Об утверждении Правил оказания материальной помощи отдельным категориям граждан к государственным праздникам Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жеке санаттағы азаматтарға мемлекеттік мекемелерде материалдық көмек көрсету Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңындағы 6-бапқа және Ақкөл ауданы әкімдігінің ұсынысына сәйкес, аудандық мәслихат Шешім етті:
Тармақ 1
1. Жеке санаттағы азаматтарға мемлекеттік мерекелерде материалдық көмек көрсету Ережесі бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихат сессиясының 2002 ж 29.10. № С29-10 «Мемлекеттік мерекелерде халықтың әлеуметтік-әлсіз топтарына материалдық көмек көрсету жөніндегі төлемнің Ережесін бекіту туралы» 2004 ж. 06.09. №С11-5 «Аудандық мәслихаттың 2002 ж. 29.10. №С 29-20 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі күшін жойғандығы танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Акмола облыстық әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға тиіс.
Басқа 4
Ақкөл аудандық мәслихатының сессиясының 2005 жылғы 25 ақпандағы № С 17-4 шешімімен БЕКІТІЛГЕН Жеке санаттағы азаматтарға мемлекеттік мерекелерде материалдық көмек көрсету Ережесі Осы ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес, жеке санаттағы азаматтарын әлеуметтік қорғау мақсатында әзірленді және мемлекеттік мерекелерде материалдық көмек көрсету тәртібін тағайындайды.
Тарау 1. 1. Жалпы қағидалар.
1. Жалпы қағидалар.
Тармақ 1
1. Мемлекеттік мерекелерге материалдық көмек алуға құқықтылар: бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектер,; 16 жаска дейінгі мүгедек балалар; таратылған кәсіпорындар мен ауданға басқа елді мекендерден келген жасы 70-ке толған зейнеткерлер; Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; соғысқа қатысқандарға теңестірілгендер, блокадалық Ленинград тұрғындары, соғыста қаза болған жауынгерлердің жанұялары, Ұлы Отан соғысында қаза болған (өлген, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің және қайта некеге отырмаған жесірлері, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедектерінің жұбайлары, Ұлы Отан соғысы жылдары көрсеткен қажырлы еңбектері үшін бұрынғы ССР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапаталған иегерлері; сонымен қатар 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейінгі уақытка алты айдан кем жұмыс істемегендер және бұрынғы ССР одағының ордендерімен және медальдерімен қажырлы еңбектері үшін және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда әскери қызмет атқарғаны үшін марапатталмағандар, шоғырландыру лагерлерінің кәмелетке толмаған тұтқындары; Ауғанстандағы және басқа мемлекеттердегі жауынгерлік іс-қимылға қатысушы интернационалист-жауынгерлер; 1986-1987, 1988-1989 жылдардағы ЧАЭС апатының зардабын жоюға қатысқандар мен мүгедектер болғандар; «Алтын алқа», «Күміс алқа» аспаларымен, «Батыр-Ана» «I және II дәрежелі Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар; ақталған азаматтар, «Казақстан Республикасы алдындағы айрықша зор еңбектері үшін» зейнетақы алатын азаматтар, жалғызілікті кәрі және жалғыз тұратын азаматтар.
Тарау 2. 2. Материалдық көмектің мөлшері
2. Материалдық көмектің мөлшері
Тармақ 2
2. Материалдық көмектің мөлшерін әр санат үшін әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу жөніндегі аудандық өкілеттік орган көрсетеді.
Тарау 3. 3. Материалдық көмек төлеудің тәртібі
3. Материалдық көмек төлеудің тәртібі
Тармақ 3
3. Мемлекеттік мерекелерге материалдық көмекті әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу жөніндегі аудандық өкілеттік орган көрсетеді.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік мерекелерге материалдық көмек көрсету аудан әкімдігі қаулысымен бекіткен құрамдағы біржолғы әлеуметтік жәрдем беру жөніндегі комиссия отырысында шешіледі.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік мерекелерге материалдық көмек көрсету әр жылға бекітілген сома мөлшерінде аудан бюджетінен жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік мерекелерге материалдық көмек төлеу тиісті банктік операциялар түрлеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісінің лицензиясы бар Банктер арқылы жүзеге асырылады.