О внесении изменений в Указы Президента Республики Казахстан, имеющие силу конституционных законов, "О Парламенте Республики Казахстан и статусе его депутатов" и "О судах и статусе судей в Республике Казахстан" Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.03.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" және "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы" конституциялық заң күші бар Жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай конституциялық заң күші бар Жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" 1995 жылғы 16 қазандағы N 2529 конституциялық заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 21, 124-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 7, 78-құжат): 30-баптың 2-тармағында: бірінші бөліктегі "Бұл ретте депутаттар коммуналдық қызмет үшін белгіленген тарифтердің елу проценті мөлшерінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және нормалар шегінде төлейді." деген сөйлем алып тасталсын; екінші бөлік алып тасталсын. 2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N 2694 конституциялық заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 23, 147-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 7, 78-құжат; N 11, 156-құжат; N 13-14, 194-құжат):
Тармақша 1
1) 66-баптың 1) тармақшасы алып тасталсын;
Тармақша 2
2) 67-баптың 5 және 6-тармақтары алып тасталсын;
Тармақша 3
3) 69-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "6. Қаза тапқан адамның отбасына немесе оның асырауындағы адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады.".