Об утверждении Правил оказании социальной помощи на погребение безработных граждан Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жұмыссыз азаматтарды жерлеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңындағы 6-бапқа және Ақкөл ауданы әкімдігінің ұсынысына сәйкес, аудандық мәслихат Шешім етті:
Тармақ 1
1. Жұмыссыз азаматтарды жерлеу жөніндегі әлеуметтік көмек көрсету Ережесі бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихат сессиясының 2002 ж 29.10. № С 29-6 «Жұмыссыз азаматтарды жерлеу жөніндегі әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы» шешімі күшін жойғандығы танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Ақмола облыстық әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға тиіс. Ескертусіз келісімдер: Аудан әкімі А.С.Үйсімбаев 2005 жылғы 25 ақпан Экономика және қаржы бөлімінің бастығы О.М.Лисина 2005 жылғы 25 ақпан Жұмыспен қамту және әлеуметтік Бағдарламалар бөлімінің бастығы А.К.Мананбаева 2005 жылғы 25 ақпан
Басқа 4
Ақкөл аудандық мәслихатының сессиясының 2005 жылғы 25 ақпандағы № С 17-2 шешімімен БЕКІТІЛГЕН Жұмыссыз азаматтарды жерлеуге берілетін әлеуметтік көмек жөніндегі Ереже Осы ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Респуликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес, халықтың әлеуметтік әлсіз санатына жататындарды әлеуметтік қорғау мақсатында әзірленді және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге берілетін әлеуметтік көмек беру тәртібін белгілейді.
Тарау 1. 1. Жалпы қағидалар
1. Жалпы қағидалар
Тармақ 1
1. Жұмыссыз азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмек аудандық әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу жөніндегі өкілеттік орган арқылы жүзеге асады.
Тармақ 2
2. Жұмыссыз азаматтарды жерлеуге берілетін әлеуметтік көмек қайтқан адам қайтыс болған күні жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрған болса төленеді.
Тармақ 3
3. Жұмыссыз азаматтарды жерлеуге берілетін әлеуметтік көмек жанұя табыстарына қарамай тағайындалады.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі
2. Әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмек тағайындауға құжаттар өткізілген соң 10 күн ішінде қаралуы кажет.
Тармақ 5
5. Жұмыссыз азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмек берілетіні немесе берілмейтіні аудан әкімдігі қаулымен белгіленген құрамдағы әлеуметгік көмек көосететін комиссияның отырысында шешіледі.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмек тағайындау қабылданбаған жағдайда комиссия арыз иесіне жазбаша түрде мұны хабарлауы қажет.
Тармақ 7
7. Жұмыссыз азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмек жұмыссыз адам қайтқан соң 3 айдан кем емес уақыт ішінде өтініш жасалғанда төленеді.
Тарау 3. 3. Қажетті құжаттар тізбесі
3. Қажетті құжаттар тізбесі
Тармақ 8
8. Жұмыссыз азаматты жерлуге берілетін көмек тағайындауға жерлейтін адам атынан қосымша келесі құжаттармен өтініш беріледі:
Тармақша 1
1) жеке бас куәлігі (көшірмесі);
Тармақша 2
2) СТТН-салық төлеушінің тіркеу нөмірі (көшірмесі);
Тармақша 3
3) қайтыс болғаны туралы куәлік (көшірмесі);
Тармақша 4
4) жұмыссыз статусын растайтын анықтама;
Тармақша 5
5) аудандық юстиция бөлімі беретін қайтыс болғаны туралы анықтама;
Тармақша 6
6) қайтқан адамның аудан территориясында тұрғандығын растайтын анықтама.
Тармақ 9
9. Арыз иесі құжаттар мен өтінінішінде көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен анықтығына заңға сәйкес жауап береді.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмектің төленуі
4. Әлеуметтік көмектің төленуі
Тармақ 10
10. Жұмыссыз азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасының заңы белгілегендей он айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде көрсетіледі.
Тармақ 11
11. Жұмыссыз азаматтарды жерлеуге берілетін әлеуметтік көмек аудандық бюджет қаражатынан әр жылға белгіленген сома мөлшерінде жүзеге асады.
Тармақ 12
12. Жұмыссыз азаматтарды жерлеуге берілетін әлеуметтік көмек төлемі тиісті операциялар жүргізуге Қазақстан Республикасының Халық банкісінің лидензиясы бар банктер арқылы жүзеге асады.