Об учреждении ежегодных грантов акима области лучшим учителем и преподавателям казахского языка и литературы Күшін жойған
Басқа 0
Қазақ тілі мен әдебиетінің үздік мұғалемдері және оқытушыларына облыс әкімінің жыл сайынғы гранттарын тағайындау
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасының Заңы 27 бабы, 2 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегi № 151 Заңының 25-2 бабы, 4 тармағына, Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасына, 2005-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы бiлiм саласын дамыту мемлекеттiк бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығының 3 тармағына сәйкес бiлiм саласында мемлекеттiк тiлдi дамытуда жоғары нәтижелерге қол жеткiзген қазає тiлi мен әдебиетi мұғалiмдерi мен оқытушыларын мемлекеттiк қолдау және әлеуметтiк мәртебесiн арттыру мақсаттарында облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Облыстық ең үздiк қазақ тiлi мен әдебиетi мұғалiмдерi және оқытушыларына облыс әкiмiнiң жыл сайынғы гранттары тағайындалсын (iлгерiде -гранттар).
Тармақ 2
2. Қоса берiлген гранттарды тағайындау Ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 3
3. 2005 жылға жалпы бiлiм беретiн мектептер және кәсiптiк мектептердiң ең үздiк қазақ тiлi мен әдебиетi мұғалiмдерiне және колледж оқытушыларына қоса берiлген есептерге сәйкес 750 грант тағайындалсын.
Басқа 4
Облыс әкiмдiгiнiң 2005 жылғы
10 наурыздағы № 68 қаулысымен
Бекiтiлген
Облыстың ең үздiк қазақ тiлi мен әдебиетi мұғалiмдерi және
оқытушыларына облыс әкiмiнiң жыл сайынғы гранттарын
тағайындау ережелерi
Тармақ 1
1. Облыстың үздiк қазақ тiлi мен әдебиетi мұғалiмдерi және оқытушыларына облыс әкiмiнiң жыл сайынғы гранттары (iлгерiде - гранттар) оларды материалдық ынталандырудың нысаны болып табылады және бiлiм саласында мемлекеттiк тiлдi дамытуда жоғары нәтижелерге қол жеткiзген облыстық қазақ тiлi мен әдебиетi мұғалiмдерi және оқытушыларын мемлекеттiк қолдау және әлеуметтiк мәртебесiн арттыру мақсаттарында, мемлекеттiк тiлге оқытудың сапасын жақсарту, мақсаттарында облыстық үздiк қазақ тiлi мен әдебиетi мұғалiмдерi және оқытушыларына тағайындалады.
Тармақ 2
2. Гранттарды алуға үмiткерлер жоғары кәсiптiк бiлiм бар облыстық жалпы бiлiм беретiн және кәсiптiк мектептерiнiң, колледждердiң мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарының қазақ тiлi және әдебиетi мұғалiмдерi мен оқытушылары (iлгерiде -үмiткерлер) болып табылады.
Тармақ 3
3. Гранттар ағымдағы күнтiзбелiк (қаржылық) жылға тағайындалады және сәйкес жергiлiктi бюджеттердiң қаражаттарынан төленетiн ай сайынғы ақшалай сыйлықақы болып табылады.
Тармақ 4
4. Гранттардың мөлшерi және иегерлердiң жалпы саны жыл сайын облыс әкiмдiгiнiң қаулысымен ағымдағы күнтiзбелiк (қаржылық) жылға бекiтiледi.
Тармақ 5
5. Үмiткерлерге гранттар сәйкес атқарушы бiлiм беру органдарының ұсынысы бойынша (iлгерiде-жұмыс топтары) облыстық, қалалық және аудандық жұмыс топтарының шешiмдерi негiзiнде конкурс арқылы тағайындалады.
Тармақ 6
6. Жұмыс топтарының құрамдары сәйкес әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерi әкiмдерiнің әкiмдерiмен жыл сайын бекiтiледi. Комиссия мүшелерiнiң жалпы саны тақ санды құрауы тиiстi.
Тармақ 7
7. Гранттарды тағайындау туралы шешiм жұмыс топтарының отырыстарында көпшiлiк дауыспен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
Тармақ 8
8. Жұмыс топтарының шешiмi негiзiнде сәйкес әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк әкiмiнiң әкiмiмен гранттар тағайындалған үмiткерлердiң тiзiмi бекiтiледi.
Тармақ 9
9. Үмiткерлердi iрiктеу кезiнде гранттар тағайындау үшiн негiзгi критерийлер мыналар болып табылады:
оқушылардың қазақ тiлi мен әдебиетiнен бiлiм деңгейлерi, олардың мектептiк, аудандық, қалалық, облыстық олимпиадаларға, зерделiк және шығармашылық конкурстарға қатысулары және нәтижелерi;
педагогикалық шеберлiктерiн жетiлдiрулерi, оқу-тәрбие үрдiсiнде ақпараттықты қоса, оқытудың казiргi заманғы технологияларын пайдалану;
мемлекеттiк тiлдiң қолдану аясын кеңейтуге бағытталған iс-шараларға қатысу
мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарының тәрбиеленушiлерiнiң тiлдiк ортаға және қазақ тiлiн ерте үйренуге бейiмделу деңгейi.
Тармақ 10
10. Жұмыс тобының шешiмi бойынша әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк әкiмiнiң әкiмiмен иегерге грант төлеу осы Ереженiң 9 тармағында көрсетiлген жағдайларды қадағаламаған жағдайда мерзiмiнен бұрын тоқтатылады.
Басқа 15
Облыс әкiмдiгiнiң 2005 жылғы
10 наурыздағы № 68 қаулысымен
Бекiтiлген
2005 жылға арналған қазақ тілі мен әдебиеті оқытушыларына
облыс әкімінің гранттарын тағайындау бойынша есептер
№ р\
с
Аудан
атаулары
Мұғалімдердің
саны
Жоғар
кәсіптік
білімі
бар мұғалімдердің
саны
Сыйлықақы
берілетін
мұғалімдердің
саны
Сыйлықақы
мөлшері
(теңге)
Ай
сайынғы
шығыстардың
саны
Жыл
сайынғы
шығыстардың
сомасы
(мың
теңге)
1
Айыртау
142
101
68
5800
394
4728
2
Ақжар
60
45
34
5800
197
2364
3
Аққайын
71
47
34
5800
197
2364
4
Ғ. Мүсірепов
113
72
54
5800
313
3756
5
Есіл
81
50
48
5800
278
3336
6
Жамбыл
101
53
32
5800
186
2232
7
Қызылжар
102
62
42
5800
244
2928
8
М.Жұмабаев
110
70
46
5800
267
3204
9
Мамлют
65
50
34
5800
197
2364
10
Тайынша
120
84
46
5800
267
3204
11
Тимирязев
41
24
18
5800
104
1248
12
Уәлиханов
65
45
38
5800
220
2640
13
Шал ақын
81
53
42
5800
244
2928
14
Петропавл
228
206
170
5800
986
11832
15
Облыстық мекемелер
106
66
44
5800
255
3060
Барлығы
1486
1028
750
87000
4349
52188