Об утверждении Правил оказания социальной помощи Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.02.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әлеуметтік көмек төлеудің Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Занының 6 бабына сәйкес және аудан әкімінің ұсынуымен, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Әлеуметтік көмек төлеуді жүзеге асыру Ережесі бекітілсін (қоса беріледі).
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихаттың бюджет, каржы, әлеуметтік-экономикалық даму, экология және ардагерлермен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясына Ережені жүзеге асыру барысын бақылау жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және міндетті түрде жариялануға тиісті.
Басқа 4
Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 24 ақпандағы № 3С-11/7 шешімімен бекітілген Әлеуметтік төлем төлеуді жүзеге асыру Ережелері Қазақстан Республикасының «Бюджет кодексі» негізінде және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 14 тармағының 31 бабына сәйкес осы негізгі ереже әзірленген.
Тарау 1. 1. Жалпы қағида
1. Жалпы қағида
Тармақ 1
1. Тұрмысы төмен азаматтарға, 1, 2, 3 топты мүгедектерге, бюджет қаржысынан жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әлеуметтік көмек көрсетеді.
Тармақ 2
2. Медициналық мекеменің жолдамасы болған жағдайда Ақмола облысы бойынша жол жүруге және медициналық мекемеден тексеруден өтуді қажет етуші тұрмысы төмен азаматтарға, 1, 2, 3 топты мүгедектерге, Ұлы Отан Соғысына қатысушылар мен мүгедектерге, бала кезінен душар болған мүгедектерге әлеуметтік көмек тағайындалады және көрсетіледі.
Тармақ 3
3. Дәрігерлік -кеңестік комиссиясының анықтамасында ауру адамның жанына серік адам керек болған жағдайда, оған да әлеуметтік көмек көрсетіледі, сонымен қатар ол адамның 18 жас кәмелеттік жастан асқан адам болуын қажет ететіндігін растайтын анықтамасының болған жағдайында ғана беріледі. Ауру балаларға және де оларға еріп барушы ата - ананың біреуіне, асырап алушыға, қамқоршыға және де басқа жақын туыстарына әлеуметтік көмек көрсетіледі. «Басқа да жақын туыстары» деген түсініктеме Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңына сәйкес белгіленеді.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссия шешімі берілген құжаттар негізінде шығарылады.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі
2. Әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтініш иесінің оны алуға құқылығын растайтын тиісті құжаттары қоса берілуі керек.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін өткізілген құжаттар берілген күнінен бастап 10 күн мерзім ішінде қаралады.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмек тағайындау қабылданбаған жағдайда комиссия бұл жағдайды өтініш иесіне хабарлауға тиіс.
Тармақ 8
8. Өтініш иесі өтініште және құжаттарда көрсетілген мәліметтердің нақтылығы мен сенімділігіне қолданылып жүрген зандарға сәйкес жауап береді.
Тарау 3. 3. Қажетті құжаттардың тізімі
3. Қажетті құжаттардың тізімі
Тармақ 9
9. Әлеуметтік Жарқайың ауданында тұрып жатқан, төмендегідей құжаттар бойынша Заңмен бекітілген ең аз күн көріс мөлшері асып кетпеген жағдайда ғана төленеді:
Тармақша 1
1) Берілген санатын растайтын куәлігі бар Ұлы Отан Соғысына қатысушылар мен мүгедектер;
Тармақша 2
2) аурулардың жолға шыққан шығындарын төлеу үшін: өтініш салық төлеушінің тіркеу нөмері ААҚ «Казпошта» бөлімшесіндегі дербес есеп жеке куәлігінің көшірмесі Державин қаласының емдеу мекемесі берілген бекітілген үлгі бойынша емделуге берілген жолдама емдеудің нәтижесі туралы емхана картасының көшірмесі тұрғылықты жерден анықтама емделуге барғанының дәлелдейтін жол жүру құжаттарының тапсырылуы Науқас адамның немесе емделуге және бірге еріп барған адамның барғанын дәлелдейтін құжаттар келген күнінен бастап бір айдан кешіктірілмей өткізілуі керек. Науқастың немесе оны бастап барған адамның жолақысын растайтын билеттерді жоғалтып алған жағдайда жолақы мөлшерін растайтын анықтама берілуі керек.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмектің тәртібі және мөлшері
4. Әлеуметтік көмектің тәртібі және мөлшері
Тармақ 10
10. Әлеуметтік көмек мөлшері Комиссия шешімі бойынша белгіленеді.
Тармақ 11
11. Жергілікті емдеу мекемесінің жолдамасы бойынша Ақмола облысы бойынша науқастардың емделуіне байланысты жұмсалатын шығындарға төленетін әлеуметтік көмек жылына 2 рет көрсетіледі.
Тармақ 12
12. Қаржыландыру шығысы әлеуметтік төлемдері бойынша «Жеке категориялы азаматтардың әлеуметік төлемі» 451007000 жергілік бюджет бағдарлама бойынша, осы мақсаттарға қарастырылған қаражат аумағында жүзеге асырылады.
Тарау 6. 6. Төлем төлеудің жүргізілу тәртібі
6. Төлем төлеудің жүргізілу тәртібі
Тармақ 13
13. Мереке күндеріне әлеуметтік төлеуі жиынтық тізілім негізінде «Қазпошта» ААҚ-аға алушылардың жеке шоттарына ақшалай қаражатты аудару жолы арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Жарқайың ауданының жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінде әлеуметтік көмек төлемін төлеу үшін азаматтар тізімін жасайды. Қаражат көлеміндегі аудан бюджеттерінде қарастырылған тізімнің нақтылығына жауап береді.