Об утверждении Правил предоставления социальной выплаты на санаторно-курортное лечение отдельным категориям граждан Қолданыста
Басқа 0
Азаматтардың жеке санаттарына санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік төлемдер беру Ережелерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару туралы» 2001 жылғы 23 қантардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабы 1 тармағын 14 тармақшасын, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 1991 жылғы 21 маусымдағы № 692-ХІІ Қазақстан Республикасы Заңын, «Ұлы Отан соғысына қатысқандарды, мүгедектерді және оларға теңестірілген тұлғаларды әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер көрсету туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі №2247 Қазақстан Республикасы Заңын орындауға және облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 28 наурыздағы №24/3 шешімімен бекітілген «Кедейлікпен және жұмыссыздыкпен күрес жүргізу жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаға», Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Азаматтардың жеке санаттарыңа санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік төлемдер беру Ережелерін анықтау туралы» 2003 жылғы 4 мамырдағы № 107 қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Азаматтардың жеке санаттарына санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік төлемдер берудің қоса берілген Ережелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы М.И.Омароваға азаматтардың жеке санаттарына санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік төлемдерге ақша қаражатын өз уақытында бөлуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы С.С.Доровикке азаматтардың жеке санаттарына санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік төлемдердін ұйымдастырылуын камтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау әкімінің орынбасары Қ.Б.Төренова жүктелсін.
Басқа 5
БЕКІТІЛГЕН
Аудан әкімдігінің 2005 жылғы
«10» наурыз № 91
«Азаматтардың жеке санаттарына
санаторлық-курорттық емделуге
әлеуметтік төлемдер беру
Ережелерін бекіту туралы»
қаулысымен
Азаматтардың жеке санаттарына санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік төлемдер беру Ережелері
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Азаматтардың жеке санаттарына санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік төлемдер беру ережелері (әрі қарай - Ережелер ) жергілікті маңыздағы профилакторийлерде тегін санаторлық- курорттық емделуді өту үшін азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер беру тәртібін және шарттарын реттейді.
Тармақ 2
2. Санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік төлемдер азаматтардың төмендегі санаттарына беріледі:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан согысына қатысқандар мен оларға теңестірілген тұлғаларға;
Тармақша 2
2) Ұлы Отан соғысы жылдары қаза тапқан әскерлердің қайтадан некеге тұрмаған жесірлеріне;
Тармақша 3
3) Ұлы Отан соғысы жылдары тылда ерлік еңбек және мінсіз қызмет еткені үшін бұрынғы Советтік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдерімен марапатталған тұлғаларға;
Тармақша 4
4) «Алтын алқа», «Күміс алка» алқаларымен марапатталған немесе алдында «Батыр ана» атағын алған көп балалы аналарға;
Тармақша 5
5) саяси репрессиялардан зардап шеккен зейнеткер тұлғаларға;
Тармақша 6
6) Социалистік Еңбек Ері жэне «Халық қаһарманы» атақтарына ие болған тұлғаларға;
Тармақша 7
7) зейнетақы жасындағы мүгедектерге.
Тарау 2. 2. Санаторлық- курорттық емделуге әлеуметтік көмек тағайындау шарттары және тәртібі
2. Санаторлық- курорттық емделуге әлеуметтік көмек тағайындау шарттары және тәртібі
Тармақ 4
4. Әлеуметтік төлемдер тағайындалу үшін жоғарыда аталған азаматтардың санаттары аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тұрақты мекен-жайы бойынша төмендегі кұжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) белгіленген үлгідегі өтініш;
Тармақша 2
2) осы санатқа жататынын растайтын кұжаттардың көшірмесі;
Тармақша 3
3) жеке куәліктің көшірмесі.
Тармақ 5
5. Аудандық жұмыспен камту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қажет құжаттар түскеннен күннен бастап бес күн ішінде санаторлық-курорттық емделу үшін әлеуметтік төлемдерді алуға үміткерлердің өтініштерін қарастырады, алушылардың істерін қалыптастырады және әлеуметтік төлемді тағайындау туралы немесе тағайындалмауы туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік төлемдер тағайындалмаған жағдайда аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жазбаша тағайындалмау себептерін түсіндіреді және өтініш иесіне кұжаттарды қайтарады.
Жалған және жеткіліксіз мөліметтер мен құжаттарды ұсыну әлеуметтік төлемдерді тағайындамауға негіз болады.
Тарау 3. 3. Санаторлық- курорттық емделуге әлеуметтік көмек беру тәртібі
3. Санаторлық- курорттық емделуге әлеуметтік көмек беру тәртібі
Тармақ 7
7. Ұсынылған құжатар және қабылданған шешім негізінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері әлеуметтік төлемдерді алуға үміткерлердің тізімдерін 3 данада құрастырады, әлеуметтік төлемдерге ведомостарды құрастырады және оларды екінші деңгейдегі банктерге ұсынады.
Тармақ 8
8. Банк жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен ұсынылған ведомостар негізінде алушылардың ашық жеке есепшоттарына сомаларды аударады.
Тармақ 9
9. Санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік төлемдер бір азаматқа жылына бір рет беріледі.
Тарау 4. 4. Санаторлық-курорттық емделуге элеуметтік көмекті қаржыландыру
4. Санаторлық-курорттық емделуге элеуметтік көмекті қаржыландыру
Тармақ 10
10. Азаматтардың жеке санаттарына санаторлық-курорттық емделуге төлемдерді қаржыландыру 451-007-000-332 «Жергілікті өкілдік органдардың шешімі бойынша азаматтардың жеке санаттарына қажетті әлеуметтік көмек» аудандық бюджет каражатынан шығыстарды бюджеттік топтастырудың коды есебінен жүргізіледі.
Тармақ 11
11. Санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек бюджетпен қарастырылған сомма көлемінде жүргізіледі.
Тармақ 12
12. Ақшалай қаражаттың мақсатты пайдаланылуына бақылау жүргізу экономика және қаржы бөліміне жүктелсін.