Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру ережесін бекіту туралы Қолданыста
Басқа 0
Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-2 Заңының 6 бабының, «Тұрмыстық қатынастар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-1 заңының негізінде Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙДЫ:
Тармақ 1
1. Ұсынып отырған түрмысы томен азаматтарға үйді үстауға және үй-коммуналдық қызметіне ақы төлеу үшін түрғын үй жәрдемақыларын беру ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім Шығыс Қазақстан облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2005 жылдың 1 сөуірінен іске енгізіледі.
Басқа 4. Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру
Ережесі
Тарбағатай аудандық мәслихатының
2005 жылғы 16 наурыздағы № 12-6
шешімімен бекітілген
Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру
Ережесі
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Тұрмыстық қатынастар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16-сәуірдегі № 94-1 Заңына сәйкес тұрмысы төмен отбасыларына үйді ұстауға (жеке меншік тұрғын үйді ұстаудан тыс) және үй-коммуналдық қызметті тұтынуға ақы төлеу үшін көмек көрсетіледі (бұдан ары-тұрғын үй көмегі).
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегі, өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын тұрмысы томен отбасыларына (азаматтарға) бір рет беріледі.
Тармақ 3
3. Тұрғын үй көмегі сол жерде тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иелері немесе оның жалдаушысы (жалгерлері) болып табылатын тұрмысы төмен отбасыларына берілетін атаулы әлеуметтік көмектің бір нысаны болып табылады. Тұрғын үйді бір әкімшілік- аумақтық пункт шегінде жалдайтын адам, осы пунктің басқа мекен-жайы бойынша тіркелуі мүмкін.
Тармақ 4
4. Тұрғын үй көмегі отбасының тұрғын үйді ұстау мен коммуналдык қызметтерді тұтынуға ақы төлеудің нақты шығындары осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыстар үлесінен артқанда тағайындалады.
Сондағы отбасының нақты шығындары әлеуметтік нормалардың шегінде есепке алынады.
Тармақ 5
5. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет тұтынуға ақы төлеу үшін шекті жол берілетін шығыс үлесі отбасының жиынтық кірістерінің 20 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік нормалар және тұрғын үй көмегін есептеуге алынған үйд ұстау шығындарының мөлшерін, коммуналдық қызметтерді (cyмен қамтамасыз ету, газбен қамтамасыз ету, канализация, электрмен қамтамасы ету,жылумен қамтамасыз ету, қоқыс шығару және лифтерді қамту) Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнамаларға сәйкес белгіленеді.
Тармақ 7
7. Тұрғын үй көмегін есептеу үшін алынатын барлық коммуналды қызметтерге және олардың өзгерістеріне арналған тарифтерді қызме көрсетушілер береді.
Тармақ 2. 2. Тұрғын үй көмегін беру шарттары.
2. Тұрғын үй көмегін беру шарттары.
Тармақ 8
8. Жеке меншігінде 1 бірліктен артық тұрғын үйі(үйі, пәтері) бар немес тұрғын үйін жалға (жалдауға) берген тұлға тұрғын үй көмегін алу кұқығына айырылады.
Тармақ 9
9. Жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарынд қызмет етпейтін және жұмыспен қамту қызметінде тіркелмеген адамдары отбасылардың тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ, соның ішінде 50 жасқа толғандар (жынысына қарамастан), 1-ші, 2-ші топтағы мүгедектер, күтетіндер, 16 жасқа дейінгі мүгедек-балаларды күтетіндер, 80 жаста асқандар немесе 7 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен шұғылданатында кірмейді. Жедел әскери қызметтегі әскери қызметкерлер отбасыны құрамында есептелмейді.
Тармақ 10
10. Жұмыссыздар ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасуда себепсіз бас тартса және өз еркімен қоғамдық жұмысқа, оқыту мен қаш оқытуға қатыспаса тұрғын үй көмегін алу құқығынан алты айға айырылады.
Тармақ 11
11. Тұрғын үй көмегіне өтінген кезде коммуналдық қызмет ақысы үші берешектері бар отбасыларына, қарыздарына қарамастан, ережеге сәйкес, есепке тіркеген сәттен бастап ағымды төлемдерді тұрақты төлеу шартымен тұрғын үй жәрдемақылары тағайындалады. Бұрынғы карыздарының өтелуі коммуналдық қызмет көрсетушілермен келісіледі және бақылауға алынады. Ескі қарыздың жойылуы коммуналдық қызмет көрсетушілермен келісіліі бақыланады.
Тармақ 12
12. Тоқсан сайын тұрғын үй көмегін алушыларға қайта аттестациалауды жүргізу керек. Бұл орайда, отбасының табыстары туралы анықтамалар жәіт өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанның коммуналдық қызмет ақыларының төленгені туралы түбіртектер қоса беріледі.
Тармақ 13
13. Егер отбасының ортажандық жиынтық табыстары кедейшілік белгісінің мөлшерінен төмен болса, үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке төлеу үшін тұрғын үй көмегін белгілегенде, жиынды табыс Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген уақыттың тиісті мерзімінде бір есептік көрсеткішке кемиді .
Тармақ 14
14. Жалғыз басты зейнеткерлердің, мүгедектердің, бірге тұратын жалғыз басты зейнеткерлерді, бірге тұратын зейнеткер мен мүгедекті және жалғыз тұратын ерлі-зайыпты зейнеткерлермен мүгедектердің, сондай-ақ құрамында жетім балалары бар отбасыларының құқыларын белгілеп тұрғын үй көмегін есептегенде, оларды қолдау мақсатында табыстары Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген уақыттың тиісті мерзімінде 2 есептік көрсеткішке(кемиді) реттеледі.
Тармақ 15
15. Орталықтан жылитын жеке үйде тұратын тұрмысы төмен отбасыларының тұрғын үй көмегін есептегенде, қызмет көрсетушілердің тұрғын үй көлемі әлеуметтік нормасының шегінде жоғалтылған жылудың төлемі тарифтерде есепке алынады.
Тармақ 16
16. Тұрғын үй көмегі үйлеріне жылыту мезгілінде жылу мен ыстық су қосылмаған және пәтерлері жергілікті жылыту құралдары арқылы жылитын пәтер иелеріне тағайындалады. Электр қуатының төлемі жылытумен ыстық судың, тұрғын үй көлемі нормасымен қызмет көрсетушінің тарифтеріне сәйкес, төлеміне эквивалентті есептелінеді.
Тармақ 17
17. Тұрғын үй көмегін тағайындаудан үміткер отбасыларына тұрғын үй көмегін тағайындаған кезде мына шектеулер есепке алынады:
Тармақша 1
1) үміткер заңды некеде болса, бірақ зайыбы сол мекенжай бойынша тіркелмеген болса, ерлі-зайыптылардың екеуінің де табыстары есептеледі жэне жәрдемакы өтінгеннің мекен жайы бойынша тағайындалады. Бұл мекенжай бойынша тіркелмеген зайыбы немесе жұбайы өзінің тұрғылықты жерінен жәрдемақы алмайтынын дәлелдеу керек.
Тармақша 2
2) үміткер заңды некеде болса, бірақ зайыбының қазіргі тұрғылыкты жерін білмесе(көрсетпесе) және құқық қоргау органдарына бұл туралы мәлімдемесе, жәрдемақы тагайындалмайды
Тармақша 3
3) үміткердін үйіне 18 жаска дейінгі бала тіркелген жағдайда, ол баланын ата- анасының табыстары туралы анықтаманы тапсыру кажет
Тармақша 4
4) үміткер оқу орнының күндізгі бөлімінде оқып, жалғыз тұрған жағдайда ата-анасының табыстары және олардың түрғын үй жәрдем ақыларын алулары туралы анықтаманы тапсыруы қажет
Тармақ 18
18. Тұрғын үй жәрдем ақыларын алуға үміткер немесе алушы отбасылар соны рәсімдеу үшін мынадай құжаттарды қоса берумен өтініш ұсынады, төлқұжат немесе жеке куәлік (тоқсан сайын), тұрғын үй құқығын куәландыратын құжат (жылына 1 рет, келесі жылдың аттестациясына дейін) немесе, отбасы құрамы туралы анақтама (жылына 1 рет,келесі жылдын аттестациясына дейін немесе басқа өзғерістерге дейін), отбасы табыстары (еңбекақы, жәрдемақы, зейнетақы,т.б) туралы анықтама (тоқсан сайын, талаптану айдың алдындағы 3 айға), жасқа байланысты зейнетақы (жылына бір рет және тоқсан сайынғы аттестациядан өту, сақтау кітапшасы немесе жеткізу есеп қағазы), қызмет көрсетушіден тұрғын үйге ақы төлеу туралы анықтама (жылына бір рет, келесі жылдың аттестациялауына немесе тарифтер өзгергенге дейін), барлық коммуналдық қызметке ақы төлеу туралы түбіртектер (тоқсан сайын, талаптану айдың алдындағы 3 айға) жұмыссыздарға жұмыспен қамту бөлімімен анықтама (тоқсан сайын). Жеке меншік шаруашылық туралы ақпарат (жылына Ірет немесе басқа өзгерістер болса).
Тармақ 19
19. Тапсырылған құжаттардың қорытындысы бойынша отбасына шарт- өтініш жасалады, оған тұрғын үй көмегінің есептелуі енгізіледі. Шарт өтінішке отбасы өкілінің немесе отбасының атынан сөйлейтін тұлға және құжаттарды қабылдайтын тұлғаның қолдары қойылады.
Тармақ 20
20. Өкілетті органның шешімі тұрғын үй жәрдемақысын берудің негізі болып табылады.
Тармақ 21
21. Электрмен қамтамасыз ету, газбен қамтамасыз ету, канализация, жылумен қамтамасыз ету, қоқыстарды шығару, лифтерді қамту, сумен қамтамасыз ету және тұрғын үйді пайдалану жөніндегі шығындар өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанның орташа түбіртіктері бойынша есептеледі.
Тармақ 22
22. Тұрғын үй көмегі өтініш және басқа құжаттар тапсырылған айдан бастап тағайындалады, кезекті тоқсан сайынғы қайта аттестациядан белгілі себептерге байланысты өтпегендерден басқа (өтінушінің ауыруы, курорт шипа жайда емделуіне, туысқандарының ауыруына немесе қайтыс болуына байланысты тұрғылықты жерде болмаса).
Тармақ 23
23. Тұрғын үй көмегін алушы және тұрғын үй көмегі қызметтері жасаған тізім бойынша тоқсан сайынғы аттестациядан өтетін отбасылар, құжаттарды дайындаған уақытына қарамастан, тұрғын үй жәрдемақысын сол тоқсанға алады. Тоқсан бойына графиктер бойынша қайта аттестациядан өтпеген отбасыларға тұрғын үй көмегі өтінген айдан бастап тағайындалады.
Тармақ 24
24. Тұрғын үй көмегін алушылар 10 күн ішінде түрғын үй қызметіне өз тұрғын үйінің меншік формаларын, отбасы құрамының және оның жиынтық табыстарының, статусының өзгеруі туралы хабарлауы керек.
Тармақ 25
25. Берілген ақпараттың шындығы және дұрыстығы туралы күмән пайда болса, тұрғын үй көмегін тағайындайтын қызметкер отбасы табыстары, тұрғын үй
шығындары және отбасы мүшелерінің шындық тұрғылықты жерлері ақпаратты талап етуге құқылы. Заңды және жеке тұлғалар шындық ақпарат беруге міндетті. Талаптанған құжаттар берілмеген жағдайда, тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалмайды. Тұрғын үй қызметіне алдын ала жалған мәліметтер берген үшін жалгерлер (немесе меншік үйдің иесі) құқықсыз алған сомасын өз еркімен қайтарады, ал бастартқан жағдайда- сот тәртібінде.
Тармақ 3. 3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері
3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері
Тармақ 26
26. Тұрғын үй көмегінің мөлшері жалгердің (меншік үй иесінің) өтемдік шараларымен қамтамасыз етілген нормалар шегінде үйді ұстауға және коммуналдық қызметке ақы төлеу мен отбасына осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыс деңгейінің айырымы ретінде есептеледі.
Тұрғын үй көмеғінің мөлшерін белгілеу формула:
П=МСПЖ-(t х д)
П- Тұрғын үй көмегінің мөлшері
МСПЖ- тұрғын үйге ең жоғары әлеуметтік төлем
t- тұрғын үй төлеміне нормативтік шығын (= 20 %) д- отбасының жиынтық табыстары
Тармақ 4. 4. Тұрғын үй жәрдемақыларына үміткер азаматтардың (отбасыларының)
жиынтық табысын есептеу
4. Тұрғын үй жәрдемақыларына үміткер азаматтардың (отбасыларының)
жиынтық табысын есептеу
Тармақ 27
27. Жиынтық табыстарының есептелуі отбасының табысын белгілеуге тұрғын үй жәрдемін тағайындайтын өкілетті органымен жүргізіледі.
Тармақ 28
28. Отбасының жиынтық табыстарын есептегенде табыстардың барлық түрлері тұрғын үй көмегіне өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда нақтылы алынған тұрғын үй және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, қайтыс болғандарды жерлеу мен бала туғандағы бір жолғы төлемдерден басқа есепке алынады. Отбасының табысында алынған микронесиелердің сомалары есептелінбейді. Жиынтық табыс өтінушінің алған табыстары жөнінде ұсынылған мәліметтердің негізінде есептеледі.
Тармақ 29
29. Ауылдық жерде тұратын азаматтардың қосалқы шаруашылықтан (бау бақша және бақшадан түсетін табыстарды қоспағанда) түсетін табыс бір бас ірі қара малы бар болған жағдайда тоқсанына 3(үш) есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады, егер ірі қара малы екі және одан көп болған жағдайда бес есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады.
Тармақ 30
30. Қалалардың және қалалық үлгідегі кенттердің түрғындары үшін үлкен мал басынан бір бас болғандағы жеке қосалқы шаруашылықтан табыс (саяжай учаскелерден, бау-бақшалардан түсетін табыстарды қоспағанда) тоқсанда екі есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады, үлкен мал басынан екі және одан көп бас болғанда төрт есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады.
Тармақ 31
31. Жиынтық табысты есептегенде өнімді жасқа толмаған үй малы есепке алынбайды. Жеке кәсіптік істерден, мүліктік және жер үлесінен түсетін табыстар мәлімделген болып саналады.
Тармақ 32
32. Құжаттамалы расталған табыстар түрлеріне еңбектен, зейнетақыдан, жәрдемақыдан және алименттерден түсетін табыстар жатады.
Отбасының жиынтық табысы алименттердің есебінсіз саналады, егер де төлеуші;
Тармақша 1
1) жұмыс істемейтін және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті органда жұмыссыз болып тіркелмеген (анықтама ұсынылғанда)
Тармақша 2
2) бас бостандығынан айыру жерлерінде немесе уақытша ұстау изоляторында болған (анықтама ұсынылғанда)
Тармақша 3
3) туберклез немесе психоневрологиялық диспансерлерде (стационарларда), емделу- еңбек профилакторияларында (ЕЕП) емделуде немесе есепте болған (анықтама ұсынылғанда)
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасында тиісті келісімі жоқ мемлекеттерге тұрғылықты жерлерге тұруға кеткен (анықтама ұсынылғанда) жағдайларда.
Тармақ 33
33. Ішкі істер органдары тұрғылықты жерлері бойынша тіркелген адамдарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 12.07.2000 жылғы №1063 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының тұрғындарын құжаттандыру және тіркеу ережелеріне сәйкес есептеу керек. Отбасының жиынтық табыстары өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға отбасының барлық мүшелерінің және осы мекен жай бойынша тіркелген басқа да адамдардың табыстарын қосу жолымен есептеледі.
Тармақ 34
34. Бір тоқсаннан көп мерзімге төленетін бір жолғы төлемді алғанда, жиынтық табыста барлық табыс жиынын табыс алған айлар санына бөлуден алынып және 3 айға көбейтілген табыстың жиыны есепке алынады. Егер отбасы мүшелерінің біреуі табыс есептелетін тоқсаннан аз уақыт жұмыс істесе, отбасының жиынтық табысында, оның осы тоқсанда жұмыс істеген уақыттың табысы есепке алынады.
Тармақ 35
35. Отбасының орта жандық табыстары 1 айға отбасының тоқсандық жиынтық табыстарын отбасы мүшелерінің санына және 3 айға бөлу жолымен есептеледі.
Тармақ 36
36. Өтініш берушілер ұсынған мәліметтердің сенімділігіне заңда белгіленген тәртіпте жауапты.
Тармақ 5. 5. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын тұрмысы төмен отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақыларын ұсыну тәртібі
5. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын тұрмысы төмен отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақыларын ұсыну тәртібі
Тармақ 37
37. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын тұрмысы төмен отбасыларына тұрғын үй жәрдемақысы үй иесіне, жалдаушылар тұрғын үйді жалдауға келісім-шарт болғанда беріледі.
Тармақ 38
38. Өздері жылытатын, жеке меншік үй құрылыстарында тұратын отбасыларға тұрғын үй көмегін есептеу үшін көмір шығынының әлеуметтік нормасы шығын жалпы ауданның 1 шаршы метріне 129,8 кг, бірақ бір үйге 4000 кг аспауы керек.
Тармақ 39
39. Көмірдің құнын есептеу үшін қала, аудан бойынша облыстық статистика басқармасының ұсынуымен орташа бағаны қолдану және тоқсанның соңғы айында есептелген әлеуметтік көмек мүмкіншілігіне қарау (желтоқсан, наурыз, маусым, қыркүйек).
Тармақ 40
40. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында қолданылып басқа жанармай түрлерінің қүны мен шығын нормасын, тұрғын үй көмегін көмірдің құны мен шығын нормасына эквивалента деп есептеу керек.
Тармақ 41
41. Көмірді сатып алу мезгіліне байланысты көмірдің тұрғын үйге барлық әлеуметтік шығын нормасын (көмірдің құнын) өтініш жасаған тоқсанына қарай әлеуметтік көмек есептегенде үш айға алынсын.
Тармақ 42
42. Тұрғын үй көмегін есептегенде жеке меншік үй құрлысында тұратын отбасының табысын өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептеу керек.
Тармақ 43
43. Бір үйдің бірнеше иесі болса, онда тұрғын үй көмегі әр үй иесіне (жанұяға) тағайындалады, сонымен қатар бір үйге әлеуметтік көмір нормасы әр отбасына, алып отырған ауданына байланысты сайма сай бөлінеді.
Тармақ 44
44. Электр қуаты, газ, су, қоқыс шығындарын өтініш берген тоқсанның алдындағы квитанциялардың орташаларын есептеу керек.
Тармақ 6. 6. Тұрғын үй көмегінің қаржыландыруы мен төлемі.
6. Тұрғын үй көмегінің қаржыландыруы мен төлемі.
Тармақ 45
45. Тұрғын үй көмегі қалалар мен аудандардың бюджет қаражаттарының есебінен көрсетіледі. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем ретінде тағайындалады.
Тармақ 46
46. Тұрғын үй көмегінің төлемі осы мақсаттарға жеткілікті бюджеттен бөлінген қаражаттар есебінен азаматтардың салымы бойынща шоттарына есептелу жолымен екінші деңгейдегі банкілер (бұдан әрі тиісті банкілер) арқылы жүргізіледі. Тұрғын үй көмегі төлемінің тәртібі мен шарты аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері және тиісті банкілер арасындағы жасалған агенттік келісімімен белгіленеді.
Тармақ 47
47. Тиісті банкілердің филиалдары жоқ Қазақстан Республикасының елді мекендерінде аталған төлемдер агенттік келісім негізінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен белгіленген органдар арқылы жүргізіледі.