Об утверждении Правил предоставления социальной помощи отдельным категориям граждан Күшін жойған
Басқа 0
Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек беру Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 37 бабынын 1 тармағының 14 тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін және оған теңестірілген тұлғаларды әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер туралы» Заңының 20 бабына сәйкес, аудандық мәслихатының 2005 жылғы 25 қаңтардағы (2005 жылғы 10 ақпандағы т/н № 1477) «2005 жылға арналған аудандық бюджет туралы» Аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 59 (2005 жылғы 20 қаңтардағы т/н № 1453) шешіміне өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы» № 67 шешімі негізінде, Жеңістің 60 жылдығы құрметіне аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек беру қоса берілген Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмекті төлеуді қамтамасыз етсін.
Басқа 3. Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек беру Ережесі
Тайынша ауданы әкімдігінің
2005 жылғы 15 ақпандағы № 107
қаулысымен бекітілді
Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек беру Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1.1
1.1. Берілген азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек беру Ережесі (одан әрі - Ереже) азаматтардың жеке санаттарына ақашадай әлеуметтік көмек беру тәртібін және шарттарын реттейді.
Тармақ 1.2
1.2. Әлеуметтік көмекті тағайындау ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен жүргізіледі.
Тармақ 1.3
1.3. Әлеуметтік көмек мына санаттардың азаматтарына беріледі:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және оларға теңестірілген тұлғаларға;
Тармақша 2
2) Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға;
Тармақша 3
3) Ұлы Отан соғысы жылдары қаза тапқан жауынгерлердің қайта тұрмысқа шықпаған жесірлеріне;
Тармақша 4
4) Ұлы Отан соғысы тылында жанкеші еңбегі және әскери мінсіз қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендері және медальдарымен наградталған тұлғаларға.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмекті тағайындаудың шарттары мен тәртібі
2. Әлеуметтік көмекті тағайындаудың шарттары мен тәртібі
Тармақ 2.1
2.1. Әлеуметтік көмекті алу үшін жоғарыда аталған санаттағы азаматтар жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) белгіленген үлгідегі өтініш (қоса беріледі);
Тармақша 2
2) осы санатқа жататындығын растайтын құжаттар көшірмесі;
Тармақша 3
3) жеке куәлік көшірмесі;
Тармақ 2.2
2.2. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қажетті құжаттар түскен күннен бес күндік мерзімде әлеуметтік көмек алуға үміткерлер өтініштерін қарастырады, алушылар істерін қалыптастырады және әлеуметтік көмек тағайындау туралы не болмаса оны тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 2.3
2.3. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартқан жағдайда бас тарту себебін жазбаша дәлелдейді және өтініш иесіне құжаттарын қайтарады.
Тармақ 2.4
2.4. Бас тартуға негіздеме алдын-ала жалған немесе жеткіліксіз мәліметтер мен құжаттар ұсынуы, және де өтініш иесі берілген Ереженің 1.3 тармағында көрсетілген азаматтар санаттарына жатпауы болып табылады.
Тармақ 2.5
2.5. Ұсынылған құжаттар және қабылданған шешімі негізінде ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әлеуметтік көмек алуға үміткерлер тізімдерін құрастырады және оларды екінші деңгейдегі банкке ұсынады.
Тармақ 2.6
2.6. Заңнамада белгіленген тәртіппен ақылы қызмет көрсетуге келісім жасалған банк ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұсынған ведомосты негізінде алушылар ашқан жеке шотқа сомаларды аударады.
Тармақ 2.7
2.7. Әлеуметтік көмек азаматқа 24000 теңге сомасында беріледі.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру
3. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру
Тармақ 3.1
3.1. Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмекті қаржыландыру жергілікті бюджет қаржысынан жүргізіледі.
Тармақ 3.2
3.2. Әлеуметтік көмек беру бюджетпен көзделген қаржылар шегінде жүргізіледі.
Азаматтардың жеке санаттарына
әлеуметтік көмек беру Ережесіне
аудан әкімдігінің 2005 жылы 15
ақпандағы № 107 қаулысымен
бекітілген қосымша
___________________________
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі
Әлеуметтік
көмек тағайындау туралы
ӨТІНІШ
Тегі ______________________________
Аты ______________________________
Әкесінің аты ______________________________
Мекенжайы______________________________
Телефоны ______________________________
Төлқұжат немесе куәлік ____________________________
№ _____________ берілді (қашан, кіммен) ____________
ТСН ______________________________
Жеке шот номері ________________банкінің филиалында
Маған ____________________________теңге
(сома жазбаша)
мөлшерінде әлеуметтік көмек беруіңізді сұраймын
Бөлінген қаржыларды қатаң түрде мақсаты бойынша менің жеке
шотымнан ____________________________________
____________________________________
есеп айырысу шотына аудару арқылы пайдалануға міндеттенемін
Өтініш берген күні Өтініш иесінің қолы
___________________ ___________________
Өтініш иесі ұсынған құжаттардың анықтығын растаймын;
Өтінішті қабылданған тұлғаның Т.А.Ә.А., лауазымы:
_____________________________________________
(қолы)