Об утверждении Правил содержания собак и кошек на территории Федоровского района Күшін жойған
Басқа 0
Федоров ауданының аумағында иттер мен мысықтарды ұстау Кағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10- бабы 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Федоров ауданының аумағында иттер мен мысықтарды ұстау Кағидалары бекітілсін (қосымша).
Басқа 2. Федоров ауданының аумағында иттер мен мысықтарды ұстау Қағидасы
Мәслихаттың 2005 жылғы 2 наурыздағы № 144 шешімімен бекітілген
Федоров ауданының аумағында иттер мен мысықтарды ұстау Қағидасы
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағида Федоров ауданының аумағында үй жануарларын, атап айтқанда иттерді, мысықтарды үстауды реттеу мақсатында әзірленді және жеке және заңды тұлғалардың осы Қағидаларды бұзғаны үшін жауапкершіліктерін белгілейді.
Тармақ 2
2. Қағида меншік түріне қарамастан иттер мен мысықтарды ұстайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға тарайды.
Тармақ 3
3. Осы Қағида Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" кодексіне, Қазақстан Республикасының "Жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы туралы" Заңына сәйкес әзірленді.
Тармақ 4
4. Кез - келген жануар иесінің меншігі болып табылады және кезкелген меншік ретінде заңмен қорғалады.
Тарау 2. 2. Иттер мен мысықтарды ұстау
2. Иттер мен мысықтарды ұстау
Тармақ 5
5. Ит, мысық иелері оларды үстауда санитарлық-гигиеналық және ветеринарлық-санитарлық қағидаларын сақтауға тиіс.
Тармақ 6
6. Ауласында иттер ұстайтын адамдар олардың қашып кетуіне жол бермеуге және оларды көршілерінің ауласынан алшақ ұстауға міндетті. Аулаға кіре берісте кақпада ит бар екендігі туралы ескертпе жазу болуы керек. Иттер мен мысықтарды ұстауда олардың саны шектелмейді. Бірақ ол көршілер наразылығын тудырмауы қажет.
Тармақ 7
7. Көшелерде және басқа қоғамдық орындарда иесіз өз бетімен жүрген иттер ауланады. Сол сияқты қадағалаусыз жүрген үй жануарлары да ауланады.
Тармақ 8
8. Иесі дүкендер мен аурухана маңдарында уақытша байлаулы жануарлардан басқа қоғамдық орындарда жүрген иесі жоқ иттер, мысықтар басқа да жануарлар қараусыз деп есептеледі.
Тарау 3. 3. Жануарлар иелерінің міндеттері
3. Жануарлар иелерінің міндеттері
Тармақ 9
9. Жануарлар иелері міндетті:
Тармақша 1
1) Жануарларды биологиялық ерекшеліктерге сәйкес ұстау, оларға мейірімділікпен қарау, қараусыз қалдырмау, ауыра қалған жағдайда уақытында ветеринарлық көмекке жүгіну;
Тармақша 2
2) Жануарларды осы Қағида талаптарына сай ұстауды қамтамасыз ету.
Тармақша 3
3) Ветеринарлық мекемелер мамандарының талаптары бойынша жануарларды диагностикалық зерттеуге және алдын ала емделу, қаралуға уақытында жеткізу.
Тармақша 4
4) Қоршаған орта қауіпсіздігін және тыныштық пен санитарлық қағидаларды сақтауды қамтамасыз ету шараларын қабылдау;
Тармақша 5
5) Жануарлар адамдарды немесе жануарларды тістеп алған жағдайда ол жөнінде жақын арадағы медициналық және ветеринарлық мекемелерге хабарлап, оларды қарау және оқшалау үшін ветеринарлық пункттерге мамандарға жеткізуге;
Тармақша 6
6) Жалпы пайдаланымдағы орындарды ластауды болдырмау;
Тармақша 7
7) Жануарлар өлекселерін кез-келген жерге тастамау. Жануарлар елекселері жойылуы тиіс.
Тармақ 10
10. Жануарлар иелері паразитті жәндіктерді және кемірушілердің пайда болуын алдын алу, жануарларды қараусыз, иесіз қалдырмау.
Тармақ 11
11. Жануарлардың иелері белгіленген мерзімдерде міндетті ветеринарлық іс-шараларын өткізуге, жануарлардың карантин тәртібін сақтауға, жұқпалы ауруларды жою жөніндегі іс-шаралар өткізуге міндетті.
Тарау 4. 4. Жануарлар иелерінің Қағиданы бұзғаны үшін жауапкершілігі
4. Жануарлар иелерінің Қағиданы бұзғаны үшін жауапкершілігі
Тармақ 12
12. Осы Қағидаларды бұзған кінәлі жеке және заңды тұлғалар Казақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 311-бабына сәйкес жауапқа тартылады.