сомасына кіреді;
Тармақша 3
3) кредиттің банк үлесіне пайдаланғаны үшін сыйақы ставкасы жылына 15 пайыздан аспауы қажет, бюджеттік қаражаттың маржасы 3 пайыздан, жалпы сыйақы ставкасы 11,8 пайыздан аспауы қажет.
Тармақ 5
5. Тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын дамытуға берілетін кредиті қайтару мерзімі 2 кезеңге белгіленеді: 50% - 2009 жылғы 15 қарашаға дейін, 50% - 2010 жылғы 15 қарашаға дейін.
Тармақ 6
6. Облыстық бюджетке сыйақы есептеу бюджеттік кредит қаражаттарын бағдарлама әкімшісінің шотынан қарыз беруші банктің шотына аударған күнінен бастап жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Бюджетті орындау жөніндегі уәкілетті орган қарыз беруші банктермен жергілікті бюджет қаражаттары есебінен бюджеттік кредиттерді беру туралы кредиттік шарттарды (келісімдерді) қосымша қаржыландыру шарты бойынша бағдарлама әкімшісінің қатысуымен жасайды.
Тармақ 8
8. Қарыз беруші банк пен түпкілікті қарыз алушының арасындағы кредиттік шарттарды ресімдеуді қосымша қаржыландыру шарты бойынша жалпы кредит сомасына жасайды. Құжаттар пакеті мен кепілдікті қамтамасыз етуді ресімдеу және түпкілікті қарыз алушылармен кредиттік шарт жасасу мерзімі бір айдан аспауы қажет.
Тармақ 9
9. Кредиттік шарттар міндетті түрде облыстық қаржы департаментінде тіркеледі.
Тармақ 10
10. Кредиттік ресурстар мерзімінде қайтарылмаған және мақсатсыз пайдаланылған жағдайда бағдарлама әкімшісі Қарыз беруші банкке кредиттік шартта қарастырылған санкциялар қояды.
Тармақ 11
11. Қарыз беруші банк, бағдарлама әкімшісі кредиттің мақсатты пайдаланылуына бақылау жасайды.
Тармақ 12
12. Қалалар мен аудандардың әкімдері, облыстық ауыл шаруашылық департаменті қарыз қаражаттарының облыстық бюджетке уақытында қайтарылуына бақылауды жүзеге асырады. Ауыл шаруашылық департаментінің директоры