Об утверждении инструкции о порядке и условиях финансирования общественных работ Қолданыста
Басқа 0
Қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың парттары мен тәртібі туралы нұсқауды бекіту туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысын орындауда аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың шарттары мен тәртібі туралы нұсқауы бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. «Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Л.Б. Ужахова) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырған кезде осы нұсқаумен басшылық етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Қ. Нөгербековке жүктелсін.
Басқа 4. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың шарттары мен тәртібі туралы НҰСҚАУ
Қарасу ауданы әкімдігінің
2005 жылғы 28 ақпандағы №
72 қаулысымен бекітілді
Қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың шарттары мен тәртібі туралы НҰСҚАУ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың шарттары мен тәртібі туралы нұсқау (бұдан әрі - Нұсқау) ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін уақытша жұмыс орындарын беретін ұйымдармен негізгі шарттар мен есеп айырысу жүйесін реттейді.
Тармақ 2
2. Осы Нұсқауда пайдаланылатын негізі ұғымдар:
Тармақша 1
1) қоғамдық жұмыстар - атқарушы органдар ұйымдастыратын, кызметкердің алдын ала кәсіби даярлықтан отуін талап етпейтін, әлеуметтік пайдалы бағыттағы және азаматтарды уақытша жұмыспен қамтуды камтамасыз ету үшін, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың жолдамасы бойынша орындайтын еңбек қызметінің түрлері;
Тармақша 2
2) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) - аудан әкімі басқаратын, тиісті аумақты өз құзыры шегінде мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалық атқарушы органы;
Тармақша 3
3) нысаналы топтар - «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен белгіленген, жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар топтары.
Тарау 2. 2. Қоғамдық жұмыстары ұйымдастыру тәртібі
2. Қоғамдық жұмыстары ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 3
3. «Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) қоғамдық жұмыстарды орындауға қызметтре жөніндегі жұмыс берушілермен шарт жасайды.
Тармақ 4
4. Қоғамдык жұмыстар ұйымдарда уақытша жұмыс орындарын құру жолымен жүргізіледі және жергілікті бюджет қаражаттары есебінен қаржыландырылады.
Тармақ 5
5. Жұмыссыздарды уақытша жұмыс орындарымен қамтамасыз ету және ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбекақысын төлеуге арналған қаражаттарды әсерлі пайдалану мақсатында, жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджет қаражаттары есебінен мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) қоғамдық жұмыстарға сұраным ұсынысты анықтайды;
Тармақша 2
2) қоғамдық жұмыстардың түрлерді, көлемдерді мен орындаудың нақты шарттарды қоғамдық жұмыстарды өткізетін ұйымдардың тізбесін бекітеді.
Тармақ 6
6. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жергілікті атқару органның қаулысымен бекітілген ұйымдарда аудандык жұмыспен қамту және әлеуметтік багдарламалар бөлімімен жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Нысаналы топтарга жататын жұмыссыздар қоғамдық жұмыстарга қатысуға басымдық құқығы бар.
Тармақ 8
8. Қоғамдық жұмыстарды өткізу мерзімі алты айдан аспайды.
Тарау 3. 3. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру шарттары мен көздері
3. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру шарттары мен көздері
Тармақ 9
9. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбекақысын төлеу жұмыс берушісімен ай сайын жеке еңбек шартының шарттарына сәйкес және орындалған жұмыстың санына, күрделілігі мен сапасына байланысты жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Жұмыс берушілердің қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбекақыларын толеуге арналған шығыстары аудандық әкімдігінің каулысымен белгіленген мөлшерді жергілікті бюджет есебінен отіледі. Бюджеттік қаражаттары жұмыс берушілердің есеп шоттарына аударылады.
Тармақ 11
11. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың жергілікті бюджет есебінен төленетін жұмыс ақысы заңнамамен белгіленген тәртіпте салық салудан босатылады.
Тармақ 12
12. Жұмыс берушілер жергілікті бюджеттен ақшалай түсімдерді қатаң мақсатты тағайындау бойынша қолданады.
Тармақ 13
13. Жұмыс берушілер жергілікті бюджеттен еңбекақылары бойынша шығыстарды өтем үшін уәкілетті органына ай сайын жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың үзіндісін, жұмыс уақытын есептеу гізімдігін, жұмыс ақыны есептеудің тізімдеме-есебін, орындалган жұмыстардың актісін ұсынады. Қоғамдык жұмыстарға қатысқан азаматтардың еңбекақысы нақты орындалған көлемі бойынша жүргізіледі.
Тармақ 14
14. Қоғамдық жұмыстарға қатысқан жұмыссыздарға уақытша жұмысқа жарамсыздығы жөніндегі әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуді, денсаулыққа келтірілген зақым немесе басқа да зияндардың орнын толтыруды жұмыс беруші қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізеді.
Тарау 4. 4. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бақылау
4. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бақылау
Тармақ 15
15. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бақылау заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар жүзеге асырады.