Қолданыстағы ред. 16.02.2005

Балқаш қаласы және қала маңындағы поселкелер аумағында құрылыс салу Қағидасы туралы. от 16.02.2005 г. № 17/176 (Балқаш қаласы және қала маңындағы поселкелер аумағында құрылыс салу Қағидасы туралы.)

0

Балқаш қаласы және қала маңындағы поселкелер аумағында құрылыс салу
Қағидасы туралы.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңына, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-ІІ Заңына, 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442-ІІ Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШТІ:

1

1. Балқаш қаласы және қала маңындағы поселкелер аумағында құрылыс салу туралы
Қағидасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2

2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау қалалық мәслихаттың әлеуметтік
құрылымдар, өндіріс, көлік, коммуналдық шаруашылықты дамыту және экология мен
жекешелендіру сұрақтары жөніндегі тұрақты комиссиясына (А.И.Гусевке) жүктелсін.
“КЕЛІСІЛДІ”
Балқаш қаласының
әкімінің орынбасары
А.Қуатбеков
14.01.2005ж.
Қала құрылысы және
құрылыс іс бөлімі
М.Әбеуов
14.01.2005ж.
Қалалық жер ресурстарын
басқару жөніндегі комитет
С.Мусин
14.01.2005ж.
Қоршаған ортаны қорғау
бөлімі
Р.Машурбекова
14.01.2005ж.

3

Қосымша
Қалалық мәслихаттың
2005 жылғы 16 ақпандағы
№17/176 шешімімен
бекітілген
Балқаш қаласы және қала маңындағы кенттер аумағында құрылыс салу
Қағидасы
Балқаш қаласы және қала маңындағы кенттер аумағында құрылыс салу қағидалары (бұдан әрі Қағида) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-ІІ «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңдарының, 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442-ІІ Қазақстан Республикасының Жер кодексі, 2002 жылғы 13 желтоқсандағы № 1313 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Жаңа объектілер салуға және қолда бар объектілерді өзгертуге рұқсат беретін рәсімдерді өткізу Ережесі» негізінде дайындалып, жасалды.

1. 1. Жалпы қағидалар

1. Жалпы қағидалар

1. 1. Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

1. Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

1

1. Сәулет қызметі (бұдан әрі – сәулет) – объектінің ішкі және сыртқы келбетін жасаудың, құрылысқа арналған (реконструкциялау, қалпына келтіру) жобалау құжаттамасының сәулет бөлігінде кеңістікті, композициялық, көлемдік-жоспарлық және қызметтік ұйымдастырудың шығармашылық процессін, жобаны іске асыру кезінде авторлық қадағалау жүргізуді қамтитын сәулет объектілерін жасау жөніндегі қызмет.

2

2. Сәулет-жоспарлау тапсырмасы – объектінің мақсатына, негізгі параметрлеріне және оны нақты жер учаскесіне (алаңға, трассаға) орналастыруға қойылатын талаптар кешені, сондай-ақ жобалау мен құрылысқа қойылатын, осы елді мекен үшін қала құрылысының регламенттерімен белгіленетін міндетті талаптар, шарттар мен шектеулер. Бұл орайда түсі жөніндегі шешім мен үйлердің (ғимараттардың) қасбеттерін әрлеу материалдарын пайдалану, көлемдік-кеңістіктегі шешім бойынша талаптар белгілеуге жол берілмейді.

3

3. Елді мекеннің бас жоспары – қаланы, кентті, ауылды (селоны) не басқа да қонысты дамыту мен салуды кешенді жоспарлаудың қала құрылысы жобасы, онда аймақтарға бөлуді, оның аумағының жоспарлы құрылымы мен жұмыс істеуін ұйымдастыру, көлік және инженерлік коммуникациялар, көгалдандыру мен абаттандыру жүйелері белгіленеді.

4

4. Объектінің бас жоспары – құрылыс объектісі (үй, ғимарат, кешен) жобасының оны аумаққа (учаскеге) орналастыру, көлік коммуникацияларын, инженерлік желілерді төсеу (жүргізу), учаскені инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, шаруашылық қызметін көрсетуді ұйымдастыру мәселелерін және жобаланып отырған объектінің орналасатын жеріне байланысты өзге де іс-шараларды кешенді шешу қамтылатын бөлігі.

5

5. Қала құрылысы қызметі (бұдан әрі – қала құрылысы) – ұйымдардың қала құрылысын жоспарлау және аумақтар мен елді мекендерді дамыту, аумақтарды қала құрылысына пайдалану түрлерін анықтау, қала құрылысы кеңістігін қалыптастырудың, қала құрылысы құжаттамасының барлық шектес бөлімдерін үйлестіруді қамтитын қалалар мен селолық елді мекендерді кешенді жоспарлау жөніндегі қызмет.

6

6. Қала құрылысы және сәулет-құралас құжаттамасы – аумақтарды ұйымдастыру, аумақтар мен елді мекендерді дамыту мен қала құрылысын салуды жоспарлау, объектілерді салу (кеңейту, жаңғырту, техникамен қайта жарақтандыру, реконструкциялау, қалпына келтіру, күрделі жөндеу, уақытша тоқтатып қою және кейіннен кәдеге жарату), сондай-ақ құрылысты ұйымдастыру, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру, көгалдандыру, сыртқы безендіру үшін қажетті (жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын, мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттарды қоса алғанда) өзара байланысты құжаттардың жүйесі.

7

7. Қалалық аймақтарға бөлу – елді мекеннің аумағын олардың жұмыс істейтін мақсатына сәйкес бөлу (тұрғын үй, қоғамдық, өнеркәсіптік, рекреациялық және өзге де функционалдық аймақтар).

8

8. Қызыл сызық – кварталдың, шағын аудандардың, елді мекенерді жоспарлау құрылымындағы өзге элементтердің аумақтарын көшеден (жолдардан, алаңдардан) бөліп тұратын шекара. Әдетте қызыл сызық құрылыс шекарасын реттеу үшін қолданылады.

9

9. Құрылыс алуды реттейтін сызық (құрылыс салу сызығы) – қызыл және сары сызықтардан немесе жер учаскелері шекарасынан шегіндіре отырып, үйлерді (ғимраттарды, құрылыстарды) орналастыру кезінде белгіленген құрылыс салу шекарасы.

10

10. Қабылдау комиссиясы – объектінің (кешеннің) дайындығына кешенді тексеру, технологиялық жабдықтар мен инженерлік жүйелерге бақылаушылық сынақ жүргізетін және салынған объектіні пайдалануға қабылдайтын уақытша алқалы орган.

11

11. Жоба – жеке және заңды тұлғалардың немесе мемлекеттің сәулет, қала құрылысы және құрылыс құжаттамасы (сызбалар, графикалық және мәтіндік материалдар, инженерлік және сметалық есептеулер) нысанында ұсынған, адамның мекендеуі мен тіршілік етуінің қажетті жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі түпкі ойы.

12

12. Жобалау құжаттамасы мыналарды қамтиды:

1

1) қала құрылысының жобалары – аумақтар мен елді мекендерді немесе олардың бөліктерін ұйымдастыруды, дамыту мен салуды кешенді қала құрылысына жоспарлау жөніндегі түпкі ойдан (Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы, аумақты дамытудың аймақаралық схемалары, аумақтарды қала құрылысына жоспарлаудың кешенді схемалары, елді мекендердің бас жоспарлары, нақты жоспарлау, өнеркәсіп аймақтарын жоспарлау жобалары, құрылыс салу жобалары, объектілер мен кешендердің бас жоспарлары, абаттандыру және көгалдандыру жобалары, өзге де жоспарлау жобалары) тұратын жобалар;

2

2) сәулет жобасы – жобалауға сәулетшінің қатысуы қажет болатын ғимарат (монумент) тұрғызудың сәулеттік түпкі ойы бар жеке жоба немесе объектінің сәулет-көркемдік, композициялық және көлемдік-жоспарлау шешімдерін қамтитын, әлеуметтік, экономикалық, функционалдық, технологиялық, инженерлік-техникалық, өртке қарсы, жарылысқа қарсы, санитарлық-гигиеналық, экологиялық және өзге де талаптарды ескеретін және құрылыс жобасы немесе құрылыс объектісіне арналған өзге де құжаттаманы әзірлеу үшін қажетті көлемде орындалған жобалау (жобалау-смета) құжаттамасының бір бөлігі;

3

3) құрылыс жобасы (құрылыстық жоба) - көлемдік - жоспарлық, конструкциялық, технологиялық, инженерлік, табиғат қорғау, экономикалық және өзге де шешімдерді қамтитын жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы, сондай-ақ құрылысты ұйымдастыру мен жүргізуге, аумақты инженерлік жағынан дайындауға, абаттандыруға арналған сметалық есептеулер. Құрылыс жобаларына аяқталмаған объектілер құрылысын уақытша тоқтатып

қою және өз ресурсын тауысқан объектілерді кейіннен кәдеге жарату жобалары да жатады;

4

4) аумақты көгалдандыру, сыртқы безендіру, монументтік немесе әшекей өнер туындыларын орналастыру және орнату (тұрғызу) жобалары.

13

13. Санитариялық-қорғаныш аймағы – арнаулы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ өнеркәсіп орындары мен елді мекендегі басқа да өндірістік, коммуналдық және қоймалық объектілерді жақын маңдағы қоныстану аумақтарынан, тұрғын үй, азаматтық мақсаттағы үйлер мен ғимараттардан оларға қолайсыз факторлардың әсер етуін әлсірету мақсатында бөліп тұратын аумақ.

14

14. Қоныстану аумағы – тұрғын үй, қоғамдық (қоғамдық-іскерлік) және рекреациялық аймақтарды, сондай-ақ инженерлік және көлік инфрақұрылымдарының жекелеген бөліктерін, басқа да объектілерді орналастыруға арналған, орналастыруы мен қызметі санитариялық-қорғаныш аймақтарын талап ететіндей әсер етпейтін елді мекен аумағының бір бөлігі.

15

15. Құрылыс қызметі (бұдан әрі – құрылыс) – жаңа объектілер салу және (немесе) бар объектілерді (үйлерді, ғимараттар мен олардың кешендерін, коммуникацияларды) өзгерту (кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, реконструкциялау, қалпына келтіру, күрделі жөндеу), олармен байланысты технологиялық және инженерлік жабдықтарды монтаждау (бөлшектеу), құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларын дайындау (өндіру), сондай-ақ аяқталмаған объектілер құрылысын тоқтатып қою мен өз ресурстарын тауысқан объектілерді кейіннен кәдеге жарату жұмыстарын жүзеге асыру жолымен өндірістік және өндірістік емес негізгі қорларды құру жөніндегі қызмет.

16

16. Құрылыс-монтаж жұмыстары – құрылыс қызметі, ол:

1

1) жер жұмыстарын және топырақтағы арнаулы жұмыстарды;

2

2) үйлер мен ғимараттардың (оның ішінде көпірлер, көлік эстакадалары, тоннельдер мен метрополитендер, жол құбыры, труба құбыры, өзге де жасанды құрылыстар) тіреу және (немесе) қоршау конструкцияларын салуды;

3

3) желілік құрылыстарды төсеу жөніндегі арнаулы құрылыс және монтаж жұмыстарын;

4

4) сыртқы инженерлік желілер мен құрылыстар, сондай-ақ ішкі инженерлік жүйелер құруды;

5

5) конструкциялар мен жабдықтарды қорғау және өңдеу жөніндегі жұмыстарды;

6

6) автомобиль жолы және темір жол құрылысын;

7

7) технологиялық жабдықтарды монтаждау (бөлшектеу), іске қосу-жөндеу жөніндегі жұмыстарды қамтиды.

17

17. Техногендік әсер ету – халыққа, елді мекендерге не қонысаралық аумақтарға, әдетте, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың болуы қатерін төндірмей немесе қатер төндіре отырып, адамның шаруашылық қызметі нәтижесінде туындаған жағымсыз немесе зиянды (қауіпті) әсер ету.

2. 2. Жеке және заңды тұлғалардың жер учаскелерін пайдалануда қала құрылысы талаптарын сақтауын қамтамасыз ету

2. Жеке және заңды тұлғалардың жер учаскелерін пайдалануда қала
құрылысы талаптарын сақтауын қамтамасыз ету

18

18. Заңды және жеке тұлғаларға жер учаскелерін беру қала құрылысын салудың бас жоспарына сәйкес және қала құрылысын салуға арналған жоспарланған жоба негізінде жүргізіледі.

19

19. Құрылыс салуды жүргізу және жер учаскелерін пайдалану кезінде тиісінше жер учаскелерінің меншік иелері, пайдаланушылары (жалгері) болып табылатын жеке және заңды тұлғалар жұмыстарды қала құрылысы регламентіне, құрылыс салудың ережелеріне сәйкес жылжымайтын мүлік объектілерін пайдалану ережелерін, сондай-ақ жоспарлау жобаларымен белгіленген қызыл сызықтарды сақтай отырып жүргізеді.

3. 3. Қала және қала маңындағы кенттер аумағы құрылысын жүргізуді жүзеге асыру кезіндегі жеке және заңды тұлғалардың міндеттері

3. Қала және қала маңындағы кенттер аумағы құрылысын жүргізуді жүзеге
асыру кезіндегі жеке және заңды тұлғалардың міндеттері

20

20. Жеке және заңды тұлғалар:

1

1) өмір сүру, тіршілік ету ортасын қорғауға;

2

2) құрылыс салуды жобаларға сәйкес жүзеге асыруға;

3

3) қоршаған табиғи ортаға, тарихи және мәдениет ескерткіштеріне, қалалық және табиғи ландшафтқа, инженерлік, көлік инфрақұрылымдарының және аумақты абаттандыру объектілеріне зиянды әсер ететін, үшінші тұлғалардың заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін және іргелес жер учаскелері мен басқа да жылжымайтын мүлік объектілерінің иегерлері, жалгерлері немесе пайдаланушыларының өз құқықтарын жүзеге асыруға кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасамауға;

4

4) жер учаскелерінде үйлер, ғимараттар, құрылыстарды және басқа жылжымайтын мүлік объектілерін ұстап тұру мен жер учаскелерін абаттандыру жұмыстарын сәулет-қала құрылысы құжаттамаларына, құрылыс нормалары мен ережелеріне, экологиялық, санитариялық, өртке қарсы және басқа да арнаулы нормативтерге сәйкес жүргізуге;

5

5) қала құрылысы саласында бақылау жасаушы мемлекеттік органдардың нұсқамаларын орындауға;

6

6) қала құрылысы саласында бақылау жасаушы мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына ықпал етуге.

4. 4. Жеке және заңды тұлғалардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілігі

4. Жеке және заңды тұлғалардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс
қызметі туралы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілігі

21

21. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңдарда берілген нормалар мен талаптарды (шарттарды, ережелерді, шектеулерді) бұзуға жол берген оның субъектілері Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жауаптылыққа тартылады.
Аталған талап бұзушылыққа мыналар жатады:

1

1) сәулет, қала құрылысы және (немесе) құрылыс қызметіне жататын жобалау-іздену, сараптама, құрылыс-монтаж жұмыстарының, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру жөніндегі жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) лицензияланатын түрлетін лицензиясыз жүзеге асыру;

2

2) аумақтардың, қала құрылысы регламентінің бекітілген жұмыс істеу мақсатынан, қала құрылысын ерекше реттеу аймақтарында белгіленген режимнен ауытқу;

3

3) қала құрылысы мақсаттарына арналған жер учаскелерін таңдау мен берудің (пайдалануға рұқсат етудің), сондай-ақ алып қоюдың белгіленген тәртібінен ауытқу;

4

4) қала құрылысы, сәулет-құрылыс және өзге де жобалау (жобалау-смета) құжаттамасын әзірлеудің, келісудің, сараптамадан өткізудің және бекітудің белгіленген тәртібінен ауытқу, нақ сол сияқты заңдарда белгіленген тәртіппен бекітілген құжаттамадан ауытқу не бекіткен инстанцияның рұқсатынсыз оған өзгерістер егізу;

5

5) заңдарда белгіленген тәртіппен рұқсат алмай құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу;

6

6) осы Заңда міндеттілігі көзделген жағдайды, құрылысты сәулет-құрылыс бақылауын, техникалық және авторлық қадағалауларды қатар жүргізбей жүзеге асыру;

7

7) өз бетінше құрылыс салу, нақ сол сияқты үйлердің, жекелеген үй-жайлардың және немесе үй бөліктерінің сәулеттік келбетін өзгерту, қайта жоспарлау (қайта жабдықтау, қайта бейімдеу);

8

8) елді мекендерді жоспарлау мен салу кезінде сейсмикалық қауіптілігі жоғары аймақтарда белгіленген сызықтар мен құрылыс салу сызықтарынан, сондай-ақ сары сызықтардан ауытқу;

9

9) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы, сондай-ақ объектіні салу және кейіннен пайдалану процесінде еңбек қорғау, өрт және жарылыс қауіпсіздігі, санитариялық және экологиялық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік нормативтерді сақтамау;

10

10) құрылысы аяқталған объектілерді қабылдау мен пайдалануға берудің, сондай-ақ пайдалану процесінде оларды күтіп-ұстаудың заңдарда белгіленген тәртібін бұзу;

11

11) лауазымды адамдардың елді мекендерді (елді мекеннің бөліктерін) жоспарлауға және салуға (реконструкциялауға) байланысты шешімдердің әзірленуі мен қабылдануы, жобаланып отырған объектілер туралы, сондай-ақ мекендейтін және тіршілік ететін ортаның жай-күйі мен оған қоғамдық және жеке мүдделерді тікелей қозғайтын, көзделіп отырған өзгерістер туралы ақпарат беруден негізсіз бас тартуы не жалған ақпарат беруі;

12

12) мекендеу және тіршілік ету ортасының жай-күйінің нашарлануына, азаматтар мен тұтас алғанда қоғамның құқықтарына және заңды мүдделеріне нұқсан келтіруге, Қазақстан Республикасының заң актілеріне көзделген жауаптылыққа әкеп соғатын мемлекеттік мүдделерге зиян келтіруге себеп болатын өзге де әрекеттер.

22

22. Жіберілген жолсыздықты және оның зардаптарын жою, сондай-ақ келтірілген залалдың (зиянның) орнын толтыру жөніндегі міндеттер аталған жолсыздыққа жол берген субъектіге жүктеледі.

23

23. Сәулет, қала құрылысы және (немесе) құрылыс қызметі субъектілерінің жол берген бұзушылықтары салдарынан салынған объектіні пайдаланудың кепілді мерзімін сақтамау фактілері Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің Ерекше бөлімінің нормаларына сәйкес белгіленеді.

5. 5. Балқаш қаласының қалақұрылысы және құрылыс бөлімінің құзіреті

5. Балқаш қаласының қалақұрылысы және құрылыс бөлімінің құзіреті

24

24. Балқаш қаласының қалақұрылысы және құрылыс бөлімінің құзіретіне:

1

1) Балқаш қаласы және қала маңындағы кенттер аумағында мемлекеттік сәулет, қала құрылысы және құрылыс саясатын жүргізу;

2

2) қала аумағы мен қала маңы аймағында қала құрылысын игеру кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңдар нормаларының, мемлекеттік нормативтердің және заңдарда белгіленген тәртіппен бекітілген сәулет, қала құрылысы, құрылыс құжаттамасы мен өзге де жобалау құжаттамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;

3

3) бекітілген қала құрылысы құжаттамасына сәйкес құрылыс жобаларын, қала құрылысы тәртібін, құрылыс салудың қалалық ережелерін іске асыруды қадағалауды жүзеге асыру;

4

4) қала әкіміне объектілер мен кешендерді орналастыру, қала құрылысы мақсатына арналған жер учаскелерін таңдау және беру, ал керекті жағдайларда оларды мемлекет қажеттері үшін алып қою жөнінде ұсыныстар дайындау;

5

5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мәселелері бойынша жобаларға мемлекеттік сараптау жүргізудің, мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясының республикалық және аумақтық бөлімшелерімен және лицензиялау органдарымен өзара іс-қимыл жасау;

6

6) тиісті деңгейде мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу;

7

7) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңдарға қайшы келмейтін, осы органдар туралы ережелерде белгіленген міндеттерді атқару жатады.

25

25. Сәулет-қала құрылысы қызметінің субъектілерінің сәулет және қала құрылысы жөніндегі заңдарды, сәулет-қалақұрылысы қызмет саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарын, осы ережелерді бұзғаны үшін және бекітілген сәулет-қалақұрылысы құжаттамасын сақтамағаны үшін қалақұрылысы және құрылыс бөлімі органы:

1

1) жолсыздықтарды жоюға ұйғарым беруге;

2

2) объектілер мен кешендердің құрылысын уақытша тоқтатуға;

6. 6. Мемлекеттік қалақұрылысы кадастрының мақсаты және сәулет, қала құрылысы және құрылысы және құрылыс қызметі объектілерінің мониторингі

6. Мемлекеттік қалақұрылысы кадастрының мақсаты және
сәулет, қала құрылысы және құрылысы және құрылыс қызметі
объектілерінің мониторингі

26

26. Мемлекеттік қалақұрылысы кадастры – қала аумағының құрылысын салуды, оның ішінде жылжымайтын объектілерін өзгертуді жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтердің мемлекеттік ақпараттық жүйесі.
Мемлекеттік қала құрылысының кадастры Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілері жөніндегі ақпаратты жинаудың, өңдеудің, есепке алудың, тіркеудің, сақтау мен табыс етудің Қазақстан Республикасы үшін бірыңғай жүйесі бойынша жүргізіледі.

27

27. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры үшін:

1

1) орталық және жергілікті атқарушы органдар, қалақұрылысы және құрылыс бөлімдері, тұрғын үй және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық органдары, мемлекеттік мүлік пен жекешелендіруді, статистиканы, жер ресурстарын, геодезия және картографияны, сәулет-құрылыс бақылауын аумақтық басқару органдары;

2

2) жылжымайтын мүлікті тіркеу, техникалық түгендеу және бағалау қызметтері;

3

3) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау, қоршаған орта мен табиғи ресурстарды қорғау қызметтері;

4

4) тарихи және мәдени мұраның пайдаланылуына бақылау жасау қызметтері;

5

5) жердің, судың және басқа да салалық кадастрлардың, тіркемелердің деректері, өзге де деректер банктері бастапқы ақпарат (мәлімет) көздері болып табылады.

28

28. 26-ші тармақта көрсетілген көздердің бастапқы ақпараттары (мәліметтері) мемлекеттік қала құрылысы кадастры үшін ақысыз беріледі.

29

29. Жергілікті атқарушы органы (сәулет және қала құрылысының жергілікті органы, мемлекеттік қала құрылысы кадастры қызметі) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттарын, анықтамаларын, басқа да мәліметтерін 26-ші тармақта көрсетілген мемлекеттік органдарға, өзге де заңды тұлғаларға, сондай-ақ салық органдарына тегін береді. Оларды көбейтуге немесе басқа адамдарға беруге рұқсат етілмейді.

30

30. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының мемлекеттік, конфиденциялдық және коммерциялық құпияларды құрайтын мәліметтерден басқа мәліметтерді жеке және заңды тұлғалар үшін жалпыға ортақ болып табылады және сәулет-қала құрылысы қызметін басқару жөніндегі республикалық Мемлекеттік органы белгіленген тәртіппен беріледі.

31

31. Қала аумағында құрылыс салу мониторингі – жылжымайтын мүлік объектілерінің жағдайы және өзгерісін бақылау жүйесі, ол тіршілік ететін жағдайын зерттеу арқылы бірыңғай әдістеме бойынша жүргізіледі.

32

32. Қала аумағында құрылыс салу мониторингінің мәліметтері Мемлекеттік құрылыс салу кадастрына енгізуге жатады.

7. 7. Қала құрылысы саласындағы сервитуттар

7. Қала құрылысы саласындағы сервитуттар

33

33. Қала құрылысында жылжымайтын мүлік объектілеріне қатысты көпшілік және жекеше сервитуттар белгіленуі мүмкін.

34

34. Көпшілік сервитуты бекітілген қала құрылысы жобасы негізінде мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделермен (қала магистралдары мен көшелерін салу және кеңейту, инженерлік құрылыстарды салу, негізгі қала құрылысы желілерін құрау және тағы басқа) ұштасқан жағдайларда қала әкімінің нормативтік және құқықтық актілерімен белгіленеді.

35

35. Жекеше сервитуттар қала құрылысы саласында бөтен (көршілес) жер учаскелерін, басқа да жылжымайтын мүлік объектілерін пайдалануда шектеу қою мақсатында, мынадай жағдайларды қамтамасыз ету үшін белгілену мүмкін:

1

1) егер жеке меншік иесінің немесе жер пайдаланушының өз учаскесіне басқа жолмен өтуі мүмкін болмаса, өте қиын болса немесе шамадан тыс шығындарды керек етсе, көрші немесе өзге де жер учаскесі арқылыжаяу және көлікпен жүріп өтуді; жер учаскелері арқылы өту, жол салу;

2

2) көрші немесе өзге де учаскеге сервитут белгіленбейінше қамтамасыз етуге болмайтын, электр таратудың, байланыстың қажетті желілерін тартуды және пайдалануды, сумен, субұрғышпен, жылумен жабдықтауды, мелиорацияны және жеке меншік иесінің немесе жер пайдаланушының басқа да қажеттерін қамтамасыз ету үшін белгіленуі мүмкін.

36

36. Жекеше сервитуттарды белгілеу және тоқтату тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленеді.

2. 2. Балқаш қаласы және қала маңындағы кенттер аумағында құрылыс салудың тәртібі

2. Балқаш қаласы және қала маңындағы кенттер аумағында құрылыс салудың тәртібі

1. 1. Аумақта құрылыс салуға қойылатын жалпы талаптар

1. Аумақта құрылыс салуға қойылатын жалпы талаптар

37

37. Балқаш қаласының және қала маңындағы кенттер аумағында құрылыс салу тәртібі қолданыстағы 2001 жылға 16 шілдедегі № 242-ІІ Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының, құрылыс нормалары мен ережелерінің базасында жасалынды және қала және қала маңындағы кенттер аумағында сәуле-қала құрылысы қызметін жүзегеасыру бағытында Балқаш қаласының атқарушы органының шешімдеріне негізделеді.

38

38. Қала және қала маңындағы кенттер аумағында құрылыс салу тәртібін Балқаш қаласының және қала маңындағы кенттер аумағындасәулет-қала құрылысы қызметін жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғалардың орындауы, олардың ведомстволық тәуелділігі мен меншік түрінеқарамастан, міндетті болып табылады.

39

39. Құрылыс салу тәртібі Қазақстан Республикасының аумағында қолданылып жүрген жобалау және құрылысты жүргізу нормативтері мен ережелерді ескере отырып, қолданылады.

40

40. Балқаш қаласы мен жақын орналасқан кенттерде құрылыс салу Балқаш қаласын дамытуға арналып даярланған және бекітілген бас жоспарға сай, қаланың бас жоспарының құрамдас бөлігі болып табылатын қоршаған ортаны қорғау аумақтық сызбасын есепке ала отырып, қала ауданының жобаланған жерлерінде, ңақтыланған жоспар бойынша жүргізілуі қажет.

41

41. Балқаш қаласының және қала маңындағы кенттер аумағында құрылыс салудың барлық түрлері белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғаларға қаланың атқарушы органы – қала құрылысы және құрылыс бөлімнің рұқсат ететін құжаттары бойынша жүзеге асырылады.

42

42. Рұқсат ету құжаттары төмендегі жобалау және құрылыс жұмыстарының түрлеріне беріледі:

1

1) жаңа құрылысын жүргізуге, реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайтадан жабдықтауға (олардың нәтижесінде түрлі мақсаттарға арналған үйлер, ғимараттар мен кешендердің конструкциялық өзгерістері мен күрделі жөндеуі асырылады);

2

2) тарихи, археология, мәдиниет және сәулет ескерткіштеріне жатқызылған объектілер мен ғимараттарды күрделі жөндеуден өткізуге, реставрациялауға, қорғаныс аймақтарын анықтауға;

3

3) жер асты және жер бетіндегі инженерлік коммуникация мен құрылыстарды, автомагистральдарды және жол желілерін, көшелерді, жүргінші жолдарын, көлік құрылыстарын, теміржол торабы мен құрылыстарын, қоғамдық көлік аялдамаларын жаңадан салуға, реконструкциялауға, техникалық қайтадан жабдықтауға және күрделі жөндеуден өткізуге;

4

4) түрлі бағыттағы алаңдарды, парктерді және басқа көгалдандыру аймақтарын, бассейндер мен фонтандарды, қоршаулар мен шағын сәулет нысандарын, көше құрылыстарын және кешендерін, жарықтандыруды, көрнекі жарнама түрлерін, ақпарат қондырғылары мен көше көрсеткіштерін және аумақтық қоғамдық орындарың аумақтарын абаттандыру бойынша басқа да құрылыстарды жаңадан салуға, реконструкциялауға және күрделі жөндеуден өткізуге;

5

5) геотехникалық зерттеулер үшін жер қабаттарын бұрғылауға және қазуға, түрлі мақсаттағы карьерлерді дайындауға және скважиналарды бұрғылауға;

6

6) табиғат ландшафтарын қалпына келтіруге;

7

7) уақытша салынатын объектілерді – павильондарды, дүңгіршектерді, жазғы алаңдарды, базарларды, автотұрақтарды, көлікжайларды, жанар-жағар май станцияларын, автомобильдерді техникалық байқаудан өткізу және диагностикалау орындарын, түрлі бағыттағы қосымша құрылыстар мен ғимараттарды, қоршауларды, уақытша инженерлік желілерді, көше жарықтарын және қала инфрақұрылымының басқа да объектілерін орналастыру және абаттандыруға;

8

8) құрылыстарды және жасыл алқаптарды алуға, аумақты жобалау бойынша жер жұмыстары, ғимараттардың, құрылыстардың және үйлердің сыртқы және ішкі арқау қабырғаларын бұзып алу, негізгі жүргіншілер учаскелері мен алаңдарын асфальттау, бетондау мен тротуарлық плиталарды төсеу және олардың нәтижесінде объектінің функционалдық пайдаланулары мен сыртқы параметрлері өзгеретін басқа да жұмыс түрлерін жүргізуге;

9

9) фасадтардың жабулары мен түстерін өзгертуге.

43

43. Рұқсат ету құжаттарысыз қала құрылыс және құрылыс бөлімнің міндетті бақылаумен, төмендегідей құрылыс жұмыстары орындалды:

1

1) конфигурацияларын, түсін және жабу типін өзгертпей шатырларды жөндеу;

2

2) көлемі мен формаларын өзгертпей столярлық бұйымдарды ауыстыру;

3

3) мерекелік бұқаралық шараларды өткізу кезеңінде тұрғындарға қызмет көрсету үшін уақытша, орны ауыстырылып отыратын сауда нүктелерін орналастыру;

4

4) ғимараттар және (немесе) үйлерді конструкциялық тұрғыда өзгертпей ішкі коммуникацияларды ауыстыру және реокнструкциялау.

2. 2. Балқаш қаласы және қала маңындағы кенттер аумағында құрылыс және реконструкция объектілерін жобалау

2. Балқаш қаласы және қала маңындағы кенттер аумағында құрылыс және реконструкция объектілерін жобалау

44

44. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі “Лицензиялау туралы” Заңына сәйкес қала және қала маңындағы кенттер аумағында жобалау және құрылыс жұмыстарын жүзеге асырушы немесе осыған ниеттенуші жеке және заңды тұлғалар, меншік нысанына және ведомстволық тәуелдігіне қарамастан, аталған жұмыс түріне лицензия алуға тиіс.

45

45. Жаңа құрылысты, реконструкциялауды (реставрация, кеңейту, күрделі жөндеуден өткізу, техникалық қайтадан жабдықтау) және объектілерді абаттандыруды жобалау, оған рұқсат беретін Балқаш қаласы әкімиятының қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

46

46. Жобалау құжаттамаларын дайындау қала құрылыс және құрылыс бөлімі ьеретін сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес және соның негізінде орындалады. Сәулет-жоспарлау тапсырмасына түрлі мақсаттағы объектілерді, табиғи-климаттық және қала салу шарттарын ескере отырып, сонымен бірге абаттандыру және конструкциялық шешімдерге сәйкес, жобалау бойынша жалпы кепілдемелер; фасадтар мен ішкі үй-жайларды, шатыр және жабынды алаңдарының ұсақ-түйек жұмыстарын; атмосфералық шөгінділерді шатырлардан және объектіге жақын жатқан аумақтардан ағызып жіберу жүйелерін; аумақты көгалдандыру және абаттандыру; көшелердің адамдар жүретін жерлері мен тротуарларды көркемдеу; шағын сәулет нысандарын; сыртқы жарнамаларды; тәуліктің түңгі кезеңдерінде жарықтандыруды қазіргі заманғы құрылыс және жөндеу материалдарын пайдалана отырып жүзеге асыруы кіреді.

47

47. Дайындалған жоба сәулет-жоспарлаутапсырмасының негізгі талаптары мен кепілдемелеріне сәйкес келуге тиіс. Жобалық жұмыстар сәулет-жоспарлау тапсыпмалары талаптарынан ауытқып кеткен жағдайда жеке және заңды тұлғалар ол жөнінде жобаны түпкілікті келісуге ұсынғанға дейін қала құрылыс және құрылыс бөліммен келісіп алуға міндетті.

48

48. Дайындалған жоба мемлекеттік сараптама органының қарауына ұсынылады. Жоба құрылыс нормаларынан, сәулет-жоспарлау тапсырмалары талаптары мен кепілдемелерінен ауытқып кеткен жағдайда, жетілдіруге ескертпе жасай отырып, кері қайтарылады және белгіленген тәртіппен қайтадан қаралады.

49

49. Жер учаскесін пайдалану немесе меншік иесі құқығы үшін, жылжымайтын мүлік объектісін тиісті функционалдық-мақсаттық бағытын белгілей отырып, қалақұрылыс және құрылыс бөліммен келісілген жоба Акт алуға кепілдеме болып табылады.

3. 3. Балқаш қаласы және қала маңындағы кенттерде жер участкелерін пайдалану және ресімдеуге қала құрылысы талаптары

3. Балқаш қаласы және қала маңындағы кенттерде жер участкелерін пайдалану және ресімдеуге қала құрылысы талаптары

50

50. Жер учаскелері құрылыс жүргізу үшін берілген кезде оларды пайдалану үшін қала құрылысы талаптар қаланың бас жобасы, жоспарлау жобасы, сол сияқты функционалдық-қала құрылысы аймақтарға бөлу жоспары және Балқаш қаласы және қала маңындағы кенттер аумағында құрылыс салу ережелері ескеріліп қойылады.

51

51. Қала және қала маңындағы кенттерде жер учаскелерін объектілер құрылысы үшін беру Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

52

52. Объектінің құрылысын жүргізу үшін сұралған жер берілген жағдайда қала құрылыс және құрылыс бөлімі құрылыс объектісіне бастапқы-рұқсат ету құжаттамасын әзірлейді, онда мыналар көрсетіледі:

1

1) жер учаскесінің орналасқан жері;

2

2) жоспарлау жобасына және аумақта құрылыс салу жобасына сәйкес жер учаскесінің шекара жобасы (объектіні орналастыру кестесі);

3

3) жер учаскесін мақсатты пайдалануға рұқсат;

4

4) жер учаскесін инженерлік, көлік және әлеуметтік инфрақұрылымдар объектілерімен қамтамасыз ету.

53

53. Тапсырыс берушінің (салушы) келісімімен жыложымайтын мүлік объектілерін жобалау, құрылыс жүргізу және (немесе) реконструкциялау үшін жер учаскесін таңдау жөнінде бастапқы-рұқсат ету құжаттамасының пакеті әзірленеді.

54

54. Егерде салынып жатқан немесе реконструкцияланатын объектінің ерекше қала құрыдлысы маңызы бар болса немесе ерекше қала құрылысы бақылау аймағында орналасатын болса (қосымшаны қараңыз), онда жоба сәулет-қала құрылысы кеңесінде (оның құрамын қала әкімі бекітеді) қосымша келісілуден өтеді, егерде объекті көркемдік тақырыпта болса (скульптура, монумент, бюст және басқалары) онда Көркемдік кеңестің назарына ұсынылады.

55

55. Жер учаскесін бөлу немесе оның шекараларын, параметрлерін өзгерту кезінде қыхыл сызықтар, құрылыс салуды реттейтін сызықтар және қала құрылысы регламенттерінің талаптары сақталады. Жылжымайтын мүлік объектілері бөлінетін болса олардың бөліктерінің дербес жылжымайтын мүлік объектілері ретінде жұмыс істеуі үшін жағдайлар қамтамасыз етілуі тиіс.

4. 4. Құрылысқа рұқсат беру

4. Құрылысқа рұқсат беру

56

56. Құрылысқа рұқсат беру – меншік иесінің, пайдаланушының немесе жалдаушының жер учаскесінде құрылыс салуға, ғимарат пен құрылым салуға, реконструкциялауға, жабдықтауға, аумақты абаттандыруға меншік құқығын куәландырылатын құжат.

57

57. Құрылыс салуға рұқсатты қала әкімі береді; құрылыс-монтаж жұмыстарына ынталы жеке және заңды тұлғалардың олардың жер учаскесіне құқығын куәландырылатын құжаттары мен бекітілген жобалауқұжаттары көрсетілген өтініші бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы (МСҚИ) рұқсат береді.

58

58. Құрылысқа берілетін рұқсат және жобалау құжаттарын бекіту қала құрылыс және құрылыс бөлімде тіркелуге жатады.

59

59. Қала құрылыс және құрылыс бөлім ьекіткен талаптарға сәйкес құрылыс салуға рұқсат алғандағы жөніндегі нақты ақпаратты тапсырыс беруші (құрылыс салушы) азаматтар мен заңды тұлғаларға тапсырады. Тапсырыс беруші құрылыстың басталу мерзімі туралы ақпаратты қала құрылысы және құрылыс бөлімге беруге міндетті.

60

60. Егерде жылжымайтын мүлік объектілердің салу және қайта жабдықтау қонструктивтік және басқадай сенімді мінездемелерді және ғимарат, құрылыстар, құрылыс қауіпсіздігін қажет етпеген жағдайда, сол сияқты құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру үшін қажет уақытшағимараттар, салынымдар мен құрылыстар орнатқан жағдайда құрылыс салуға рұқсаттың қажеті жоқ.

61

61. Жылжымайтын мүлікке меншік құқығы ауысқан жағдайда оны салуға рұқсат күші сақталады. Құрылыс салуға берілетін бұл рұқсат қайта тіркеуден өтуге жатады.

62

62. Қоршаған орта мен халық денсаулығына әсер ететін объектілерді салу алдында, құрылыс алаңын тандау алдында, жобаны ортаны қорғау органымен келісіп қажет.
Егер бұндай объектілер адамдар орналасқан аумақта салынатын болса, оның қызметі ол аудандағы тұрғын үй мен мәдени ошақтарға кәрі әсерін тигізеді деп есептелінетін болса, құрылысты бастамас бұрын сол аудан тұрғын дарымен кездесу өткізіп, келісімін алу қажет.

63

63. Жылжымайтын мүлік объектісін салу және рекоснтрукциялай жұмыстарына, сол сияқты қала құрылыс регламентінің, құрылыс нормалары мен ережелерінің сақтаалуына бақылау жасау Балқаш қаласының қала құрылысы және құрылыс бөлімге жүктеледі.

5. 5. Объектілерді салу

5. Объектілерді салу

64

64. Құрылыстың тиісті кезеңдерінде осы Қағида көрсетілген талаптар сақталып, процедуралары орындалуы қажет.

65

65. Қандай да болмасын объекті (уақытша салынымдар, тұрғын үй, маусымдық жұмыстар үшін тұрмысытық үйлер, шаруашылық-тұрмыстық салынымдар және жеке мекен-жай учаскелері аумақтарын абаттандыру, сол сияқты саябақ, бақ және бақшалық учаскелерді есептемегенде) құрылысын жүзеге асыруды көздеген нақты тапсырыс беруші (жеке немесе заңды тұлға), жергілікті атқарушы органнан құрылыс салуға жер учаскесін уақытша пайдалану жөніндегі шешім немесе өзіне қарасты учаскені құрылысқа пайдалану жөнінде рұқсат беретін шешім (келісім) алуға міндетті.

66

66. Қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығына кері әсерін тигізетін құрылысты бастар алдында жобалық материалдарға мемлекеттік экологиялық сараптама өткізіп, егер комиссия шешімі оң баға берсе құрылысты бастау керек.

67

67. Тапсырыс берушінің қажетті құжаттарды тапсырған бойы мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясының органы жұмысты бастауға және объектіні сыртқа шығаруға рұқсат береді (жыл сайын осы шешімнің мерзімі ұзартылады).

68

68. Жеке және заңды тұлғалар құрылыс ұйымдарының өкілдерімен бірге қала құрылыс және құрылыс бөлімде объектіні немесе кешенді сыртқа шығару үшін тиісті құжаттарды рәсімдейді және оның сақталуына жауапкершілікте болады.

69

69. Құрылыс жұмыстарының өндірісіне рұқсатты бар жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органына объекті құрылысының басталуы туралы хабарлайды. Жұмыстар қала құрылыс және құрылыс бөліммен ьекітілген құрылыс мерзімі белгіленген жобаға сәйкес жүзеге асырылады.
Құрылыс кезінде жобаны бұзған және құрылыс-монтаж жөндеу жұмыстарының сапасын бұзған жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

70

70. Объектілер мен кешендердің құрылысы жүрген маңындағы аумақтың, ғимараттар мен құрылымдардың тіршілік етеуінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тиімды технологиялық процесті ұйымдастыру, құрылыстың эстетикалық көрінісін қамтамасыз ету мақсатында міндетті түрде құрылыс алаңының абаттандыруы көзделу қажет – қоршауларды және салынып жатқан объекті жөніндегі ақпарат қалқандарын орнату, оларға баратын жолдар, жаяу жүретін жолдар, көліктерді жуатын орындарды ұйымдастыру және басқа шаралар құрылыстың бас жоспары мен жұмыс өндірісі жобасына сәйкес жүргізіледі.

71

71. Объекті мен кешен құрылысы аяқталғаннан кейін тапсырыс берушілер объектіні пайдалануға қабылдау алдында қала құрылыс және құрылыс бөлімге орындау топографиялық түсірілімді тапсыруға міндетті.

6. 6. Аяқталған құрылыс объектілерін қабылдау

6. Аяқталған құрылыс объектілерін қабылдау

72

72. Құрылысы ақталған, реконструкцияланған, кеңейтілген, техникалық қайта жабдықталған, қайта жөндеуден өткен және күрделі жөндеу жүргізілген объекті мен кешенді пайдалануға қабылдауды белгіленгін тәртіпте мемлекеттік қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.
Тапсырыс берушілер Мемлекеттік актіні толтырмай тұрып, қаланың құрылыс ұйымды және қызметтерімен бірігіп төмендегі құжаттарды дайындайды:
Аралық қабылдау актілері;
Жабық жұмыстарға актілер;
Жабдықтарды тексеру актілері;
Құрылыс материалдарды мен құрылымдарының паспорттары мен сертификаттары;
Жобалау құжаттамасына сараптама қорытындысы.

73

73. Объектілер мен кешендерді пайдалануға қаблдау қаланың атқару органдары бекітетін Мемлекеттік комиссия актісімен ресімделеді.

74

74. Объектінің пайдалануға қабылдау жөніндегі Мемлекеттік комиссия актісінің бір данасын тапсырушы қала құрылыс және құрылыс бөлімге тапсыруға міндетті.

3. 3. Балқаш қаласы және қала маңындағы кенттер аумағындағы құрылысты реттеу

3. Балқаш қаласы және қала маңындағы кенттер аумағындағы құрылысты реттеу

1. 1. Балқаш қаласы және қала маңындағы кенттер аумағын аймақтарға бөлу

1. Балқаш қаласы және қала маңындағы кенттер аумағын аймақтарға бөлу

75

75. Балқаш қаласы және қала маңындағы кенттердің бас жоспары (дамыту және құрылыс салу схемалары) аумақты аймақтарға бөлуді көздеуге, жекелеген функционалдық аймақтарды нақты аумағын пайдалану түрілерін айқындауға, олардың пайдаланылуына шектеу белгілеуге және:

1

1) адам мекендейтін және тіршілік ететін қолайлы ортаны;

2

2) халқтың және өндірістің шектен тыс шоғырлануын болғызбауды;

3

3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қоса алғанда, қоршаған ортаны ластанудан қорғауды;

4

4) тарихи және мәдени мұра объектілері мәртебесі бар аумақтарды бар аумақтарды қоғауды;

5

5) аумақтарды антропогендік (техногендік) процестердің және төтенше жағдайлардың қаупті (зиянды) әсерінен қорғауды;

6

6) қолайсыз табиғи құбылыстардың әсерін азайтуды қамтамасыз етуге тиіс.

76

76. Белгіленген функционалдық аймақтардың аумақтарын пайдалануды шектеу және оларды түрлері туралы деректер аумақтарға құрылыс салу ережелеріне енгізіледі.

77

77. Әкімшілік-аумақтық құрылыстағы рәліне, әлеуметтік-экономикалық жағдайлары мен өндірістік-шаруашылық мамандандырылуына қарай Балқаш қаласы және қала маңындағы кенттердің аумағы функционалдық аймақтардың мынадай түрлері:

1

1) тұрғын аймақтар;

2

2) қоғамдық (қоғамдық-іскерлік) аймақтар;

3

3) сауықтыру және рекреациялық аймақтар, тарихи-мәдени мақсаттағы аймақтар;

4

4) инженерлік және көлік инфрақұрылымдары аймақтары;

5

5) ортақ пайдаланудағы жерлер;

6

6) өнеркәсіп (өндіріс) аймақтары;

7

7) арнаулы мақсаттағы аймақтар;

8

8) режимдік аумақтар аймақтары;

9

9) қала маңындағы аймақтар;

10

10) санитарлық-қорғаныш аймақтарды;

11

11) резервтегі аймақтар (қала құрылысы ресурстары) белгіленуі мүмкін.

78

78. Қоныстану аумағы – тұрғын, қоғамдық (қоғамдық-іскерлік), сауықтыру және рекреациялық аймақтарды және ортақ пайдаланудағы жерлерді (гүлзарлар, саябақтар, бульварлар және т.б,), сондай-ақ жекелеген инженерлік және көлік инфрақұрылымдарын, қызметтері арнайы санитарлық-қорғаныш аймақтарын талап етпейтін басқа да объектілерді (жанар-жағар құятын станцияларды қоспағанда) орналастыруға арналған Балқаш қаласы және қала маңындағы кенттер аумағының бір бөлігі.

2. 2. Тұрғын аймақта құрылыс салу

2. Тұрғын аймақта құрылыс салу

79

79. Балқаш қаласы және қала маңындағы кенттердің тұрғын аумақтары құрылымдық-жоспарлау жағынан қаланың бас жоспарымен бекітілетін қала жолдарының қызыл сызықтырымен шектелген тұрғын үйлер топтары, тұрғын үй кварталдары, шағын аудандар, тұрғын үй аудандары түрінде қалыптасады.

80

80. Жаңа тұрғын үй құрылысында үй маңындағы абатталған аумақтары және учаскелері бар жеке тұрғын үйлерден құрылатын және қала құрылысы кешендері арқылы тұрғын ортаны қалыптастыру көзделу тиіс. Бұл кешендер құрылыс салудың қайсы бір түріне болсын экономика жағынан негізделген тіршілік етудің қолайлы жағдайларын, тұрғындарға көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің кепілді минимумын, инженерлік қамтамасыз етудің жоғарға деңгейін, дамытылған көлік инфрақұрылымын қамтамасыз ету қажет.

81

81. Тұрғын аумақтарда құрылыс салу сәулет-қала құрылыс құжаттамасының объектіні орналастыру жобасы мен бас жоспардың негізінде жүзеге асырылады.
Тұрғын аумақтарды жобалау және тұрғын үйлерді орналастыру кезінде олар орналасқан жер учаскелері мен үйлерді күтіп ұстау және оларға қызмет көрсету мақсатымен көп қабатты үйлердің тұрғылықты және тұрғылықсыз үй-жайлар иелерінің кондоминиумдарын келешекте құру мүмкіндігін қарастыру қажет.

82

82. Тұрғын аумақтардың аула кеңістігін абаттандыруын жобалау кезінде санитариялық және өртке қарсы талаптарды ескеріп үстіне балалардың ойын, спорт және шаруашылық алаңдарын орналастыру, жер асты кеңістігін көлікжайлар және инженерлік құрылымдар үшін пайдалануға болады.
Аула кеңістігі элементтерін орналастыру үшін тиісті шаршы алаң есебі қолданыстағы нормативтер мен сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес саналады.

83

83. Балқаш қаласы және қала маңындағы кенттердің тұрғын аймағы жеке тұрған (немесе) және тұрғын үйге жапсарлас салынған медициналық
қызмет көрсету, сауда, әлеуметтік-тұрмыстық және мәдени-ағарту бағытындағы объектілермен, сондай-ақ инженерлік және көлік инфрақұрылымдар объектілерімен қамтамасыз етілуі тиіс (қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізетін жанар-жағар май станциялары, көлік жуу орындары, көліктерді ұзақ мерзімге қоятын көлік тұрақтарын қоспағанда).

84

84. Тұрғын аймақ қонақ үйлер, көп қабатты жер асты және жер асты және жер үстіндегі көлікжайлар, сондай-ақ тамақ өнеркәсібінің шағын өндірістік объектілері, санитарлық-қорғау аймақтарының орналасуын қажет етпейтін және қоршаған ортаға әсерін тигізбейтін қызметтерді орналастыруға рұқсат беріледі.

85

85. Қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізетін тұрғын аймақта стационарлық және контейнерлік жанар-жағар май станцияларын, автосервис объектілерін, көлік жуу орындарын, көліктерді ұзақ мерзімге қоятын көлік тұрақтарын, күрделі салынған көлікжайларды, өндірістік ғимараттар мен объектілерді орналастыруға және салуға рұқсат берілмейді (көлікжайларға арнайы бөлінген жерлерден басқа).

3. 3. Қоғамдық (қоғамдық-іскерлік) аймақтарда құрылыс салу

3. Қоғамдық (қоғамдық-іскерлік) аймақтарда құрылыс салу

86

86. Балқаш қаласы және қала маңындағы кенттердің қоғамдық (қоғамдық-іскерлік) аймағы әкімшілік, ғылыми-зерттеу, қоғамдық мекемелерді және олардың кешендерін, қонақ үйлер мен қонақ үй кешендерін, іскерлік және қаржылық белсенділік орталықтарын, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, коммерциялық қызмет, сауда және қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету объектілерін, аталған объектілердің жанынан ашық көлік тұрақтарын, жер бетіндегі және жер астындағы көлікжайларды, санитариялық және экологиялық қорғаныш жөніндегі арнаулы іс-шараларды талап етпейтін басқа да үйлер мен ғимараттарды орналастыруға арналады.

87

87. Қоғамдық (қоғамдық-іскерлік) аймақта орналастыруға рұқсат етілген объектілер тізбесіне тұрғын үй-жайлар (үйлер) енгізілуі мүмкін.

4. 4. Сауықтыру, рекреациялық аймақтарда және ортақ пайдалану аумақтарында құрылыс салу

4. Сауықтыру, рекреациялық аймақтарда және ортақ пайдалану аумақтарында құрылыс салу

88

88. Сауықтыру және рекреациялық аймақтар хайуанаттар парктерін, технопарктерді, автопарктерді, өзге де демалыс орындарын, сондай-ақ бос уақытты өткізу және (немесе) сауықтыру мақсатындағы үйлер мен ғимараттарды қамтиды.

89

89. Ортақ пайдаланудағы жерлерге алаңдар, көшелер, өтпе жолдар, жолдар, тротуарлар, және де қалалық саябақтар, гүлзарлар, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және өзге де объектілер орналасқан және соларды орналастыруға арналған жерлер.

90

90. Жалпы пайдаланымдағы жерден жер учаскесі алынбайды. Жер учаскесін қысқа мерзімге жалға беру шартымен жалпы пайдаланымдағы жер үшін зиян келтірмейтін жеңіл түрдегі павильондар, шағын маркеттер, сауда палаткалары, жарнама қондырғылары мен уақытша қонақжай көлік тұрақтары мен басқа да қызмет көрсететін сервисобъектілерін салуға жол беріледі.

91

91. Жалпы пайдаланымдағы жерге техногендік сипаттағы стационарлық жанар-жағар май құю станциялары, газды станциялар, көлікке техникалық қызмет көрсету станциялары, көлік жуу орындары, шиномонтаждау шеберханаларын, күрделі көлікжайлар, өнеркәсіптік ғимараттар мен объектілер және мерзімді көлік тұрақтарын орналастыруға тыйым салынады.

5. 5. Резервтегі аумақтарда (қала құрылысы ресурстары) құрылыс салу

5. Резервтегі аумақтарда (қала құрылысы ресурстары) құрылыс салу

92

92. Резервтегі аумақтар Балқаш қаласы және қала маңындағы кенттерді дамытуға немесе аймақаралық аумақтарды игеруге (жайғастыруға) арналған қала құрылысы ресурстары болып табылады.

93

93. Резервтік аумақтар (қала құрылысы ресурстары) осы ережелермен белгіленіп, аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемалары мен Балқаш қаласының және олардың функционалдық аймақтарының бас жоспарлары құрамында бекітіледі.

94

94. Балқаш қаласы және қала маңындағы кенттердің қала құрылысы ресурстарында белгіленген аумақтарды олардың мақсатына сәйкес Балқаш қаласы мен оның бөліктерінің дамуына қарай ғана резервке алынуға және пайдалануға тиіс.

95

95. Резервтегі аумақтар, егер мұндай пайданалаудың әдісі мен режимі елді мекені немесе оның бөлігін жоспарланған перспективалы дамытуға кедергі жасамайтын болса, бекітілген қала құрылысы құжаттамасында көзделмеген мақстарға пайдаланалудың мүмкін.

96

96. Қала құрылысынң ерекше реттелетін аймақтары шекараларындағы резервтегі аумақтарды пайдалану аталған аймақтар үшін белгіленген режимге сәйкес жүзеге асырылады.

97

97. Резервтегі аумақтар орналасқан жер учаскелері жалпы пайдаланымдағы жерден шығарылмайды. Жеңілдетілген түрде мынандай құрылыстарды салуға болады: жер учаскелерін қысқа мерзімде жалға берілген жағдайда, оны орналастыру жалпы пайдалану үшін зиян келтірмейтін павильондар, сауда палаткалары, жарнамалық құрылыстар, уақытша қонақжай көлік тұрақтары және басқа да сервис объектілерді.

98

98. Резервтегі аумақ жерлерінде Балқаш қаласының бас жоспарында қарастырылмаған ғимараттарды (орналастыруы жер учаскесін жеке меншікке бекітуге әкеліп соғатын), сол сияқты техногендік сипаттағы өндірісті станционарлық жанар-жағар май құю с танцияларын, газ құю станцияларын, техникалық қызмет ету станцияларын, көліктерді жуу пунктерін, күрделі жөндеу жүргізетін көлікжайларды, өндіріс ғимараттары мен объектілерін (бас жоспарда қарастырылмаған) орналастыфруға тыйым салынады.

6. 6. Жеке (мекен –жай) құрылыс салу аумағын ұйымдастыру

6. Жеке (мекен –жай) құрылыс салу аумағын ұйымдастыру

99

99. Жеке (мекен-жай) құрылыс салуға мекен –жайын (коттеджді) қоршау жасап құрылыс салу жатады, онда әрбір тұрғын үй (пәтер) өз мекен –жайына қарасты жер учаскесіне ие болады.

100

100. Жеке аз қабатты құрылыс салу аударының тұрғын көшелері “қызыл” сызықтарда 12 метрден кем емес, жүретін жол-7 метрден кем болмауы керек.
Тұйық жолдардың ұзындығы 100 метр және алаңдардың айналмаларымен аяқталады.

101

101. Жеке аз кабатты құрылыс салу аудандарында төмендегілер болуы тиіс:

1

1) әлеуметтік-тұрмыстық бағыттағы объектілерді орналастыру үшін аумақты резервтеу;

2

2) көше-жол жүйелерін және инженерлік инфрақұрылымдарың құрылысын жүргізу.

102

102. Инженерлік жабдықтаулар жеке және кварталдағы автономдық құрылыстар ретінде, сондай-ақ орталықтандырылған қалалық жүйелерге қосатындай болуы қажет.

7. 7. Жеке құрылыс (мекен-жай) салуды жобалау

7. Жеке құрылыс (мекен-жай) салуды жобалау

103

103. Жеке құрылыс салу аудандарындағы сәулеттік келбеті, оның жобалау құрылымы, үйлердің үлгісі, қабаты, қасбеттерінің сәулеттік және түрлі- түсті бояуы және оларды аббатандыру Балқаш қаласының құрылыс және сәулет істері жөніндегі бөлімнің сәулет-жобалау тапсырмасына сәйкес жасалған осы ауданңың құрылыс жобасымен белгіленеді.

104

104. Жеке тұрғын үйді жобалау және құрылысын жүргізу құрылыс нормаларына және аумақта құрылыс салу ережелеріне сәйкес белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

105

105. Жеке құрылыс салу аудандарында құрылыс және сәулет істері жөніндегі бөлімнің бекіткен жоспарына сәйкес шаруашылық құрылыстары мен үй ауласындағы әжетханаларды салуға рухсат беріледі.

106

106. Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер учаскесінің мөлшері қаланың бекітілген Бас жоспарына сәйкес белгіленеді.

107

107. Жер учаскесіне объектілерді орналыстырған кезде, оны салушы жобада (объектінің бас жоспарында) көрсетілген қызыл сызықтармен құрылыс салуды реттейтін сызықтарды бұзбауға міндетті.

108

108. Қызыл сызықтарды және құрылыс салуды реттейтін сызықтарды бұзған тұлғалар Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленетін тәртіп бойынша жауапкершілікке тартылады.

8. 8. Тұрғын және тұрғылықсыз үй- жайларды реконстукциялау

8. Тұрғын және тұрғылықсыз үй- жайларды реконстукциялау

109

109. Тұрғылықсыз үй- жайларға реконструкциялау барлық тұрғын үйлерде құрылыс нормалары мен ережелерін сақтау шартымен рұқсат етіледі.

110

110. Тұрғын және тұрғылықсыз үй- жайды реконструкциядан өткізу кезінде жайдың параметрлері мен конструкциялық шешімдері өзгеретін жағдайда жайдың иесі қала әкіміне реконструкция өткізуге рұқсат беру туралы өтініш береді. Өтініште реконструкциядан кейінгі үй-жайдың пайдалану мақсаты көрсетілу тиіс.
Қала құрылыс және құрылыс бөлімі белгіленген тәртіп бойынша үй-жайдың реконструкциясын жүргізу жобасын дайындайды.

111

111. Үй-жайды реконструкциялауға рұқсат алғаннан кейін меншік иесі заңмен белгіленген ретте жобасын жасауға және мемлекеттік сараптау органының қорытындысын алуға міндетті, одан кейін мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат береді.

112

112. Тұрғын үйде кафе (бар, кішкене асхана) орналастырған көршіліс пәтерлердің қабырғалары мен төбелерін қалындатып, жоғарғы дыбыстың деңгейін төмендету мақсатында жұмыстарын және жұмыс мерзімі 23-00 сағатқа дейін шектелуі тиіс.

113

113. Көп қабатты тұрғын үйлерде бильярд залдарын орналастыруға тыйым салынсын.

114

114. Тұрғын және тұрғылықсыз үй-жайларды реконструкциялау кезінде қойылатын талаптарды бұзған меншік иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

115

115. Тұрғын және тұрғылықсыз үй-жайлардың реконструкциясы аяқталуынан соң белгіленген тәртіп бойынша объектіні пайдалануға қабылдау жөнінде акті ресімделеді.

9. 9. Инженерлік жүйелер мен құрылыстарды жобалау.

9. Инженерлік жүйелер мен құрылыстарды жобалау.

116

116. Магистралдық инженерлік жүйелер мен құрылыстарды жобалау қалалық мекемелер мен қызметтердің тапсырысы бойынша жүзеге асырылады.
Балқаш қаласы және қала маңындағы кенттерде магистралдық инженерлік жүйелер мен құрылымдар құрылымына ынта білдіруші жеке және заңды тұлғалар келешекте қаланың тиісті қызметтерінің балансына беруін көздеп, оның жобасы мен құрылысына тапсырыс беруші бола алады.

117

117. Объектілердің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін алаң ішіндегі және ажыратқыш инженерлік жүйелерді, сондай-ақ ұзындығына қарамастан ғимараттар мен құрылыстар ішіндегі жүйелерді жобалау қаланың инженерлік қызметтердің техникалық шарттарына сәйкес салушылар тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады.
Инженерлік жүйелер мен құрылыстардың жобалауын тиісті лицензиясы бар жеке тұлғалар мен жобалау ұйымдары жүзеге асырады.

118

118. Барлық деңгейдегі және түрдегі инженерлік жүйелер жобасы 1:500 масштабында қазіргі заманғы және толық көлемдегі топогеодезиялық негізде орындалуы тиіс. Инженерлік жүйелердің жасалған жобасы қала құрылысы және құрылыс бөліммен міндетті түрде келісілуі тиіс. Инженерлік құрылыстардың жобасы (насосты, қосалқы станция және басқа объектілер) белгіленген тәртіпте сараптама органымен келісіледі.

119

119. Тапсырыс берушіде келісілген жобалау құжаттамасы бар болса инженерлік жүйелер мен құрылыстарды салу жұмыстарына әр учаскеге және әр жүйеге рұқсатты мемлекеттік сәулет- құрылыс инспекциясы береді.

120

120. Жұмысты бастауға қала құрылыс және құрылыс бөлімнің рұқсатымен қатар асфальтті-бетон жабындыларын ашумен және сондай-ақ көркейту элементтерін бұзумен байлынысты жұмыстар болған кезде қала әкім апаратының инженерлік- техникалық бөлімнен ордер алу талап етіледі.

121

121. Инженерлік жүйелер мен құрылыстардың салуы аяқталысымен топырақпен жаппай тұрып құрылыс және сәулет істері жөніндегі бөлімге инженерлік жүйелердің (құрылыстың) жаңадан салынған учаскесіне геодезиялық түсіріс жүргізуге салушы немесе құрылыс ұйымы өтініш жасауға міндетті.

122

122. Жаңадан салынған инженерлік жүйелер (құрылыстар) құрылыс және сәулет істері жөніндегі бөлімінде тіркелей қаланың инженерлік қызметтерінің пайдалануына қабылданбайды.

123

123. Қала құрылыс және құрылыс бөлімнің рұқсатынсыз жұмыс істеген немесе жобалау құжаттарының келісімінсіз инженерлік жүйелер мен құрылыстарды жөндеу және олардың құрылысын жүргізетін құрылыс мекемелері қолданыстағы заңға сәйкес әкімшілік жазаға тартылады.

10. 10. Инженерлік жүйелер және құрылымдар құрылыс мен жөндеу жөніндегі жұмыстардың өндіріс тәртібі.

10. Инженерлік жүйелер және құрылымдар құрылыс мен жөндеу жөніндегі жұмыстардың өндіріс тәртібі.

124

124. Инженерлік жүйелер мен құрылыстардың зияндауынан қажетті алдын-алу мен сақтық шараларын қолдану үшін өндіріске жауаптылар жұмыс басталмай тұрып орнына ынта білдіруші мекемелер мен қызметтердің өкілдерін шақырып, олармен бірігіп қолданыстағы жүйелер мен құрылымдары дұрыс орналастыруға және олардың толық сақталуына шара қолдануға міндетті.
Ынта білдіруші мекемелер басшылары жұмысты өндіруге өздерінің өкілдерінің баруын қамтамасыз етеді және жұмысты өндіру кезінде олардың жүйелері мен құрылымдарының сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасап жазбаша нұсқау береді.

125

125. Жұмыс өндірісіне жауапты тұлға жұмыс басталғанға дейін төмендегілерді орындауға міндетті:
қазылған жердің шекарасы бойымен қоршау және белгіленген үлгідегі (құрылыс нормалары мен ережелерге сәйкес) ескертетін жол белгілерін орнату;
жаяу жүретін жерлерде жаяу жүргіштерге ұстайтын тұтқалары бар көпірлер дайындап, түнңің кезіндеқазылған учаскелердің жарықтандыруын қамтамасыз ету;
механизмдер жұмыс істеп жатқан аймақта жасыл желектердің болған кезде, олоардың өміріне қауіп төндірмей жабық қалқандармен қоршау.
Жолдардың жабылуын талап ететін қазу жұмыстары кезінде тиісті белгілермен айналып өту белгісі анық жазылуы тиісті.

126

126. Жол жабындыларын ұтымды сақтауға кепілдік беретін алдын ала дайындықсыз траншеяларды жасауға тыйым салынады.

127

127. Құрылыс, инженерлік жүйелерді және жабдықтарды жөндеу жұмыстары басталғанша жұмыс істейтін жерге материалдарды жеткізуге рұқсат етіледі.

128

128. Көшелерде, алаңдарда және басқа да көркейтілген аумақтарда жер асты коммуникацияларын төсеу үшін траншеяларды және котловандарды қазу төмендегі талаптарды сақтаумен жүзеге асырылады.

1

1) жұмыс өндіру жобасына сәйкес қысқа учаскелер бойынша жүзеге асырылады;

2

2) келесі учаскедегі жұмысты бастауға бұрыңғы учаскедегі жұмыс аяқталғанңаң соң, оны қалпына келтіру және аумақты жинау жұмыстарын кейін ғана рұқсат береді;

3

3) траншеялар мен котловандардан шығарылған топырақ жұмыс орнына шығарылып тасталуы қажет;

4

4) траншеяларды қайта төсеу гравирлық қоспамен тығыздалып жабылуы қажет;

5

5) көше бойынша магистралдық инженерлік жүйелерді төсеу кезінде, асфальтті-бетон жабындасының ені 4-7 м, ал асфальтті- бетон жабындысы барлық жолдың ені бойынша қалпына келтіріледі, ал 7 м ені болған кезінде асфальтті –бетон жабындысын қалпына келтіру құрылыс механизмінің жұмысы аймағында траншея бойынша орындалады.

6

6) Тротуар бойынша 1,5-2 м асфальтті –бетон жабындысымен телефон канализациясын, электрікабелін және басқа да инженерлік жүйелерді төсеу кезінде асфальтті бетон жабындысы тротуарлардың барлық ені бойынша қалпына келтіреді.

129

129. Траншеяларды жөндеуді аяқтағаннаң кейін жұмыс өндірісіне жауапты тұлға инженерлік жүйе жобасы бойынша траншеяларды әзірлеуге сәйкес қала құрылыс және құрылыс бөлімнің сәулет бақылау бөлімінің өкілімен келісуге міндетті және осы келісімді актімен ресімдейді.

130

130. Құрылыс монтаж жұмыстарының өндірісі және аяқталуы кезінде инженерлік жүйелер жобаларының сәйкес келмеуі кезінде құрылыс және сәулет істері жөніндегі бөлімнің сәулет бақылау бөлімімен осы жүйелерді төсеуге нұсқау беріледі. Инженерлік жүйелерді қайта орналастыру мен олардың жабдықтары үшін шыққан шығын осы жұмысты жүргізген мекеме есебінен жобаға сәйкес орындалады.

131

131. Қара жолдарды қазу кезінде осы қазу жұмысын жүргізген мекеме жұмыс аяқталған соң топырақты қайтадан тығыздап жабуға міндетті. Егер топырақты тығыздап жабу мүмкіндігі болмаған жағдайда қайтадан “тығыздалмайтын” топырақпен орындасын.

132

132. Егер инженерлік жүйелер төсемдері орындарындағы асфальтті-бетон жабындысының үстінгі қабатының бұзылуы немесе жарылуы кезінде мекеме қала құрылысы және құрылыс бөлімі белгілеген мерзімде асфальтті-бетон жабындысын қайтадан қалпына келтіруге міндетті.

133

133. Инженерлік жүйелер мен құрылыс монтажы аяқталғаннаң кейін топырақпен жабу алдында құрылыс мекемесі құрылыс және сәулет істері жөніндегі комитетке орындалу түсірулерін жасауға өтініш береді.
Люктары мен құдықтары бар коммуникациялардың орындалу түсірілімдері (бұрылыс бұрыштары жоқ тіке учаскелерде) траншеяларды топырақпен көмуден кейін және сыртқы көркейту элементтерін толық қалпына келтіргеннен кейін асырылады.
Орындалу түсілімдерін орындауға өтінішке қоса трасса осінің профилі мен алғашқы бөлулері келтірген инженерлік жүйе жобасы беріледі.

134

134. Барлық инженерлік жүйелердің және олардың құрылымдарының орындалу түсілімдерін тек қана қала құрылыс және құрылыс бөлімнің өндіріс тобы жүргізеді. Орындалу сызбасы инженерлік жүйе мен құрылымдардың паспорты болып табылады және салынып жатқан объектінің жабдық геодезиялық түсірілімі негізінде жоспар мен профильден турады.

135

135. Аяқталған инженерлік жүйелердің құрылысын пайдалануға қабылдануын мемлекеттік немесе жұмыс комиссиялары жүзеге асырады, оларға тапсырыс берушінің, инженерлік жабдықтар мен инженерлік жүйелер бөлімінің, бас мердігер, қосымша мердігер мекемелерінің, жобалау мекемелерінің, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылаудың өкілдері және қажет етілсе басқа да ынта білдіруші ұыймдар.

136

136. Өткізілген құжаттарды қарап, комиссия салынған құрылысты тексеріп, төмендегілерді белгілейді:

1

1) орындау сызбаларына мен орындалған жұмыстардың сәйкестігі:

2

2) орындалған жұмыстың сапасы:

3

3) аяқталмаған жұмыстар.
Аяқталмаған жұмыстарды аяқтағаннаң кейін комиссия инженерлік жүйелерді тұрақты пайдалануға қабылдайды.

137

137. Инженерлік жүйелерді пайдалануға қабылдау барлық жұмыстардың аяқталуы, оған люктарды, құдықтарды және көркейту элементтерін толық қалпына келтірумен байланысты барлық жұмыстар біткеннен кейін жүргізіледі.

138

138. Қала орамы ішіндегі және аумақтардағы көше құдықтары, жылу камералары, люктардың жағдайына осы инженерлік жүйелерді пайдаланушы вадомстволар мен мекемелер жауапты.

139

139. Құрылыс және сәулет істері жөніндегі бөлімде тіркелген және пайдалануға қабылданған жобадан ауытқып салынған ғимараттар мен құрылымдардың құрылысы жүрген кезінде, сондай-ақ қалалық аумақтардағы инженерлік жер асты жүйелерін аббатандыру жұмыстары кезінде табылған жүйені пайдалануға қабылданған ұйым есебінен төсеу жүзеге асырылады.

11. 11. Инженерлік жүйелердің аварияларын жою жөніндегі қалпына келтіру жұмыстары.

11. Инженерлік жүйелердің аварияларын жою жөніндегі қалпына келтіру жұмыстары.

140

140. Өндірістің тоқтауына және қайғылы оқиғаның себебі болған жерасты инженерлік жүйелері мен құрылыстар зақымдануы кезінде ұйымның басшылығы мен басқа да құзырлы өкілдері осы құрылысты пайдаланатын ұйым апат туралы сигналды алғаннаң бастап, төмендегілерге міндетті:

1

1) зақымданған инженерлік жүйелерді ажырату және қайта қосу үшін жауапты тұлғалармен авариялық бригаданы шұғыл шақыруы тиіс;

2

2) авария туралы қалалық қала және құрылыс бөлімге, инженерлік-техникалық бөлімге, сыртқы инженерлік жүйелерді пайдаланушы ұйымына, Балқаш қаласының жол полициясына, сондай-ақ авария болған жерде аралас жер асты шаруашылығы бар басқа да мекемелерге хабарлау.
Ескерту:Егер ірі авария түнгі мезгілде болса, телефонхат қала әкімі аппаратының кезекшісіне беріледі.

141

141. Қаланың техникалық инспекциясы мен жол полициясы авария туралы хабарды алғаннаң кейін, егер аварияны жою жөніндегі жұмыс кезінде жол жабу қажет болса, өздерінің жауапты адамдарын авария болған жерге белгілі мерзімге аварияны жойғанға дейін жолды жабу туралы мәселені шешу үшін жібереді.

142

142. Аварияны жою жөніндегі жұмыс инженерлік жүйелер мен құрылыстарда зақым жіберген ұйымға жүктеледі.
Аварияны жою жөніндегі жұмысты өндірудін барлық жағдайында жұмысты жүргізуші ұйым, жұмысты тоқтатпай, мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясынан жұмысқа рұқсат алуға міндетті.

143

143. Егер жер асты құрылыстары жарамсыз немесе олардың орнына басқа құрылыстар болса, онда бірінші құрылыс пайдаланудан алынып тасталады және топырақтан бөлек алынуға тиіс.

144

144. Пайдаланудан шыққан жер асты құрылымдарын қазып алып тастау белгіленген тәртіпке сай, сәулет-құрылыс инспекциясына ордер алғаннан соң атқарылады.

12. 12. Жол-көше жүйелерін және көлік құрылымдарын жобалау.

12. Жол-көше жүйелерін және көлік құрылымдарын жобалау.

145

145. Балқаш қаласы және қала маңындағы кенттерде көше-жол жүйелерін және көлік құрылымдарының құрылысына ынталы (қонақжай көлік тұрақтарын) заңды және жеке тұлғалар (тапсырыс беруші) көрсетілген объектілер құрылысы мен жобалауға рұқсат беру туралы қала әкімі аппаратына өтініш береді.

146

146. Көше-жол жүйелері мен көлік құрылымдарының құрылыстарына жасалған жобалау құжаттары Балқаш қалалық ішкі істер бөлімінің жол полициясы бөлімінің міндетті келісімімен және жобаларды сараптайтын органда (қонақжай көлік тұрағынан басқалары), сондай-ақ қажет болған кезінде басқа да қалалық мекемелер мен қызметтермен келісіледі.

13. 13. Балқаш қаласының аумағында сауда павильондары мен дүңгіршектерді орналастыру.

13. Балқаш қаласының аумағында сауда павильондары мен дүңгіршектерді орналастыру.

147

147. Қала және маңындағы кенттердің сәулеттік келбетін қалыптастыру, сақтау және көшелерді дұрыс санитариялық, эстетикалық түрде күтіп ұстау мақсатында қала территроиясында жаңа сауда дүңгіршектерді орнату атқарушы органның сауда дүңгіршектері мен павильондарының орналасу схемасына сәйкес көшіру үлгісіне сай жүзеге асырылады (оларды орналастыру ерекше қала құрылысын бақылау аймағында шектеледі).

148

148. Дислокация схемасына сәйкес орналастырылған жұмыс істеп тұрған дүңгіршектер оларды басқа учаскеге көшіру немесе алып тастау туралы ескерту берілгенге дейін жұмыс істейді.

14. 14. Тұрғындардың көлік құралдарын сақтау және оларға қызмет көрсету үшін құрылымдары орналастыру.

14. Тұрғындардың көлік құралдарын сақтау және оларға қызмет көрсету үшін құрылымдары орналастыру.

149

149. Тұрғын үйлердің квартал ішінде, шағын аудандарда, тұрғын үй алаптарында көліктерді сақтайтын күрделі салынған көлікжайлар мен көлік тұрақтарын орналастыруға жол берілмеу тиіс. Осы объектілер арнайы белгіленген көлікжайлар алаптарына орналастырылуы қажет, уақытша көлік сақтайтын көлік тұрақтары (үлкен жүк таситын көліктерден басқасы) селитебті аймақта норма және ережелерге сәйкес орналастырады.

150

150. Кооперативтік көлікжайлар мен автотұрақты жобалау және салу қаланың атқарушы органы белгілеген тәртіпке қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелерін сақтау арқылы жүргізіледі.

151

151. Ірі сауда және қоғамдық ғимараттарды жобалау барысында қосалқы және жапсарлас салынған жер асты көлікжайларын, қонақжай автотұрақтарды назарға алу керек.

152

152. Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету станциялары (көліктерді жуу пунктері мен шиномонтаж шеберханаларын қосқанда) өндірістік және коммуналдық аймақтардағы жалпы қалалық магистралдар бойында, өндірістік, коммуналдық және көлік учаскелерден санитарлық қорғалған, тұрғын үй құрылысынын, тұрғын үйлерден, рекреациялық және қоғамдық аймақтардан алшақ орналасады.

153

153. Станционарлық жанар-жағар май құю және техникалық қызмет көрсету станциялары арнайы бөлінген –жалпы қалалық магистралда көліктер кіруге қолайлы алаңдарда орналасуы қажет.
Тұрғын үй аймақтарында, рекрециялық және қоғамдық аймақтарда (ерекше қала құрылысы бақылау аймағында) стационарлық жанар- жағар май құю станцияларын, контейнерлері жанар-жағар май құю станцияларын газ құю станциялары және техникалық қызмет ету станцияларын оранластыруға тыйым салынады.
Техникалық қызмет көрсету станциялары, стационарлық жанар-жағар май станцияларын, көлік жуу пунктерін және басқа да қызмет көрсету объектілерін бір алаңда біріктіруге болады.

154

154. Жанар-жағар май құю және техникалық қызмет көрсету станцияларын орналастыру, оларды көшіру бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуі қажет.

4. 4. Қала құрылысы қызметін бақылау

4. Қала құрылысы қызметін бақылау

155

155. Қала құрылысы қызметін жүзеге асыруға бақылау жасау мемлекеттік жоспарға сәйкес қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясаттын, Балқаш қаласы аумағындағы қала құрылысы ережесі, мемлекеттік қала құрылысы нормалары мен ережелерінің орындалысын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге бағытталған.

156

156. Балқаш қаласының құрылыс және сәулет істері жөніндегі бөлімнің лауазымды адамдары, қала құрылыс және құрылыс бөлім жанындағы мемелекеттік сәулет-құрылыс бақылау органы өз құзырларының шеңберінде құқылы:

1

1) субъектілердің қала құрылысы қызметі талаптарын сақтауы және жобалау құжаттары, мемелекеттік қала құрылысы нормаларыы мен тәртіптері жөніндегі, құрылысқа алған рұқсаты тұрасындағы ақпараттарды алу мақсатында құрылыстарға, қайта жабдықтауларға, жылжымайтын мүлік объектілерін жөндеуге бақылау жасауға;

2

2) Қазақстан Республикасының сәулет және қала құрылысы туралы заңдылықтарын бұзған тұлғаларды белгіленген тәртіпте әкімшілік жауапқа тартуға;

3

3) Қазақстан Республикасының сәулет және қала құрылысы туралы заңдылықтарын бұзған тұлғаларды әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тарту үшін материалдарды құзырлы органдарға жіберуге;

4

4) Егерде Қазақстан Республикасының сәулет және қала құрылысы туралы заңдылықтарын бұзұ арқылы тіршілік ету ортасына зиян келтірілген жағдайда келтірілген зиянды қалпына келтіру жөнінде сотқа талап қоюға:
Қала құрылыс және құрылыс бөлімнің, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарының қызметі мен шешіміне сотта арыздануға болады.