Об утверждении Правил предоставления отдельных видов социальных льгот участникам и инвалидам Великой Отечественной войны Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге әлеуметтік женілдіктердің жеке түрлерін көрсету Ережелерін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындагы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-11 Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабы 14 тармағына сәйкес, «Ұлы Отаң соғысына қатысқандарды, мүгедектерді және оларға теңестірілген тұлғаларды әлеуметтік корғау және жеңілдіктер көрсету туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі №2247 Қазақстан Республикасы Заңының 20 бабы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге әлеуметтік жеңілдіктердің жеке түрлерін көрсету Ережелері қосымшага сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Экономика және қаржы бөлімінін бастығы М.И.Омарова аудан бюджетімен бекітілген қаржыны бөлу шегінде әлеуметтік көмектің қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Жұмыспен қамту және әлеуметтік багдарламалар бөлімі С.С.Доровик әлеуметтік көмектің тағайындалуын және алушылардың есепшоттарына қаржының аударылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Б.Төреноваға жүктелсін.
Басқа 5
Аудан әкімдігінің «Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге және оларға теңестірілген тұлғаларға әлеуметтік жеңілдіктердің жеке түрлерін көрсету Ережелерін бекіту туралы» 2005 жылғы «10» наурыз № 92 қаулысымен бекітілді Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге әлеуметтік жеңілдіктердің жеке түрлерін көрсету Ережелері
Тармақ 1
1. Әлеуметтік жеңілдіктердің жеке түрлеріне (әрі қарай мәтін бойынша «әлеуметтік көмек») Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектер құқықты.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік көмекті тағайындау жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау бойынша моншаға және шаштаразға бару қосымша шара ретінде әлеуметтік көмектің мөлшері 400 тенге сомамында ай сайын төленеді. Әлеуметтік комекті тағайындау барлық кажет кұжаттармен бірге өтініш берілген айдан бастап жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмек алу үшін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне төмендегі кұжаттар ұсынылуы тиіс: белгіленген үлгідегі өтініш, Ұлы Отан соғысына қатысқанның немесе мүгедектің куәлігінің көшірмесі есепшотына зейнетақы аударылатын жинақ кітапшасы, зейнетақы кітапшасы, жеке куәлік.
Тармақ 5
5. Ұлы отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге әлеуметтік көмекті төлеу Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен ұсынылған алушылардың тізіміне сәйкес жәрдемақыны төлеу жөніндегі уәкілдік орган арқылы жеке шоттарға аудару арқылы жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкілдік органға ай сайын әлеуметтік көмек тағайындалған азаматтардың тізімін екі данада құрастырады.
Тармақ 7
7. Алушы қайтыс болған күннен бастап әлеуметтік көмекті төлеу тоқтатылады.
Тармақ 8
8. Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге әлеуметтік көмекті қаржыландыру аудандық бюджет қаражатынан шығыстарды функционалдық топтастыру коды №451-007-600-332 «Жергілікті атқарушы органдар шешімі бойынша азаматардың жеке топтарына әлеуметтік төлем» бойынша жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ай сайын азаматтардың хал актілерін жазу органдарынан әлеуметтік көмек тағайындалған тұлғалардың қайтыс болған жағдайларын тіркеу туралы мәліметтерді сұратады.
Тармақ 10
10. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ай сайын зейнетақы төлеу жөніндегі Мағжан Жұмабаев орталықтың аудандық бөлімшесінен аудан аумағынан тыс тұрақты тұруға кеткен Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектер туралы мәліметтерді сұратады.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмекті заңсыз төлегені үшін кіңәлы лауазымдық тұлғалар заңмен белгіленген тәртіпте жауапкершілік тартады.
Тармақ 12
12. Төленген сомаларға бақылау әлеуметтік көмекті төлеу жөніндегі уәкілдік орган мен Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арасындағы салыстыру актілері негізінде жүргізіледі.