Об установлении ежемесячного денежного содержания ведущим спортсменам области Күшін жойған
Басқа 0
Облыстың жетекші спортшыларына ай сайынғы ақшалай ұстауды белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 12 наурыздағы № 570 Жарлығын орындау мақсатында, «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы № 490 Заңының 30 бабы 2 тармағына сәйкес облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әр спорт түрлерiнен республикалық және облыстық құрама командалар құрамына кiретiн облыстың жетекшi спортшыларына ай сайынғы ақшалай ұстау (әрi қарай - ай сайынғы ақшалай ұстау) бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қоса берiлген ай сайынғы ақшалай ұстауды төлеу Ережелерi бекiтiлсiн.
Басқа 3
Облыс әкiмдiгiнiң
2005 жылғы « 10 » наурыздағы
№ 66 қаулысымен бекiтiлген
Облыстың жетекшi спортшыларына
ай сайынғы ақшалай ұстауды төлеу
Ережелерi
Тармақ 1
1. Ай сайынғы ақшалай ұстау әр спорт түрлерiнен республикалық және облыстық құрама командалар құрамына кiретiн халықаралық және республикалық деңгейдегi жарыстарда жоғары спорт жетiстiктерiне жеткен облыстың көрнектi спортшыларына оқу-жаттығу үдерiсiн және спорттық шеберлiк сапасын арттыру, облыста мамандырылған кадрларды сақтау және олардың материалдық тұрмыстық жағдайларын жақсарту мақсатында белгiленедi.
Тармақ 2
2. Тұрақты жоғары спорттық нәтиже көрсететiн және республика және облыс беделiн көтеруге жағдай жасайтын әр спорт түрлерiнен республикалық және облыстық құрама командалардың мүшелерi (әрi қарай - үмiткерлер) ай сайынғы ақшалай ұстауды алуға үмiткерлер бола алады.
Тармақ 3
3. Ай сайынғы ақшалай ұстаудың саны және мөлшерi облыс әкiмдiгiнiң қаулысымен ағымды күнтiзбелiк (қаржылық) жылға белгiленетiн облыс бюджет қаржысынан ай сайынғы ақшалай төлемдер түрiнде болады.
Тармақ 4
4. Ай сайынғы ақшалай ұстауды төлеу мерзiмi - ағымды күнтiзбелiк (қаржылық) жыл.
Тармақ 5
5. Ай сайынғы ақшалай ұстауды алуға үмiткерлердiң тiзiмдiк құрамы жыл сайын 25 желтоқсанға дейiн облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұсынысымен ай сайынғы ақшалай ұстауды белгiлеу жөнiндегi жұмыс тобының (әрi қарай - жұмыс тобы) шешiмi негiзiнде айқындалады.
Тармақ 6
6. Жұмыс тобының құрамы жыл сайын облыс әкiмiнiң шешiмiмен бекiтiледi. Жұмыс тобы мүшелерiнiң жалпы саны тақ есептi болуы керек.
Тармақ 7
7. Ай сайынғы ақшалай ұстауды белгiлеу туралы шешiм жµмыс тобының отырысында дауыстың көпшiлiгiмен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
Тармақ 8
8. Жұмыс тобының шешiмi негiзiнде облыс әкiмiнiң шешiмiмен ай сайынғы ақшалай ұстау белгiленген үмiткерлер тiзiмi бекiтiледi.
Тармақ 9
9. Жұмыс тобының шешiмi бойынша облыс әкiмiнiң шешiмiмен республикалық және халықаралық жарыстарда жоғры тұрақты спорт жетiстiктерi жоқ, республикалық немесе облыстық құрама командасы құрамынан шығарып тасталған және спорттық тәртiптi бұзған спортшыларға ай сайынғы ақшалай ұстауды төлеу мезгiлден бұрын тоқтатылуы мүмкiн.