Об утверждении Правил оказания единовременной материальной помощи по программе «Социальные выплаты отдельным категориям граждан по решению местных представительных органов» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер» бағдарламасы бойынша біржолғы материалдық көмек көрсету Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемелекеттік басқару туралы» Заңының 37 бабының 1 тармағының 14 тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер туралы» Заңының 20 бабына сәйкес, Тайынша аудандық мәслихатының 2004 жылғы 24 желтоқсандағы «2005 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 59 (2005 жылғы 20 қаңтардағы т/н №1453) шешімі негізінде аудан әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса берілген «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер» бағдарламасы бойынша біржолғы материалдық көмек көрсету Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі біржолғы материалдық көмекті төлеуді қамтамасыз етсін.
Басқа 3. «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер» бағдарламасы бойынша біржолғы материалдық көмек көрсету Брежесі
Тайынша ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 5 наурыздағы №150 қаулысымен Бекітілді «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер» бағдарламасы бойынша біржолғы материалдық көмек көрсету Брежесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1.1
1.1. Берілген «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер» бағдарламасы бойынша біржолғы материалдық көмек көрсету Ережесі (одан әрі - Ереже) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, оларға теңестірілген тұлғаларға, Ұлы Отан соғысы жылдары қаза тапқан жауынгерлердің қайта тұрмысқа шықпаған жесірлеріне, кәмелеттік жасқа толмаған концлагерлер тұтқындарына, Ұлы Отан соғысы жылдары алты айдан кем емес жұмыс істеген тыл еңбеккерлеріне бір жолғы материалдық көмек көрсету тәртібін белгілейді.
Тармақ 1.2
1.2. Бір жолғы материалдық көмекті Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, оларға теңестірілген тұлғалардың, Ұлы Отан соғысы жылдары қаза тапқан жауынгерлердің қайта тұрмысқа шықпаған жесірлерінің, кәмелеттік жасқа толмаған концлагерлер тұтқындарының, Ұлы Отан соғысы жылдары алты айдан кем емес жұмыс істеген тыл еңбеккерлерінің алуға құқығы бар.
Тармақ 1.3
1.3. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, оларға теңестірілген тұлғаларға, Ұлы Отан соғысы жылдары қаза тапқан жауынгерлердің қайта тұрмысқа шықпаған жесірлеріне, кәмелеттік жасқа толмаған концлагерлер тұтқындарына, Ұлы Отан соғысы жылдары алты айдан кем емес жұмыс істеген тыл еңбеккерлеріне біржолғы материалдық көмекті тағайындау Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен жүргізіледі.
Тарау 2. 2. Біржолғы материалдық көмек көрсетудің шарттары мен тәртібі
2. Біржолғы материалдық көмек көрсетудің шарттары мен тәртібі
Тармақ 2.1
2.1. Біржолғы материалдық көмекті беру үшін осы Ереженің 1.2 тармағында көрсетілген санаттағы азаматтар жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) белгіленген үлгідегі өтініш (қоса беріледі);
Тармақша 2
2) Жеке куәлік көшірмесі;
Тармақша 3
3) осы санатқа жататындығын растайтын құжат көшірмесі;
Тармақ 2.2
2.2. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі біржолғы материалдық көмек алуға үміткерлер өтініштерін қарастырады және біржолғы материалдық көмек тағайындау туралы не болмаса оны тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 2.3
2.3. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі біржолғы материалдық көмек тағайындаудан бас тартқан жағдайда бас тарту себебін жазбаша дәлелдейді және өтініш иесіне құжаттарын қайтарады.
Тармақ 2.4
2.4. Бас тартуға негіздеме:
Тармақша 1
1) толық емес құжаттар пакетін ұсынуы;
Тармақша 2
2) өтініш иесінің берілген Ереженің 1.2 тармағында көрсетілген азаматтар санаттарына жатпауы болып табылады.
Тармақ 2.5
2.5. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, оларға теңестірілген тұлғаларға, Ұлы Отан соғысы жылдары қаза тапқан жауынгерлердің қайта тұрмысқа шықпаған жесірлеріне, кәмелеттік жасқа толмаған концлагерлер тұтқындарына, Ұлы Отан соғысы жылдары алты айдан кем емес жұмыс істеген тыл еңбеккерлеріне біржолғы материалдық көмекті тағайындау Жеңістің 60 жылдығына арнайы жүргізіледі.
Тармақ 2.6
2.6. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі біржолғы материалдық көмек алуға үміткерлер тізімдерін құрастырады және оларды екінші деңгейдегі банкке ұсынады.
Тармақ 2.7
2.7. Заңнамада белгіленген тәртіппен ақылы қызмет көрсетуге келісім жасалған банк ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұсынған ведомосты негізінде алушылар ашқан жеке шотқа сомалар аударуын жүргізеді.
Тарау 3. 3. Саяхаттық жол жүруге әлеуметтік көмекті қаржыландыру
3. Саяхаттық жол жүруге әлеуметтік көмекті қаржыландыру
Тармақ 3.1
3.1. Бір жолғы материалдық көмекті қаржыландыру жергілікті бюджет каржысынан жүргізіледі.
Тармақ 3.2
3.2. Бір жолғы әлеуметтік көмекті көрсету бюджетпен көзделген каржылар шегінде жүргізіледі.
Тарау 4. 4. Бақылауды іске асыру
4. Бақылауды іске асыру
Тармақ 4.1
4.1. Біржолғы материалдық көмек тағайындау бойыңша уәкілетті орган Казақстан Республикасының Заңды актілерімен сәйкес әлеуметтік көмекті тағайындау дұрыстығына жауапты болады.
Тармақ 4.2
4.2. Біржолғы материалдық көмекті тағайындаудың және төлеудің дұрыстығын бақылау қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамаларға сәйкес жүргізіледі. Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 5 наурыздағы №150 қаулысымен бекітілген «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер» бағдарламасы бойынша біржолғы материалдық көмек көрсету Ережесіне қосымша __________________________ жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Біржолғы материалдық көмек тағайындау туралы ӨТІНІШІ Тегі ______________________________ Аты ______________________________ Әкесінің аты ______________________________ Мекенжайы______________________________ Телефоны ______________________________ Төлқұжат немесе куәлік ____________________________ № _____________ берілді (қашан, кіммен) ____________ ТСН ______________________________ Жеке шот номері ________________банкінің филиалында Маған __________________________________ теңге (сома жазбаша) мөлшерінде біржолғы материалдық көмек беруіңізді сұраймын Өтініш берген күні Өтініш иесінің қолы ___________________ ___________________ Өтініш иесі ұсынған құжаттардың анықтығын растаймын; Өтінішті қабылданған тұлғаның Т.А.Ә.А., лауазымы: _____________________________________________ (қолы)