Об учреждении ежегодных премий акима Северо-Казахстанской области в сфере здравоохранения Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Денсаулық сақтау саласында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жыл сайынғы сыйлықақысының тағайындалуы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетті басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 27 бабы 2 тармағына, "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінін 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығының 3 тармағына, облыстық мәслихаттың 2005 жылғы 24 қаңтардағы үшінші шақырылған (кезектен тыс) ХХІ сессиясында бекітілген № 13/3 Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес, облыстың денсаулық сақтау саласын дамытуда салауатты өмір салтын насихаттауда қомақты жеке үлес қосқан медицина қызметкерлерін мемлекеттік қолдау және әлеуметтік мәртебесін арттыру мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Денсаулық сақтау саласында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жыл сайынғы сыйлықақысы (бұдан әрі сыйлықақы) тағайындалсын.
Тармақ 2
2. Қоса берілген сыйлықақы беру ережесі бекітілсін.
Басқа 3
Облыс әкiмдiгiнiң 2005 жылғы «10» наурыздағы № 65 қаулысымен бекiтiлген Денсаулық сақтау саласында Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң жыл сайынғы сыйлықақысын тағайындау ЕРЕЖЕСI
Тармақ 1
1. Денсаулық сақтау саласында Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң жыл сайынғы сыйлықақысы (бұдан әрi - сыйлықақы) медицина қызметкерлерiн мемлекеттiк қолдау мен әлеуметтiк мәртебесiн көтеру мақсатында берiледi және оларды облыстың денсаулық сақтау саласын дамытуда, салауатты өмiр салтын насихаттауда қосқан қомақты жеке үлестерi үшiн материалдық көтермелеу нысаны болып табылады.
Тармақ 2
2. Келесi сыйлықақы түрлерi тағайындалады: 1 дәрежелi; 2 дәрежелi; 3 дәрежелi.
Тармақ 3
3. Сыйлықақы алуға кандидаттар облыстың денсаулық сақтау саласының медицина қызметкерлерi болып табылады.
Тармақ 4
4. Сыйлықақы облыстық бюджет қаражатынан төленетiн бiр жолғы ақшалай сыйақы.
Тармақ 5
5. Сыйлықақының түрлерi, саны және мөлшерi басталған күнтiзбелiк (қаржылық) жылы аяқталған жылдың қорытындылары бойынша жыл сайын облыс әкiмдiгiнiң қаулысымен бекiтiледi.
Тармақ 6
6. Сыйлықақы беруге кандидатураларды іріктеу кезіндегі негізгі өлшемдер мыналар болып табылады: -денсаулық сақтау негізгі көрсеткіштері; -кәсіби шеберлігін жетілдіру, емдеудің қазіргі әдістерін қолдану; -салауатты өмір салтын насихаттау; -өңірдің қоғамдық өміріне белсенді қатысу, насихаттаушылық және тәлiмгерлiк қызмет;
Тармақ 7
7. Сыйлықақы алуға кандидатуралар облыстық денсаулық сақтау департаментiмен ұсынылады және сыйлықақы беру жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - комиссия) отырысында қарастырылады.
Тармақ 8
8. Комиссия құрамы жыл сайын облыс әкiмдiгiнiң қаулысымен бекiтiледi. Комиссия мүшелерiнiң жалпы саны тақ санды құрауы тиiс. Сыйлықақы тағайындау туралы шешiм комиссия отырысында ашық дауыс беру арқылы дауыстардың көпшiлiгiмен қабылданады.
Тармақ 9
9. Комиссия шешiмiнiң негiзiнде облыс әкiмiнiң шешiмiмен сыйлықақы тағайындалатын кандидаттар тiзiмi бекiтiледi.