Об утверждении Правил предоставления социальной помощи студентам из малообеспеченных семей Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.02.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тұрмыс жағдайы нашар отбасыларының студенттеріне әлеуметтік көмек беру Ережесін бекіту туралы Жоғары кәсіптік білім алу үшін, тұрмыс жағдайы нашар отбасыларының студенттеріне әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасына, аудандық мәслихатының 2004 жылғы 24 желтоқсандағы «2005 жылға арналған аудандық бюджет туралы» (2005 жылғы 20 қантардағы т/н № 1453) № 59 шешімі негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса берілген тұрмыс жағдайы нашар отбасыларының студенттеріне әлеуметтік көмек беру Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жоғары оқу орындарында оқыту мерзіміне әлеуметтік көмек алуға түрмыс жағдайы нашар отбасыларынан уақытында студенттер іріктеуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Т. Дүсіріповке жүктелсін.
Басқа 4
Тайынша ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 15 ақпандағы № 108 қаулысымен бекітілді Тұрмыс жағдайы нашар отбасыларының студенттеріне әлеуметтік көмек беру Ережесі
Тармақ 1.1
1.1. Берілген Ереже тұрмыс жағдайы нашар отбасыларының студенттеріне әлеуметтік көмек көрсету тәртібін және шарттарын белгілейді.
Тармақ 1.2
1.2. Әлеуметтік көмекті алуға мемлекеттік жалпы білім беру гранттары мен несиелерінің иегерлері бола алмаған, Тайынша ауданының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан республикасы азаматтарының құқығы бар.
Тармақ 1.3
1.3. Берілген Ережеде мынадай түсініктер қолданылады: әлеуметтік көмек - студенттерді кәсіптік оқыту ұшін төлеуге бағытталған, әлеуметтік көмек түрінде халықты әлеуметтік қорғау нысандарының бірі; әлеуметтік көмекті тағайындауға құқығын анықтау бойынша комиссия (одан әрі - аудандық комиссия) - әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім қабылдайтын, аудан әкімі орынбасарының өкілеттігімен аудан әкімінің жанында, міндетті түрде оның құрамына Тайынша ауданының білім беру және спорт, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің өкілдерінің еңгізілуімен құрылған комиссия; алушы - мемлекеттік жалпы білім беру грантының және несиенің (күндізгі оқу нысаны бойынша) иегері бола алмаған және жан басына шыққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасының мүшесі болып табылатын студент; әлеуметтік көмек тағайындау бойынша, әлеуметтік көмек көрсетуге студенттер контингентін анықтау бойынша және төлем бойынша жұмысты ұйымдастыруды іске асыратын уәкілетті орган - (одан әрі -бөлім) ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі; ақшалай қаражатты беру бойынша уәкілетті орган - (одан әрі-банк) екінші деңгейдегі банк.
Тарау 2. 2. Ақшалай қаражатты тағайындаудың шарттары мен тәртібі
2. Ақшалай қаражатты тағайындаудың шарттары мен тәртібі
Тармақ 2.1
2.1. Әлеуметтік көмекті алу үшін студенттер ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) белгіленген үлгідегі өтініш (1 қосымша);
Тармақша 2
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (нотариалды куәландырылған);
Тармақша 3
3) отбасы құрамы туралы аныктама;
Тармақша 4
4) отбасының табыстары жөніндегі анықтама;
Тармақша 5
5) білімі жөніндегі құжатының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
Тармақша 6
6) комплексті тестілеуінің нәтижесі туралы белгіленген үлгідегі мемлекеттік сертификатының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
Тармақша 7
7) оқыту туралы Солтүстік Қазақстан облысының жоғарғы оқу орнымен келісім шарт;
Тармақша 3
3) әлеуметтік көмекті тағайындауға келесі өтініш жасаған кезде, алушылар, көрсетілген құжаттардан басқа, олар берілген оқу орнының студенттері болып табылатын жоғарғы оқу орнынан анықтама-дәлелдемені, және сынақ кітапшасының көшірмесін ұсынады.
Тармақ 2.2
2.2. Әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттар түпнұсқасында және көшірмесінде ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне ұсынылады, бөлім істерді қалыптастырады және өтініш иелерінен олардың толық пакетінің түскен күнінен бес күндік мерзімде әлеуметтік көмек тағайындау туралы не болмаса оны тағайындаудан бас тарту туралы шешімнің жобасын (2 қосымша) әлеуметтік көмек көрсету құқығын анықтау жөніндегі аудандық комиссияға жібереді.
Тармақ 2.3
2.3. Аудандық комиссия он күндік мерзімде ұсынылған құжаттарды қарастырады және әлеуметтік көмек тағайындау туралы не болмаса оны тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады. Комиссия өтініш иелерінің істерін және отырыстар хаттамаларының көшірмелерін ауданның жұмыспен камту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жібереді.
Тармақ 2.4
2.4. Аудандық комиссия әлеуметтік көмек беру туралы шешімді шығарар кезде комплекстік тестілеу кезінде алынған ұпайлар санын, аттестаттардың немесе арнайы орта білімі туралы дипломдардың барын есептейді.
Тармақ 2.5
2.5. Осы мақсаттарға әлеуметтік көмекті тағайындау осы мақсаттарға аудандық бюджетпен көзделген қаржылар шегінде жүргізіледі.
Тармақ 2.6
2.6. Шешім қабылданған жағдайда, ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен хабарланған алушылар, банкте жеке шоттарны ашады.
Тармақ 2.7
2.7. Тағайындаудан бас тартқан жағдайда ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бас тарту себебін нұсқауымен өтініш иесіне құжаттарын қайтарады.
Тармақ 2.8
2.8. Әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тартуға негіздеме жоғары оқу орнына түсу туралы алдын-ала жалған мәліметтер және берілген Ереженің 2.1. тармағында көрсетілген құжаттарда дұрыс емес мәліметтер ұсынуы болып табылады.
Тармақ 2.9
2.9. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі екі данада алушылардың тізім-ведомостарын құрастырады, олардың біреуі екінші деңгейдегі банкке жіберіледі.
Тармақ 2.10
2.10. Банк ақылы қызмет көрсетуге жасалған келісім және тізім ведомостар негізінде алушылар ашқан жеке шотқа сомаларды аударады.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру
3. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру
Тармақ 3.1
3.1. Студенттерге әлеуметтік көмек көрсету бойынша шығындарды каржыландыру осы мақсаттарға көзделген жергілікті бюджет қаржысы есебінен жүргізіледі.
Тармақ 3.2
3.2. Әлеуметтік көмек бір студентке жылына бір рет беріледі.
Тарау 4. 4. Бақылауды іске асыру
4. Бақылауды іске асыру
Тармақ 4.1
4.1. Әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес әлеуметтік көмекті тағайындау дұрыстығына жауапты болады. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру жергілікті бюджет қаржысынан жүргізіледі.
Тармақ 4.2
4.2. Әлеуметтік көмекті тағайындаудың және төлеудің дұрыстығын бақылау қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жүргізіледі. Тұрмыс жағдайы нашар отбасыларының студенттеріне әлеуметтік көмек беру Ережесіне 1 қосымша Тайынша ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне ___________________ ______________түратын (Тегі, Аты Әкесінің аты) ___________________ (төлқүжат, куәлік) ______________ (қашан, кіммен берілді) ӨТІНІШ _________________________________________________ оқу орнында жоғары кәсіптік білім алу үшін______________________ _____________________________________теңге сомасында ақшалай қаржыны бөлуді,__________________банкінің филиалында ашылған________________________жеке шотқа аударуға сұраймын Келесі қүжаттарды қосамын; белгіленген үлгідегі өтініш (1 қосымша) жеке басын куәландыратын қүжаттың көшірмесі (нотариалды куәландырылған); отбасы құрамы туралы анықтама; отбасының табыстары жөніндегі анықтама; білімі жөніндегі құжатының нотариалды куәландырылган көшірмесі; комплексті тестілеуінің нәтижесі туралы белгіленген үлгідегі мемлекеттік сертификатының нотариалды куәландырылған көшірмесі; оқыту туралы Солтүстік Қазақстан облысының жоғарғы оқу орнымен келісім шарт; "___"________________ 200_ж. қолы:_______________ Тұрмыс жағдайы нашар отбасыларының студенттеріне әлеуметтік көмек беру Ережесіне 2 косымша Шешім ______________ "__"____________200_ж. (елді мекен) Азаматқа (шаға)____________________________________________ (Тегі, Аты Әкесінің аты) _____________________________________________ (елді мекен, үйдің (пәтердің) №, телефоны) Ақшалай қаржыны беру (беруден бас тарту) туралы Ұсынылған отбасының табыстары туралы мәліметтерді, комплексті тестілеуінің нәтижесі туралы мемлекеттік сертификатты қарастырып, аудандық комиссия ШЕШТІ: 1._______________________________________азаматқа _____________________________теңге сомасында жоғары оқу орнында (сома жазбаша) оқуды төлеу үшін ақшалай қаржы бөлінсін. 3.___________________________________________________________ _____________________________________________________________ _________________________________________азаматқа берілсін (бас тарту себебін көрсету) Қолдары: Комиссия төрағасы: ______________________ (Т.А.Ә.А.) Комиссия мүшелері: _____________________ (Т.А.Ә.А.)