Об утверждении Правил о порядке выплаты единовременной материальной помощи участникам ВОВ и другим категориям граждан Күшін жойған
Басқа 0
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен өзге де азаматтар санатына бір жолғы материалдық көмек төлеу жөніндегі Ережелерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 23 қантардағы №148-11 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару туралы» Заңына сәйкес, Ақмола облысы әкімдігіьпң 2004 жылғы 28 желтоқсандағы №А- 1/312 «Ақмола облысы әкімдігінің Облыстық мәслихаттың «2005 жылға арналған облыстық бюджет туралы» шешімін жүзеге асыру туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енту туралы» қаулысының 10 тармақшасын аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 17-100 «2005 жылға арналған аудандық бюджет туралы» шешімін орындау мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен өзге де азаматтар санатына біржылғы материалдық көмек төлеу жөніндегі Ережелер бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және жариялануға тиіс.
Ескертулерсіз келісілді
Аудан әкімінің орынбасары
С.А.Тұрсынбаев
Басқа 3
Қосымша Бекітілді
Аудан әкімдігінің 2005 жылғы «10» 03 № 74
«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен
өзге де азаматтар санатына бір жолғы
материалдық көмек төлеу жөніндегі
Ережелерді бекіту туралы» қаулысы
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен өзге де азаматтар санатына біржолғы материалдык көмек төлеу жөніндегі Ережелер
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы, Ұлы Отан соғысының катысушылары мен өзге де азаматтар санатына біржолғы материалдық көмек төлеу жөніндегі Ережелер (бұдан былай - Ережелер) 007-000 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасы бойынша Зеренді ауданындағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен өзге де азаматтар санатына біржолғы материалдық көмек төлемдерін (бұдан әрі - біржолғы материалдық көмек) ұйымдастыру тәртібін реттейді.
Тармақ 2
2. Осы Ережелерді қабылдаудың негізі Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі, Қазақотан Республикасының «Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару туралы» Заңы, облыс әкімдігінің 2004 жылғы 28 желтоқсандағы № А-1/312 «Облыстык мәслихаттың «2005 жылға арналған облыстық бюджет туралы» шешімін жүзеге асыру туралы» каулысы, аудандық мәслихаттың «2005 жылға арналған аудандық бюджет туралы» шешімі болып табылады.
Тармақ 3
3. Осы Ережелердің әрекеті Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңымен реттелетін қатынастарға таралмайды.
Тарау 2. 2. Біржолғы материалдық көмек алу құқығы
2. Біржолғы материалдық көмек алу құқығы
Тармақ 4
4. Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 60 жылдығын мерекелеуге арналған біржолғы материалдық көмек алуға төмендегілердің құқықтары бар:
Тармақша 1
1) 10 мың теңге сомасында - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері.
Тармақша 2
2) 5 мың теңге сомасында - жалдаңба құрамының тұлғалары; ішкі істер бөлімі және мемлекеттік қауіпсіздік құрамдарының басшылық пен қатардағы тұлғалар; екінші әлем соғысы жылдары партизан отрядтарының құрамында Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыстарына қатысқан тұлғалар; екінші әлем соғысы кезінде кәмелетке толмаған жаста концлагерлерде, геттоларда және өзге де жерлерде қамауда болгандар; Ленинград каласының блокадасы кезінде жұмыс істеген және «Ленинградты қорғаған үшін» мен «Блокадалы Ленинградтың тұрғыны» медальдарымен марапатталған азаматтар; халық комиссариаттарының, қатынас, байланыс, т.с.с. қызметкерлері Ұлы Отан соғысының қайтқан (қаза тапқан, хабар-ошарсыз жоқ болып кететіндер) жауынгерлері, олардың ата-аналары, қайта тұрмысқа шықпаған (үйленбеген) жұбайлары (күйеулері); Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда мінсіз әскери қызмет еткен үшін және қайсарлы еңбек үшін ССР Одағының медальдары және ордендерімен марапатталған тұлғалар.
Тарау 3. 3. Біржолғы материалдық көмек төлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру
3. Біржолғы материалдық көмек төлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру
Тармақ 5
5. Зеренді ауданының «Жұмыспен камту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
Зеренді ауданының Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі бөлімімен ұсынылған Ережелердің 4 тармағының 1, 2 тармақшаларында көрсетілген Ұлы Отан соғысының катысушылары мен мүгедектердің және өзге де санаттағы азаматтардың тізімдерін қалыптастырады;
біржолғы материалдық көмек төлеуді калыптасқан тізімдердің негізінде, тиісті лицензиясы бар, зейнетақы мен жәрдемақыны есептеп енгізу үшін ұйымдарда ашылған жеке шоттарына, сондай-ақ «Қазпошта» Акционерлік қоғамына қаражат аудару жолымен, 2005 жылдын 10 сәуіріне дейін, 2005 жылдың 10 сәуірінен кейін жаңадан келген, осыдан бұрын тұрғылықты жері бойынша біржолғы материалдық көмек алмаған соғысқа қатысушыларға – 2005 жылдың 1 желтоқсанына дейін жүзеге асырады.
Тарау 4. 4. Біржолғы материалдық көмек төлемдерін қаржыландыру.
4. Біржолғы материалдық көмек төлемдерін қаржыландыру.
Тармақ 6
6. Біржолғы материалдық көмек төлемдері бойынша шығындарды қаржыландыру, 007-000 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттері есебінен қаражат шегінде жүргізіледі.
Тарау 5. 5. Біржолғы материалдық көмек төлемдерінің жүзеге асырылуын бақылау.
5. Біржолғы материалдық көмек төлемдерінің жүзеге асырылуын бақылау.
Тармақ 7
7. Біржолғы материалдық көмек төлемдерінің бакылауы мен есептілігі қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.