Об утверждении перечня территорий и сроков проведения поэтапной регистрации прав (обременений прав) на недвижимое имущество Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.09.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) кезең-кезеңмен тіркеуді жүргізу аумағының тізбесі мен мерзімін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы" 1995 жылғы 25 желтоқсандағы N 2727 заң күші бар Жарлығының 3-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) кезең-кезеңмен тіркеуді жүргізу аумағының тізбесі мен мерзімі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) кезең-кезеңмен тiркеудi жүргiзу аумағының тiзбесi мен мерзiмi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 наурыздағы N 269 қаулысымен бекітілген Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) кезең-кезеңмен тiркеудi жүргiзу аумағының тiзбесi мен мерзiмi N Әкiм­шiлiк-аумақ­тық бір­лік­тер­дің ата­уы Ке­зең-ке­зең­мен тiр­ке­удi жүр­гi­зу мер­зі­мі 1. Ал­ма­ты қа­ла­сы, Ақ­мо­ла, Шы­ғыс Қа­зақ­стан, Жам­был, Қа­ра­ған­ды, Пав­ло­дар, Сол­тү­стiк Қа­зақ­стан, Оң­тү­стiк Қа­зақ­стан об­лы­ста­ры "Мүлiк­тi жа­рия ету­ге бай­ла­ны­сты ра­қым­шы­лық жа­сау ту­ра­лы" Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы қол­да­ны­сқа ен­гiзiл­ген күнi­нен ба­стап 8-13 ай ара­лы­ғын­да 2. Аста­на қа­ла­сы, Ақ­тө­бе, Ал­ма­ты, Аты­рау, Ба­тыс Қа­зақ­стан, Қо­ста­най, Қы­зы­лор­да, Маң­ғы­стау об­лы­ста­ры "Мүлiк­тi жа­рия ету­ге бай­ла­ны­сты ра­қым­шы­лық жа­сау ту­ра­лы" Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы қол­да­ны­сқа ен­гiзiл­ген күнi­нен ба­стап 14-19 ай ара­лы­ғын­да