Об учреждении ежегодных премий акима Северо-Казахстанской области в сфере образования Күшін жойған
Басқа 0
Білім саласында Солтүстік Қазақстан әкімінің жыл сайынғы сыйлықақыларын тағайындау туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасының Заңы 27 бабы, 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "2005-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы бiлiм берудi дамыту мемлекеттiк бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығының 3 тармағына сәйкес, облыстың бiлiм саласын дамытуда елеулi жеке үлес қосқан, өскелең ұрпақты оқытуда және тәрбиелеуде жоғары нәтижелерге, сондай ақ педагогикалық және қоғамдық қызметте айрықша жетiстiктерге қол жеткiзген педагогикалық қызметкерлердi мемлекеттiк қолдау және әлеуметтiк мәртебесiн арттыру маєсаттарында облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бiлiм саласында Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң жыл сайынғы сыйлықақылары тағайындалсын (iлгерiде - сыйлықақылар).
Тармақ 2
2. Қоса берiлген сыйлықақыларды тағайындау Ережесi бекiтiлсiн
Тармақ 3
3. 2004 жылдың қорытындысы бойынша қоса берiлген шығыстар сметасына сәйкес жалпы сомасы 1600,0 мың теңгеге бiлiм беру саласында облыс әкiмiнiң бiрiншi дәрежедегi он сыйлықақысы, екiншi дәрежедегi он сыйлықақысы және үшiншi дәрежедегi он төрт сыйлықақысы тағайындалсын.
Тармақ 4
4. Бiлiм департаментi 2004 жылдың қорытындысы бойынша шығыстар сметасына сәйкес сыйлықақылар төлеу үшiн 261-001-003 "Бiлiм департаменттерiнiң (басқармаларының) қызметтерiн қамтамасыз ету. Жергiлiктi орган аппараттары" бюджеттiк бағдарламасын қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
Басқа 5
Облыс әкiмдiгiнiң 2005 жылғы
«10» наурыздағы № 67 қаулысымен
бекiтiлген
Бiлiм саласында Солтүстiк Қазақстан
облысы әкiмiнiң жыл сайынғы сыйлықақыларын тапсыру
ЕРЕЖЕСІ
Тармақ 1
1. Бiлiм саласында Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң жыл сайынғы сыйлықақылары (iлгерiде-сыйлықақы) педагогикалық қызметкерлердi мемлекеттiк қолдау және әлеуметтiк мәртебесiн арттыру мақсаттарында тапсырылады және оларды облыстың бiлiм саласын дамытуда елеулi жеке үлес қосқаны, өскелең ұрпақты оқытуда және тәрбиелеуде жоғары нәтижелерге, сондай ақ педагогикалық және қоғамдық қызметте айрықша жетiстiктерге қол жеткiзгендерi үшiн материалдық көтермелеудiң нысаны болып табылады.
Тармақ 2
2. Сыйлықақы алуға үмiткерлер облыстық бiлiм саласының педагогикалық қызметкерлерi болып табылады.
Тармақ 3
3. Сыйлықақы жергiлiктi бюджеттердiң қаражаттарынан төленетiн бiр жолғы ақшалай сыйлық болып табылады және төмендегi түрлерге бөлiнедi:
бiрiншi дәрежелi
екiншi дәрежелi
үшiншi дәрежелi
Тармақ 4
4. Сыйлықақының түрлерi, саны және мөлшерi жыл сайын облыс әкiмдiгiнiң қаулысымен келген күнтiзбелiк (қаржылық) жылға өткен жылдың қорытындылары бойынша бекiтiледi.
Тармақ 5
5. Үмiткерлерге Сыйлықақылар облыстық бiлiм департаментiнiң, аудандық және қалалық бiлiм және спорт бөлiмдерiнiң ұсынысы бойынша конкурстық негiзде тағайындалады.
Тармақ 6
6. Сыйлық алуға үмiткерлердi iрiктеу кезiнде негiзгi критериилер мыналар болып табылады :
оқушылардың (студенттердiң) оқытылатын пән бойынша бiлiм сапасы, олардың олимпиадаларға, зерделiк және шығармашылық конкурстарға қатысулары және нәтижелерi, педагогикалық шеберлiктерiн жетiлдiрулерi, оқу-тәрбие үрдiсiнде ақпараттыєты қоса, оқытудың қазiргi заманғы технологияларын пайдалану,
ашық сабақтарды, дәрiстердi, сабақтарды немесе оларды панорамалық қорғауды жоғары ғылыми-әдiстемелiк деңгейде әзiрлеу және өткiзу;
өңiрдiң қоғамдық өмiрiне белсендi қатысу, насихаттық және тәлiмгерлiк қызмет;
Тармақ 7
7. Сыйлықақы алуға үмiткерлер сыйлықақы тапсыру бойынша облыстық жұмыс тобының¦ (әрiде-жұмыс тобы) отырысында қарастырылады.
Тармақ 8
8. Жұмыс тобының құрамы облыс әкiмiнiң шешiмiмен жыл сайын бекiтiледi. Жұмыс тобы мүшелерiнiң жалпы саны тақ санды құрауы тиiстi.
Тармақ 9
9. Сыйлықақыларды тапсыру туралы шешiм жұмыс тобының отырысында көпшiлiк дауыспен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
Тармақ 10
10. Жұмыс тобының шешiмi негiзiнде облыс шешiмiнiң сыйлықақы тапсырылатын үмiткерлердiң тiзiмi бекiтiледi.
Басқа 16
Облыс әкiмдiгiнiң 2005 жылғы
«10» наурыздағы № 67 қаулысымен
бекiтiлген
Бiлiм саласында Солтүстiк Қазақстан облысы Ўкiмiнiң
жыл сайынғы сыйлықақыларын тапсыру бойынша шығыстар
СМЕТАСЫ
Сыйлықақылардың атауы
Сыйлықақылардың мөлшерi (мың.теңге)
Сыйлық-ақылардың саны
Жалпы сомасы (мың теңге)
Бiрiншi дәрежедегi сыйлық
75,0
10
750,0
Екiншi дәрежедегi сыйлық
50,0
10
500,0
Үшiншi дәрежедегi сыйлық
25,0
14
350,0
Барлығы: 1600,0 мың теңге