Об утверждении Правил оказания социальной помощи на погребение несовершеннолетних детей Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кәмелетке толмаған балаларды жерлеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңындағы 6-бапқа және Ақкөл ауданы әкімдігінің ұсынысына сәйкес аудандық мәслихат Шешім етті:
Тармақ 1
1. Кәмелетке толмаған балаларды жерлеу жөніндегі әлуметтік көмек көрсету Ережесі бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Аудандык мәслихат сессиясының 2002 ж 29.10. № С 29-7 «Кәмелетке толмаған балаларды жерлеу жөніндегі әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі Ережені бекіту туралы» шешімі күшін жойғандығы танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Ақмола облыстық әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға тиіс. Ескертулерсіз келесімдер: Аудан әкімі А.С.Үйсімбаев 2005 жылғы 25 ақпан Экономика және қаржы бөлімінің бастығы О.М.Лисина 2005 жылғы 25 ақпан Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы А.К.Мананбаева 2005 жылғы 25 ақпан
Басқа 4
Ақкөл аудандық мәслихатының сессиясының 2005 жылғы 25 ақпандағы № С 17-3 шешімімен БЕКІТІЛГЕН Кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге әлеуметтік көмек көрсету Ережесі Осы ереже Қазакстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес, халықтың әлеуметтік әлсіз санаттарын әлеуметтік қорғау мақсатында әзірленді және кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге көрсетілетін әлеуметтік көмек тәртібін тағайындайды.
Тарау 1. 1. Жалпы қағидалар
1. Жалпы қағидалар
Тармақ 1
1. Кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге әлеуметтік көмек әлеуметтік көмек тағайындайтын және төлейтін аудандық өкілеттік орган арқылы жүзеге асады (бұдан әрі -өкілетті орган).
Тармақ 2
2. Кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге әлеуметтік көмек жанұя табысына қарамай тағайындалады.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі.
2. Әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмек тағайындау құжаттар тапсырылған соң 10 күндік мерзім ішінде іске асырылады.
Тармақ 4
4. Кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге әлеуметтік көмек көрсетілуі немесе көмек көрсетуден бас тарту аудан әкімдігінің қаулысымен бекітілген құрамдағы біржолғы әлеуметтік жәрдем беру комиссиясының отырысында шешіледі.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартқан жағдайда, комиссия арыз иесіне жазбаша хабарлауға міндетті.
Тармақ 6
6. Кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге әлеуметтік көмек жасы кәмелетке толмай қайтқан баланың қайтқанына 3 айдан асырмай өтініш жасалғанда төленеді.
Тарау 3. 3. Қажетті кұжаттардың тізімі
3. Қажетті кұжаттардың тізімі
Тармақ 7
7. Кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге әлеуметтік көмек тағайындату үшін жерлейтін адам өтінішпен бірге қосымша мына құжаттарды тапсырады:
Тармақша 1
1) жеке бас куәлігі (көшірмесі);
Тармақша 2
2) СТТН - салық төлеушінің тіркеу нөмірі (көшірмесі)
Тармақша 3
3) қайтыс болғаны туралы куәлік (көшірмесі)
Тармақша 4
4) аудандық юстиция бөлімі беретін қайтыс болғаны туралы анықтама;
Тармақша 5
5) қайтыс болған баланың аудан территориясында тұрғандығын растайтын анықтама.
Тармақ 8
8. Арыз беруші құжаттар мен өтінішінде көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен нақтылығы үшін заңға сәйкес жауап береді.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмекті төлеу
4. Әлеуметтік көмекті төлеу
Тармақ 9
9. Жасы кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасының заңнамаларымен бекітілген он айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде көрсетіледі
Тармақ 10
10. Жасы кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге әлеуметтік көмек ауданның бюджет қаражатынан әр жылдың белгіленген сомасы мөлшерінде көрсетіледі.
Тармақ 11
11. Жасы кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге әлеуметтік көмек тиісті операциялар өткізуге Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің лицензиясы бар банктер арқылы төленеді.