Об утверждении Правил предоставления социальной помощи на санаторно-курортное лечение отдельным категориям граждан Күшін жойған
Басқа 0
Азматтардың жеке санаттарына санаториялық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек беру Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 37 бабынын 1 тармағының 14 тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44 бабына, Қазақстан Республикасының «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін және оған теңестірілген тұлғаларды әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер туралы» Заңының 20 бабына сәйкес, Тайынша аудандық мәслихатының 2004 жылғы 24 желтоқсандағы «2005 жылға арналған аудандық бюджет туралы» (2005 жылғы 20 қаңтардағы т/н № 1453) № 59 шешімі негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Азаматтардың жеке санаттарына санаториялық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек беру қоса берілген Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Тайынша қаласы мен селолық округтар әкімдері санаториялық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек беру үшін контингентті іріктеу, оларды алу және мақсатты қолдануға қажетті құжаттарды дайындауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі азаматтардың жеке санаттарына санаториялық-курорттық емделуге әлеуметтік қөмекті ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
Басқа 4. Азаматтардың жеке санаттарына санаториялық-куроттық емделуге әлеуметтік көмек беру беру Ережесі
Тайынша ауданы әкімдігінің
2005 ж. 15 ақпандағы № 106
қаулысымен бекітілді
Азаматтардың жеке санаттарына санаториялық-куроттық емделуге әлеуметтік көмек беру беру Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1.1
1.1. Азаматтардың жеке санаттарына санаториялық-куроттық емделуге әлеуметтік көмек беру Ережесі (одан әрі - Ереже) облыстық маңыздағы профийлакторийлерде ақысыз санаториялық-курорттық емделуден өту үшін азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек беру тәртібін және шарттарын реттейді.
Тармақ 1.2
1.2. Санаториялық-куроттық емделуге әлеуметтік көмекті тағайындау ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен жүргізіледі.
Тармақ 1.3
1.3. Санаториялық-куроттық емделуге әлеуметтік көмек мына санаттардың азаматтарына беріледі:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және оларға теңестірілген тұлғаларға;
Тармақша 2
2) Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға;
Тармақша 3
3) Ұлы Отан соғысы жылдары қаза тапқан жауынгерлердің қайта тұрмысқа шықпаған жесірлеріне;
Тармақша 4
4) Ұлы Отан соғысы тылында жанкеші еңбегі және әскери мінсіз қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендері және медальдарымен наградталған тұлғаларға.
Тармақша 5
5) «Алтын-алқа», «Күміс-алқа» алқаларымен наградталған немесе зейнеткер болып табылатын бұрын «Батыр-ана» атағын алған көп балалы аналарға:
Тармақша 6
6) Зейнеткер болып табылатын, саяси репрессиядан зардап шеккен зейнеткерлерге;
Тармақша 7
7) Зейнеткер болып табылатын, «Социалистік еңбек ері» және «Халық қаһарманы» атақтарын алған түлғаларға;
Тармақша 8
8) мүгедектерге.
Тарау 2. 2. Санаториялық-куроттық емделуге әлеуметтік көмек тағайындаудың шарттары мен тәртібі
2. Санаториялық-куроттық емделуге әлеуметтік көмек тағайындаудың шарттары мен тәртібі
Тармақ 2.1
2.1. Әлеуметтік көмекті алу үшін жоғарыда аталған санаттағы азаматтар жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) белгіленген үлгідегі өтініш (қосылған);
Тармақша 2
2) осы санатқа жататындығын растайтын құжаттар көшірмесі;
Тармақша 3
3) жеке куәлік көшірмесі;
Тармақ 2.2
2.2. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қажетті құжаттар түскен күннен, бес күндік мерзімде санаториялық-куроттық емделуге арналған әлеуметтік көмек алуға үміткерлер өтініштерін қарастырады, алушылар істерін қалыптастырады және әлеуметтік көмек тағайындау туралы не болмаса оны тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 2.3
2.3. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартқан жағдайда бас тарту себебін жазбаша дәлелдейді және өтініш иесіне құжаттарын қайтарады.
Тармақ 2.4
2.4. Бас тартуға негіздеме алдын-ала жалған немесе жеткіліксіз мәліметтер мен құжаттар ұсынуы, және де өтініш иесі берілген Ереженің 1.3 тармағында көрсетілген азаматтар санаттарына жатпауы болып табылады.
Тармақ 2.5
2.5. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әлеуметтік көмек алуға үміткерлер тізімдерін құрастырады және оларды екінші деңгейдегі банкке ұсынады.
Тармақ 2.6
2.6. Заңнамада белгіленген тәртіппен ақылы қызмет көрсетуге келісім жасалған банк ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұсынған ведомосы негізінде алушылар ашқан жеке шотқа сомаларды аударады.
Тармақ 2.7
2.7. Санаториялық-куроттық емделуге әлеуметтік көмек азаматқа жылына тек бір рет қана беріледі.
Тарау 3. 3. Санаториялық-куроттық емделуге әлеуметтік көмекті қаржыландыру
3. Санаториялық-куроттық емделуге әлеуметтік көмекті қаржыландыру
Тармақ 3.1
3.1. Азаматтардың жеке санаттарына санаториялық-куроттық емделуге әлеуметтік көмекті қаржыландыру жергілікті бюджет қаржысынан жүргізіледі.
Тармақ 3.2
3.2. Санаториялық- куроттық емделуге әлеуметтік көмек беру бюджетпен көзделген қаржылар шегінде жүргізіледі.
Азаматтардың жеке санаттарына
санаториялық-куроттық емделуге
әлеуметтік көмек беру Ережесіне
қосымша
___________________________
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі
Санаториялық-куроттық емделуге әлеуметтік
көмек тағайындау туралы
ӨТІНІШ
Тегі ______________________________
Аты ______________________________
Әкесінің аты ______________________________
Мекенжайы______________________________
Телефоны ______________________________
Төлқұжат немесе куәлік ____________________________
№ _____________ берілді (қашан, кіммен) ____________
ТСН ______________________________
Жеке шот номері ________________банкінің филиалында
Маған санаториялық-курорттық емделуге ______________ теңге
(сома жазбаша)
мөлшерінде әлеуметтік көмек беруіңізді сұраймын
Бөлінген қаржыларды қатаң түрде мақсаты бойынша (санаторий-
профилакторийде санаториялық-куроттық емделу үшін) менің
жеке шотымнан санаторий-профилакторийдің есеп шотына
аудару арқылы пайдалануға міндеттенемін
___________________________________________________
Өтініш берген күні Өтініш иесінің қолы
___________________ ___________________
Өтініш иесі ұсынған құжаттардың анықтығын растаймын;
Өтінішті қабылданған тұлғаның Т.А.Ә.А., лауазымы:
_____________________________________________
(қолы)