О выплате единовременной материально помощи участникам и инвалидам Великой Отечественной войны и другим категориям граждан Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және азаматтардың басқа да санаттарына біржолғы материалдық көмек төлеу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасы негізінде, облыс әкімдігінің 2005 жылғы 18 ақпандағы № А-3/56 «Ақмола облысы әкімдігінің 2004 жылғы 28 желтоқсандағы № А-1/312 «Облыстық мәслихаттың «2005 жылға арналған облыстық бюджет туралы» шешімін жүзеге асыру туралы» қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысының 1 тармағының 10 тармақшасын орындау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және азаматтардың басқа да санаттарына біржолғы материалдық көмек төлеу туралы ұсынып отырылған ережелер бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және азаматтардың басқа да санаттарына біржолғы материалдық көмек төлеу бойынша өкілетті орган болып «Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі белгіленсін.
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының Щучье аудандық бөлімшесіне (Е.Ю.Пьянкова) 2005 жылғы 1 сәуірге дейінгі мерзімде жоғарыда аталған азаматтардың санаттарының тізімін құру мен беру ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Қ.Алтаеваға жүктелсін.
Басқа 5
Щучье ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 16 наурыздағы № а-3/159 қаулысымен бекітілді Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және азаматтардың басқа да санаттарына біржолғы материалдық көмек төлеу ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тарау 1. 1. ЖАЛПЫ ҚАҒИДА
1. ЖАЛПЫ ҚАҒИДА
Тармақ 1
1. Осы ережелер келесі азаматтарға біржолғы материалдық көмекті төлеу тәртібін белгілейді: - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне; - мемлекеттік қауіпсіздік жене ішкі істер бөлімінің басшылық пен қатардағы қызмет құрамындағы азаматтарға; - екінші дүние жүзілік соғыс жылдары Германияға және оның одақтастарына қарсы партизандық отрядтардың құрамында әскери іс-кимылдарға қатысқан азаматтарға; - Ленинград қаласында блакада жылдарында еңбек еткен, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен және «Блокадалық Ленинградтың тұрғыны» белгісімен наградталған азматтарға; - жол қатынастары, байланыс және басқа да халық комиссариаттарының қызметкерлеріне; - Ұлы отан соғысында қаза болған (өлген, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің аналары мен екінші некеге отырмаған жұбайларына; - Бұрынғы КСРО-ның Ұлы отан соғысы жылдарында тылдағы мінсіз әскер қызметі және жанқиярлық еңбегі үшін медалдарымен және ордендерімен наградталған азаматтарға.
Тарау 2. 2. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІҢ МӨЛШЕРІ
2. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІҢ МӨЛШЕРІ
Тармақ 1
1. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Ұлы Отан соғысының әр қатысушысы мен мүгедектеріне 10 000 теңге және жоғарыда аталған азаматтардың санаттарына 5 000 теңге мөлшерінде біржолғы көмекті төлеуді жүзеге асырады.
Тарау 3. 3. БІРЖОЛҒЫ МАТЕРИАЛДЫҚ КӨМЕК ТӨЛЕУ
3. БІРЖОЛҒЫ МАТЕРИАЛДЫҚ КӨМЕК ТӨЛЕУ
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Щучее аудандық бөлімшесі (Е.Ю.Пьянкова) жоғарыда аталғаң азаматтардың Щучье ауданы бойынша санаттарының тізімін 2005 жылғы 31 наурыздағы мәлімет бойынша 2005 жылғы 1 сәуірге дейінл мерзімде құрады және қағаз бен электондық нұсқасын тапсырады.
Тармақ 2
2. Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі құрылған тізім негізінде алушылардың жеке есеп шоттарына қаржыны аудару жолымен біржолғы материалдық көмекті төлеуді іске асырады.
Тармақ 3
3. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және азаматтардың басқа да санаттарына біржолғы материалдық көмек төлеу облыстық бюджет есебінен жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Біржолғы материалдық көмек төлеу «Қазпошта» акционерлік қоғамы арқылы және заңнамада белгіленген тәртіппен конкурста ұтып шыққан, операциянын тиісті түрлеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясы бар банкілер арқылы жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Банкілік операцияларды іске асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарға жене «Қазпошта» акционерлік қоғамының органына біржолғы материалдық көмек телеу бойынша қызмет көрсетулеріне төлеу аталған ұйымдар мен жергілікті атқарушы органның арасында заңнамада белгіленген тәртіппен жасалған шарт негізінде жүргізіледі.