Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен тәртібі туралы қағиданы бекіту туралы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен тәртібі туралы қағиданы бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы " Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына, Қостанай облысы әкімиятының 2002 жылғы 15 қаңтардағы № 8 "Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен тәртібі туралы ереже" мемлекеттік тіркеу № 1175 2002 жылғы 23 қаңтардағы қаулыларын басшылыққа алып, Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен тәртібі туралы қағида бекітілсін. (қосымша)
Тармақ 2
2. "Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі " мемлекеттік мекемесіне (М. Искаков) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырғанда осы қағиданы басшылыққа алсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Т. Әубәкіровқе жүктелсін.
Басқа 4. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен тәртібі туралы қағидалар
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Жангелдин ауданының әкімдігінің 4 наурыз 2005 ж. № 61 қаулысына қосымша Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен тәртібі туралы қағидалар Осы қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен тәртібі туралы ережелер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережелеріне сәйкес әзірленген.
Тарау 1. 1. ЖАЛПЫ ҚАҒИДАЛАР
1. ЖАЛПЫ ҚАҒИДАЛАР
Тармақ 1
1. Осы тәртіп арқылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін уақытша жұмыс орындарын беретін мекемелермен есеп айырысу жұйесін және негізгі талаптарды реттейді.
Тармақ 2
2. Осы тәртіпте пайданалатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) қоғамдық жұмыстар - атқарушы органдар ұйымдастыратын, қызметкердің алдын ала кәсіби даярлықтан өтуін талап етпейтін, әлеуметтік пайдалы бағыттағы және азаматтарды уақытша жұмыс- пен қамтуды қамтамасыз ету үшін, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың жолдамасы бойынша орындайтын еңбек қызметінің түрлері;
Тармақша 2
2) орталық атқарушы орган - халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды үйлестіріп отыратын мемлекеттік орган;
Тармақша 3
3) жергілікті атқарушы орган - тиісті аумақта өз қүзыры шегінде мемлекеттік басқаруды жұзеге асыратын, аудан, қала әкімі басқаратын, әкімдік;
Тармақша 4
4) нысаналы топтар "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңмен белгіленген, жұмысқа орналасуда қиындық көріп жұрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар топтары.
Тарау 2. 2. ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІ
2. ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІ
Тармақ 3
3. "Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыс берушілермен қоғамдық жұмысты атқаруға көрсететін қызмет жөнінде шарт жасадады.
Тармақ 4
4. Қоғамдық жұмыстар мекемелерде уақытша жұмыс орындарын құру жолымен жүргізіледі және мәслихаттың шешіміне сәйкес тиісті бюджеттің қаражатынан қаржыландырылады.
Тармақ 5
5. Жұмыссыздарды уақытша жұмыс орындарымен қамтамасыз ету және ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбек ақысын төлеуге арналған қаражатты тиімді пайдалану мақсатында, аудандық жергілікті атқарушы органдар төмендегі іс-шараларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсынысты айқындайды;
Тармақша 2
2) қоғамдық жұмыстар жүргізілетін мекемелердің тізбелерін, қоғамдық жұмыстарды орындаудың нақты жағдайларын, көлемін, түрін бекітеді.
Тармақ 6
6. Жұмыссыздарды аудандық жергілікті атқарушы органдарың қаулыларымен анықталған мекемелерге қоғамдық жұмыстарға жіберу аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Нысаналы топтарға кіретін жұмыссыздардың коғамдық жұмыстарға қатысуға басым құқығы бар.
Тарау 3. 3. ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТАЛАПТАРЫ МЕН КӨЗДЕРІ
3. ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТАЛАПТАРЫ МЕН КӨЗДЕРІ
Тармақ 8
8. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға еңбек ақы төлеуді жеке еңбек шартына сәйкес жұмыс беруші ай сайын жүзеге асырады және ол орындалған жұмыстың күрделілігіне, сапасына, санына байланысты.
Тармақ 9
9. Жұмыс берушілердің қоғамдық жұмысқа қатысушыларының еңбегіне төленген ақы шығыны, Қостанай облысы әкімдігінің қаулысымен анықталған мөлшерде, мәслихаттың шешіміне сәйкес тиісті бюджеттен өтеледі. Бюджеттік қаражат жұмыс берушілердің есеп-айырысу шоттарына аударылады.
Тармақ 10
10. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға мәслихаттың шешіміне сәйкес тиісті бюджеттен төленетін еңбек ақы заңнамалар белгіленген тәртіппен салықтан босатылады.
Тармақ 11
11. Жұмыс берушілер мәслихаттың шешіміне сәйкес тиісті бюджеттен түскен ақшаны қатаң түрде мақсатты пайдаланады.
Тармақ 12
12. Жұмыс берушілер еңбек ақыға төлеген шығыннын мәслихаттың шешіміне сәйкес тиісті бюджеттен қайтару үшін "Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне ай сайын орындалған жұмыстың кесімін беріп отырады. Қоғамдық жұмысқа қатысушы азаматтарға жалақы нақтылы істелген жұмыс үшін төленеді.
Тармақ 13
13. Қоғамдық жұмыстарға қатысушыларға мертігу немесе денсаулыққа келтірілген зақымның, зиянның орнын толтыру, еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеуді, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жұмыс берушілер жұргізеді.
Тарау 4. 4. ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІН БАҚЫЛАУ
4. ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІН БАҚЫЛАУ
Тармақ 14
14. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру тәртібін бақылауды заңнамамен белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар жүзеге асырады.