Об утверждении Правил предоставления социальной помощи отдельным категориям граждан Қолданыста
Басқа 0
Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы
«Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен оларға теңестірілген тұлғаларды әлеуметтік коғау және жеңілдіктер көрсету туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі №2247 Қазақстан Республикасы Занының 20 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығын мерекелеуді дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар Жоспарын бекіту туралы» 2004 жылғы 10 қарашадағы №1173 қаулысын орындауға, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығын өткізу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру үшін аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Азаматтардың жеке санатарына әлеуметтік көмек көрсету ережелері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық экономика және қаржы бөлімінің бастығы М.И. Омароваға аудан бюджетімен бекітілген қаражат шегінде әлеуметтік көмекті қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне С.С. Доровикке әлеуметтік көмектің тағайындалуын және алушылардын жеке есепшоттарына қаржыны аударуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Б.Төреноваға жүктелсін.
Басқа 5
Бекітілген
Аудан әкімінің 2005 жылғы 10 наурыз
№ 90 Азаматтардың жеке санаттарына
әлеуметтік көмек көрсету
Ережелерін бекіту туралы
қаулысымен
Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету ережелері
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ережелер «Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен оларға теңестірілген тұлғаларды әлеуметтік қоғау және жеңілдіктер көрсету туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі №2247 Қазақстан Республикасы Заңының 20 бабына сәйкес, Қазақстан Республиқасы Үкіметінің «1941-1945 жылдардың Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығын мерекелеуді дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар Жоспарын бекіту туралы» мерекеуледі дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» 2004 жылғы 10 қарашадағы №1173 қаулысына сәйкес әзірленген, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығын өткізу үшін тағайындалған.
Тармақ 2
2. Осы ережде төмендегі түсініктер пайдаланылады:
Тармақ 2.1
2.1. Уәкілдік орган - жұмыспен қамту және әлеуметтік багдарламалар бөлімі;
Тармақ 2.2
2.2. Бюджеттік бағдарламалардың әкімгері - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі;
Тармақ 2.3
2.3. Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтардың жеке санаттары - Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектер және оларға теңестірілген тұлғалар; қаза тапқан әскерлердің, қайтадан некеге тұрмаған жесірлер, Мағжан Жұмабаев ауданының аумағында тұрақты тұратын, кәмелет жасқа толмаған бұрынғы тұтқындар мен тұлғалар, Ұлы Отан соғысы жылдары жау тылында ерлік еңбек және әскери қызмет еткені үшін бұрынғы Советтік Социалистік Республикалар Одағының ордендермен және медальдерімен марапатталғандар.
Тарау 2. 2. Тағайындау тәртібі
2. Тағайындау тәртібі
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін азаматтардың жеке санаттары санынан өтініш берушілер уәкілдік органға төмендегі кұжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) белгіленген үлгідегі өтініш
Тармақша 2
2) Ұлы Отан соғысына қатысқандар үшін Ұлы Отан соғысына қатысқандығы мәртебесін куәландыратын құжаттың көшірмесі
Тармақша 3
3) Ұлы Отан соғысының мүгедектері үшін медициналық-әлеуметтік сараптау комиссияның қорытындысы,
Тармақша 4
4) қаза тапқан әскерлердің жесірлері үшін- некеге тұру туралы куәлік пен әскердің қаза табу фактісін куәландыратын құжат,
Тармақша 5
5) кәмелет жасқа толмаған бұрынғы тұтқындар үшін - соғыс жылдары бостандықта болмаған фактісін куәландыратын мұрағаттан, Ұлттық қауіпсіздік комитетінен анықтама не соттың шешімі, ерлік еңбегі үшін
Тармақша 6
6) медальмен марапатталғандар үшін - ерлік еңбегі үшін марапаттау туралы куәлік
Тармақша 7
7) жеке куәліктің көшірмесі.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін өтініштер құжаттар түскен күннен бастан он күннін ішінде қарастыралады.
Тарау 3. 3. Қаржыландыру және төлеу тәртібі
3. Қаржыландыру және төлеу тәртібі
Тармақ 5
5. Азаматтардын жеке санаттарына әлеуметтік көмекті төлеу Мағжан Жұмабаев ауданынын жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен ұсынылған, алушылардың тізіміне сәйкес алушылардың жеке есепшоттарына қаржыны аударумен зейнетақы төлеу жөніндегі уәкілдік орган арқылы жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге әлеуметтік көмекті қаржыландыру аудандық бюджет қаражатынан шығыстарды функционалдық топтастыру коды 451-007-000-332 «Жергілікті өкілдік органнын шешімі бойынша азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер» бойынша жүргізіледі, 451-015-019-332 «Соғысқа қатысушылар мен мүгедектерге біржолғы көмек төлемі»
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмек аудандық бюджеттің қаражатынан қаржыландырылады. Бюджеттік багдарламалардың әкімгерлері тізімдерге сәйкес экономика және қаржы бөліміне қаржыландыруға өтінімдерді ұсынады.
Тарау 4. 4. Жүргізу, бақылау және есеп беру тәртібі
4. Жүргізу, бақылау және есеп беру тәртібі
Тармақ 8
8. Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне әлеуметтік көмек 56 (елу алты мың) теңге мөлшерде аудан бюджетімен қарастырылған қаржы бөлу шеңберінде тағайындалады. Бұнда үміткерлер аудандық ардагерлер Кеңесімен ұсынылады. Ережелердің 2.3. тармағында аталған санаттарға уәкілдік органның шешімі бойынша талайындалады:
әлеуметтік көмек 24000 (жиырма төрт мың) теңге мөлшерде аудан бюджетімен қарастырылған қаржы бөлу шеңберінде өтініштерді берудің кезегі тәртібінде.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік көмекті заңсыз төлегені үшін кінәлы тұлғалар заңмен белгіленген тәртіпте жауапкершілік тартады.
Тармақ 10
10. Ақша қаражатының мақсаты пайдаланылуын бақылау экономика және қаржы бөліміне жүктеледі.
Тармақ 11
11. Ақша төлеудің заңсыз төлегенген сомасы қолданыстағы заңға сәйкес кінәлі тұлғалар есебінен заңмен белгіленген тәртіпте қайтарылуы тиіс.