Об утверждении Правил оказания социальной помощи на проезд в городском транспорте Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қалалық көлікте жүруге әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі Ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңындағы 6-бапқа және Ақкөл ауданы әкімдігінің ұсынысына сәйкес, аудандық мәслихат Шешім етті:
Тармақ 1
1. Қалалық көлікте жүруге әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі Ереже бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихат сессиясының 2004 ж. 07.07. № С 10-5 «Қалалық көлікте жүруге әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі Ережені бекіту туралы» шешімі күшін жойғандығы танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Ақмола облыстық әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға тиіс. Ескертулерсіз келесімдер: Аудан әкімі А.С.Үйсімбаев 2005 жылғы 25 ақпан Экономика және қаржы бөлімінің бастығы О.М.Лисина 2005 жылғы 25 ақпан Жұмыспен қамту және әлеуметтік Бағдарламалар бөлімінің бастығы А.К.Мананбаева 2005 жылғы 25 ақпан
Басқа 4
Ақкөл аудандық мәслихатының сессиясының 2005 жылғы 25 ақпандағы № С 17-5 шешімімен БЕКІТІЛГЕН Қалалық көлікте жүру жол ақысына әлеуметтік көмек көрсету Ережесі Осы ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы дағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына және Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес халықтың әлеуметтік әлсіз санаттарын әлеуметтік қорғау мақсатында әзірленді және қалалық көлікте жүру жол ақысына жыл сайын әлеуметтік көмек көрсету тәртібін белгілейді.
Тарау 1. 1. Жалпы қағидалар.
1. Жалпы қағидалар.
Тармақ 1
1. Қалалық көлікте жүру жол ақысына әлеуметтік көмек әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу жөніндегі аудандық өкілеттік орган арқылы көрсетіледі.
Тармақ 2
2. Қалалық көлікте жүру жол ақысына әлеуметтік көмек алуға Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерен еңбектері үшін бұрынғы ССР одағының ордендерімен және медальдерімен марапатталған адамдар құқықты.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
2. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмек арыз берген айдан бастап тағайындалады.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмек көрсету немесе көрсетуден бас тарту аудан әкімдігі бекіткен кұрамдағы біржолғы көмек беру отырысында шешіледі.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тартқан жағдайда комиссия арыз берушіге мұны жазбаша хабарлауы қажет.
Тарау 3. 3. Қажетті құжаттардың тізімі
3. Қажетті құжаттардың тізімі
Тармақ 6
6. Қалалық көлікте жүру жол ақысына әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі арызды, оны алуға құқығы бар адам тиісті құжаттармен қоса береді:
Тармақша 1
1) Жеке куәлігі (көшірмесі)
Тармақша 2
2) Алушы жағдайын растайтын құжат (көшірмесі)
Тармақша 3
3) Тұрған жерінен анықтама
Тармақша 4
4) СТТН-салық төлеушінің тіркеу нөмірі (көшірмесі)
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмек тағайындауға құжаттар салыстыру үшін түпнұсқада және көшірмесімен әкеліп көрсетіледі. Түпнұсқа салыстырған соң арыз берушіге қайтарылады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмекті төлеу тәртібі
4. Әлеуметтік көмекті төлеу тәртібі
Тармақ 8
8. Бір жолғы әлеуметтік көмек мөлшері қалалық көлікге бір айда 4 рет жүру жол ақысы есебінен ағымдағы жылға анықталады.
Тармақ 9
9. Қалалық көлікте жүру жол ақысына әлеуметтік көмек төлеу әр жылға бекітілген сома мөлшерінде ауданның бюджет қаржысынан жүзеге асады.
Тармақ 10
10. Қалалық көлікте жүру жол акысына әлеуметтік көмек тиісті операция түрлеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің лицензиясы бар Банкілер арқылы төленеді.