Об утверждении правил розничной торговли периодическими печатными изданиями, публикующими материалы эротического характера Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Эротикалық сипаттағы материалдарды басып шығаратын мерзімді баспасөз басылымдарын даналап сату ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 14 бабының 2 тармағына сәйкес, эротикалық сипаттағы материалдарды басып шығаратын мерзімді баспасөз басылымдарын жүзеге асыру бойынша сауда орындарының қызметін тәртіпке салу мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақжар аудан территориясында эротикалық сипаттағы материалдарды басып шағаратын мерзімді баспасөз басылымдарын даналап сату Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Селолық округ әкімдері осы Ережеге сәйкес эротикалық сипаттағы материалдарды басып шыгаратын мерзімді баспасөз басылымдарын сатуға арналған арнайы стационарлық орындарын анықтасын.
Тармақ 3
3. Эротикалық сипаттағы материалдарды басып шығаратын мерзімді баспасөз басылымдарын жүзеге асыру тәртібін сақтау бойынша ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі аудан әкімі аппаратында комиссия құрамын бекіту үшін, бір ай мерзім ішінде еңгізсін және комиссия туралы Ереже әзірлесін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.А. Тастеміровке жүктелсін. КЕЛІСІЛДІ: Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы М.Жүсіпбеков
Басқа 5
БЕКІТІЛГЕН Ақжар аудан әкімдігінің 2005 ж. «04» наурыз № 86 Қаулысымен Эротикалық сипаттағы материалдарды басып шығаратын мерзімді баспасөз басылымдарын даналап сату ЕРЕЖЕСІ Осы Ереже Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі №451-1 «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 14 бабының 2 тармағы негізінде құрастырылған.
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 1 бабының 14 тармағына сәйкес эротикалық мағынадағы баспа өнімі немесе теле, радиобағдарлама өнімдері, жалпы сексе деген қызығушылықты жүйелі түрде ынталандырады.
Тармақ 2
2. Эротикалық сипаттағы материалдарды басып шығаратын мерзімді баспасөз басылымдарын даналап сату, арнайы бөлінген стационарлық орындарда рұқсат етіледі және бұл жергілікті атқарушы органдарымен анықталады.
Тармақ 3
3. Эротикалық сипаттағы материалдарды басып шығаратын мерзімді баспасөз басылымдарын даналап сату үшін арнайы бөлінген стационарлық орындары келесі талаптарға сай болуы тиіс:
Тармақша 1
1) кәмелетке толмаған тұлғалар үшін эротикалық баспа өнімдері шектеулі жерде орналасу керек;
Тармақша 2
2) Эротикалық өнімдері витриналарға шығарылмау керек;
Тармақша 3
3) Эротикалық өнімдерінің әр данасы жұқа мұқабада болу керек;
Тармақ 4
4. Арнайы бөлінген стационарлық орындары, қоғамдық көлік аялдамасынан және адамдар демалатын орындарынан 150 метр шақырымда орналасу керек;
Тармақ 5
5. Арнайы бөлінген стационарлық орындары балабақша, оқу орындары, мемлекеттік мекемелерінен, мәдениет, денсаулық сақтау, білім беру мекемелерінен және архитектуралық ескерткіштер мен тарихи жерлерде орналаспауы керек.
Тармақ 6
6. Осы Ереже эротикалық сипаттағы материалдарын басып шағаратын, оның ішінде шет елдерден кіретін барлық мерзімді баспасөз басылымдарына ықпалын тигізеді.
Тармақ 7
7. Эротикалық өнімдерін сатудағы ережені бұзу, өз артынан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдылықтарына қарасты үлкен жауапкершілікті талап етеді.