Об утверждении Положения о порядке назначения и осуществления социальных выплат отдельным категориям граждан Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.02.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдерді белгілеу және төлеу тәртібі туралы Ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасындағы жергідікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ КАБЫЛДАДЫ
Тармақ 1
1. Ұсынылып отырған азаматтардьщ жеке санаттарына әлеуметтік төлемдерді белгілеу және төлеу тәртібі туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ереженің орындалуына бакдлау жасау әлеуметтік саясат, зандылық, азаматтардың үндеуі мен депутаттық өкілеттер мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (В.И.Лонский).
Тармақ 3
3. Шешім 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске енгізіледі.
Басқа 4. Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдерді белгілеу және төлеу тәртібі туралы ЕРЕЖЕ
Шемонаиха аудандық мәслихатыңың 2005 жылғы 18 ақпандағы № 13/9-III шешіміне қосымша Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдерді белгілеу және төлеу тәртібі туралы ЕРЕЖЕ
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже 451007000332 «Жергілікті өкілдік органдардың шешімдері бойынша азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасы бойынша әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыру тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Ережені қабылдау үшін «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы (6 баб) Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі, «2005 жылға арналған Шемонаиха ауданының бюджеті туралы» аудандық мәслихаттың 2004.29.12 № 12/3-Ш шешімі құқықтық негіз болып табылады.
Тармақ 3
3. Ереженің іс-әрекеті «Мемлекеттік атаулы көмек туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен реттелетін қатынастарға таралмайды.
Тармақ 2. 2. Төлемдерді алу күкріғы
2. Төлемдерді алу күкріғы
Тармақ 4
4. Табысы өмір сүру деңгейінен төмен немесе белгілі бір жағдайларға байланысты шұғыл әлеуметтік қолдауды қажет ететін тұрмысы төмен отбасыларының (азаматтардың), сондай-ақ азаматтардың жеке санаттарының мереке күндеріне байланысты әлеуметтік төлем алуға құқылары бар.
Тармақ 5
5. Отбасы мүшесінің қазасы, қатерлі ісік және өкпе ауруларымен ауыратындардың ұзақ мерзімде емделуі, операция жасау қажеттігі, болжалынбаған өмір жағдайларында тіршілік жасауға қаржысыз қалған азаматтар, бас бостандығынан шыққан тұлғалар, өмірдегі ең қиын жағдай болып табылады.
Тармақ 3. 3. Біржолғы әлеуметтік төлемдерді төлеу жағдайлары мен тәртібі
3. Біржолғы әлеуметтік төлемдерді төлеу жағдайлары мен тәртібі
Тармақ 6
6. Бір жолғы әлеуметтік төлемдер тұрмысы нашар азаматтарға жеке өтініш негізінде немесе қоғамдық ұйымдардың ұсынуы бойынша беріледі. Біржолғы әлеуметтік төлемді алуға үміткер тұлға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына өтініш береді. Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:
Тармақша 1
1) жеке куәлік көшірмесі;
Тармақша 2
2) тұрғылықты жерінен отбасы құрамы туралы анықтама;
Тармақша 3
3) алдыңғы кварталдың табыстары туралы анықтама;
Тармақша 4
4) арыз берушінің материалдық көмекті қажет ететінін растайтын баска да құжаттар (емделу, операция бағасы, медициналық тексеру, протез жасау және т.б. туралы медицина мекемесінің қорытындысы).
Тармақ 7
7. Әрбір өтініш азаматтардың жеке санаттарына төленетін әлеуметтік төлемдер жөніндегі аудандық комиссиясымен, өтініш берушінің тұрғылықты жеріне барып, қарастырылады. Тексеру нәтижесі бойынша комиссияның қарастыруына ұсыну үшін әлеуметтік карта жасалады.
Тармақ 8
8. Комиссия әлеуметтік көмек корсету немесе бас тарту туралы шешім қабылдауға кұқылы.
Тармақ 9
9. Бір жолғы әлеуметтік көмек төлемдері «Шемонаиха ауданының жұмыспен камту және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасы» Мемлекеттік мекемесімен жергілікті бюджет қаржысынан ақшалай, «Қазпошта» АДҚ арқылы агенттік келісім негізінде жүзеге асады.
Тармақ 4. 4. Әлеуметтік төлем мөлшері
4. Әлеуметтік төлем мөлшері
Тармақ 10
10. Бір жолғы әлеуметтік төлемдер бір тұлғаға жылыңа бір рет 1000 теңгеден 5000 теңгеге дейінгі мөлшерде белгіленеді.
Тармақ 5. 5. 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысының Жеңісін мейрамдауға байланысты көтермелеу ретіндегі әлеуметтік төлемдер
5. 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысының Жеңісін мейрамдауға байланысты көтермелеу ретіндегі әлеуметтік төлемдер
Тармақ 11
11. 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 60 жылдығын мейрамдауға байланысты ақшалай көтермеленеді:
Тармақша 1
1) 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектер, өз еркімен қатысқан азаматтар — 5000 (бес мың)теңге көлемінде;
Тармақша 2
2) «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Ленинградцы қорғағаны үшін» медальдарымен марапатталған тыл еңбеккерлері, осы санат бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақылар алатын тұлғалар — 1000 бір мың) теңге көлемінде.
Тармақша 3
3) Қаза болған және қайтыс брлған Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектердің жесірлеріне — 2000 (Екі мың) теңге мөлшерініде.
Тармақ 6. 6. Қарттар күні мен мүгедектер күніне байланысты әлеуметтік төлемдер
6. Қарттар күні мен мүгедектер күніне байланысты әлеуметтік төлемдер
Тармақ 12
12. Халықаралық қарттар күнін және Мүгедектер күнін мейрамдауға байланысты бюджетте қаржы болған жағдайда әлеуметтік төлем түрінде материалдық көмек көрсетіледі:
Тармақша 1
1) 2005 жылы 80жасқа толған және одан да асқан қарт адамдарға төленетін әлеуметтік төлем мөлшері — 500 (бес жүз) теңге;
Тармақша 2
2) Мүгедек балаларға (16 жасқа дейін) —әлеуметтік төлем мөлшері әрқайсысына 1000 теңге.
Тармақ 7. 7. Төлемдерге бақылау жасау
7. Төлемдерге бақылау жасау
Тармақ 13
13. Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемге бөлінген жергілікті бюджет қаржыларының мақсатты қолданылуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексімен жүзеге асады.