Об утверждении Правил организации выдачи разовых талонов Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Біржолғы талондарды беруді ұйымдастырудың Ережелерін бекіту туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған біржолғы талондарды беруді ұйымдастырудың Ережелері бекітілсін (бұдан әрі - Ережелер).
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің орынбасары А.П. Рауға жүктелсін.
Басқа 3. Біржолғы талондарды беруді ұйымдасытрудың ережелері
Әкімдіктің 2005 жылғы 1 наурыздағы № 72 қаулысымен бекітілген Біржолғы талондарды беруді ұйымдасытрудың ережелері
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ережелер «Бюджетке төленетін салықтар және басқа міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабын іске асыру мақсатында жасалды және Қостанай облысы аумағындағы біржолғы талондарды беруді ұйымдастыру тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Біржолғы талондарды беру және есепті жүргізу Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 30 қазандағы № 1469 бұйрығымен бекітілген біржолғы талондарды беру ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2. Біржолғы талондарды беруді ұйымдастыру
2. Біржолғы талондарды беруді ұйымдастыру
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1362 «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес бюджеттік бағдарлама әкімшілері: 257003 «Біржолғы талондарды беруді ұйымдастыру және біржолғы талондарды өткізуден түскен сомалардың толықтығын қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша «Қостанай облысының қаржы департаменті» мемлекеттік мекемесі болып табылады, 452004 (459004) «Біржолғы талондарды беруді ұйымдастыру және біржолғы талондарды өткізуден түскен сомалардың толықтығын қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша қалалық (аудандық) қаржы бөлімдері (немесе экономика және қаржы бөлімдері) (бұдан әрі - аудандардың (қалалардың) қаржы органдары) болып табылады. Біржолғы талондарды беруді ұйымдастыру және біржолғы талондарды өткізуден түскен сомалардың толықтығын қамтамасыз ету үшін облыстық маңызы бар қалаларда әкімдіктермен мемлекеттік мекемелер құрылуы мүмкін. Біржолғы талондарды беруді ұйымдастыру және біржолғы талондарды өткізуден түскен сомалардың толықтығын қамтамасыз етуді іске асыратын қызметкерлердін еңбектерін төлеу мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің еңбекақыларын реттейтін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Біржолғы талонның құны ауданның (қаланың) жергілікті өкілетті органмен бекітіледі. Біржолғы талонның құны инфляция коэффициентін ескере отырып және тұтынушы бағасының өсу серпінісіне байланысты өзгертілуі мүмкін.
Тармақ 5
5. Аудандардың (қалалардың) қаржы органдары аумақтық салық органдарына біржолғы талондардың қажеттілігін өткен есепті жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей жібереді.
Тармақ 6
6. Аудандардың (қалалардың) қаржы органдары қамтамасыз етеді: біржолғы талондар түбіртектерінің толықтығын, дұрыс толтырылуын және сақталуын; бір жолғы талондарды беру (алу) Журналында біржолғы талондардың есебін жүргізу; берілген біржолғы талондардан түскен сомаларды уақытында бюджетке есепке алу.
Тармақ 7
7. Аудандардың (қалалардың) қаржы органдары біржолғы талондарды беруді қамтамасыз етеді, сонымен ең жоғары жағдай жасайды: салық төлеушілер үшін біржолғы талондарды сатып алу мәселелері бойынша; біржолғы талондарды беруді және өткізуден түсетін сомаларды жинауды іске асыратын қызметкерлерге, біржолғы талондар бланкілерінің сақталуы және қолма-қол ақшаның сақталуы жағынан.
Тарау 3. 3. Есеп берудің тәртібі мен мерзімі
3. Есеп берудің тәртібі мен мерзімі
Тармақ 8
8. Аудандардың (қалалардың) қаржы органдары келесі есептік айдан кейінгі 3 күнінен кешіктірмей, ай сайын Департаментке біржолғы талондарды өткізгенінен түскен сомалардың бюджетке аударылғандығы туралы мәліметті нысан бойынша 1-қосымшаға сәйкес тапсырады.
Тармақ 9
9. Департамент есепті айдан кейінгі айдың 10 күнінен кешіктірмей Қостанай облысы бойынша Салық комитетімен облыс аумағындағы біржолғы талондарды өткізуден бюджетке аударылған сомалар туралы нысан бойынша 2-қосымшаға сәйкес салыстыру жүргізеді.
Тарау 4. 4. Жауапкершілік
4. Жауапкершілік
Тармақ 10. 200_ жылғы __________ біржолғы талондарды өткізгеннен түскен және бюджетке аударылған сомалар туралы мәлімет
10. Біржолғы талондарды беру, сондай-ақ бермеу және (немесе) біржолғы талондарды белгіленген сомасынан төмен беру жөніндегі жұмысты ұйыдастыруға ұсынылған талаптарды бұзғандары үшін аудандық (қалалық) қаржы органдары қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады. Әкімдіктің 2005 жылғы 1 наурыздағы № 72 қаулысымен бекітілген Ережелерге 1-қосымша 200_ жылғы __________ біржолғы талондарды өткізгеннен түскен және бюджетке аударылған сомалар туралы мәлімет р/с Біржолғы талондардың түрі Берілген біржолғы талондардың саны Біржолғы талондардан түсті Олардың ішінен бюджетке аударылды Кассадағы қалдық (5 баған - 7 баған) жыл басынан есепті айға жыл басынан есепті айға жыл басынан есепті айға I 2 3 4 5 6 7 8 9 Барлығы Уәкілетті органның басшысы _________ _______________ қолы (Аты-жөні) МО Күні «__» ________ 200__ ж. Әкімдіктің 2005 жылғы 1 наурыздағы № 72 каулысымен бекітілген Ережелерге 2-косымша Біржолғы талондарды өткізуден түскен түсімдер бойынша салыстыру актісі Аудандар мен қалалар Біржолғы талондарды өткізуден бюджетке түскен түсімдер Ауытқу салық комитетінің мәліметтері бойынша қаржы департаментінің мәліметтері бойынша 1 2 3 4 Барлығы Уәкілетті органның басшысы ________ ______________ қолы (Аты-жөні) МО. Күні «__» _________ 200_ ж. Салық комитетінің төрағасы ________ ______________ қолы (Аты-жөні) МО. Күні «__» __________ 200_ ж.