О создании районной бюджетной комиссии Қолданыста
Басқа 0
Аудандық бюджеттік комиссияны құру туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548-11 Бюджеттік кодексінің 64 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бюджеттік жобаны уақтылы және сапалы дәйектеуді қамтамасыз ету және аудандық бюджетті нақтылау және орындау бойынша ұсыныстарды орындау мақсатында аудандық бюджеттік комиссия мынадай құраммен құрылсын:
Комиссия төрағасы
Біләлов Серік Сұлтанғазыұлы
аудан әкімі
Комиссия төрагасының орынбасары
Қолышпаев Тұяқ Қайырбекұлы
аудан әкімінің орынбасары
Комиссия хатшысы
Жұмабаева Нүрзия Шоқайқызы
«Қызылжар аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы
Комиссия мүшелері
Айтқожанова Әлия Мұратқызы
«Қызылжар аудандық каржы бөлімі» ММ бастыгы
Антимонова Альвина Ивановна
аудандық мәслихаттың депутаты, мәслихаттың ревизиялық комиссиясының төрайымы (келсім бойынша)
Ебжанов Марат Жолдыбайұлы
Қызылжар аудандық салық комитетінің төрагасы (келісім бойынша)
Молоткова Галина Алексеевна
«Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бастығы
Поддубная Тамара Дмитриевна
«Қызылжар аудандық білім және спорт бөлімі» ММ бастығы
Рамазанова Сағынай Қисыққызы
«Қызылжар аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ бастығы
Шушамоин Анатолий Фролович
аудандық мәслихаттың депутаты, экономика, бюджет, салық және қаржы салалары мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрагасы (келісім бойынша)
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырган аудандық бюджеттік комиссия туралы Ереже бекітілсін.
Келісілген
Қызылжар аудандық
салық комитетінің
төрағасы
М.Ебжанов
17 марта 2005 ж.
Келісілген
Қызылжар ауданының
аудандық мәслихатының
хатшысы
С.Дәнекеров
17 марта 2005 ж.
Басқа 3
Қызылжар ауданы әкімдігінің
2005 жылғы 17 наурыз № 176
қаулысымен бекітілген
Аудандық бюджеттік комиссия туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже тұрақты негізде қызмет ететін аудандық бюджеттік комиссияның іс әрекетін реттейді (одан әрі -Комиссия)
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі және Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ осы Ереже комиссия іс-әрекетінің құқықтық негізін құрайды.
Тарау 2. 2. Комиссияның мақсаты
2. Комиссияның мақсаты
Тармақ 3
3. Аудандық бюджет жобасын уақытында және сапалы әзірлеу, сәйкес қаржы жылына аудандық бюджетті нақтылау және атқарылуы бойынша ұсыныстарды пысықтау Комиссияның іс әрекетінің негізгі мақсаты болып табылады.
Тарау 3. 3. Бюджеттік комиссияның құзіреті
3. Бюджеттік комиссияның құзіреті
Тармақ 4
4. Комиссияның құзіретіне :
Тармақша 1
1) алдағы үш жылғы мерзімге арналған орташа мерзімдік қазыналық саясат жөніндегі ұсыныстарды пысықтау;
сәйкес қаржы жылына аудандық бюджет жобасының көрсеткіштерін қарау және айқындау;
алдағы үш жылғы мерзімге және жоспарлы қаржы жылына қаржыландыру үшін бюджеттік багдарламаларды іріктеу, орташа мерзімдік қазыналық саясаттан шыға отырып оларды жүзеге асыру тетігін айқындау.
сәйкес қаржы жылына арналған аудандық бюджектті нақтылау жөнінде ұсыныстарды пысықтау;
аудандық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру бағасының қорытындысын қарау және олар бойынша ұсыныстарды пысықтау;
Бюджеттік кодексте көзделген басқа өкілеттіліктер жатады.
Тармақ 5
5. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерге келесі қызметтерді жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Комиссияның жұмыс органымен дайындалған материалдарды қарастырады және:
алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет түсімдерінің болжам көрсеткіштерін;
аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шегінде аудандық бюджеттен шығыстар лимитін;
мемлекеттік салалық бағдарламаларға шегінде жоспарды үш жылдық мерзімге арналған басымдық бюджеттік инвистициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін айқындайды;
Тармақша 2
2) комиссияның жұмыс органы мен әзірленген материалдарды қарайды және мыналар:
өткен мерзімге бюджеттік бағдарламаларды іске асыру тиімділігін бағалау қорытындылары;
алдағы үш жылдық мерзімге бюджеттік тапсырыстар беру және бюджеттік жоспарлау бойынша өкілетті органның тұжырымы;
бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті жоспарлау бойынша өкілетті орган арасындағы бюджеттік тапсырыстарды қарау кезіндегі келіспеушіліктерді реттеу;
алдағы қаржы жылына арналған аудандық бюджет жобасы бойынша:
сәйкес қаржы жылына аудандық бюджетті нақтылау;
бюджеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі экономика және бюджеттік бағдарламалар паспорттарын нақтылау және одан әрі іске асыру бойынша шешім қабылдайды;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа қызметтерді іске асырады.
Тарау 4. 4. Комиссия құкықтары
4. Комиссия құкықтары
Тармақ 6
6. Комиссия өзінің міндеттеріне сәйкес мыналарға құқылы:
Тармақша 1
1) аудандық атқарушы және басқа мемлекеттік органдарымен және ұйымдармен өзара іс әрекет жасау, сонымен қатар Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін мамандар мен эксперттерді жұмысқа тартуға;
Тармақша 2
2) өзінің құзіретіне жататын мәселелер бойынша шешім қабылдауға ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 3
3) Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды заңнамаларда белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдардан материалдар сұратуға және алуға;
Тармақша 4
4) Комиссияның міндеттерін жүзеге асыруға қатысты мәселелер бойынша бірінші басшыны, ол жоқ болғанда мемлекеттік органның және ұйымның бірінші басқарушының міндетін атқарушыны Комиссияның отырыстарына шақырады және тыңдайды.
Тарау 5. 5. Комиссия қызметінің тәртібі
5. Комиссия қызметінің тәртібі
Тармақ 7
7. Бюджеттік комиссияның құрамына енеді:
Тармақша 1
1) Комиссияның төрағасы
Тармақша 2
2) Комиссия төрағасының орынбасары
Тармақша 3
3) Комиссияның хатшысы
Тармақша 4
4) Комиссияның мүшелері
Тармақ 8
8. Қызылжар ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бюджеттік комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Тармақ 9
9. Комиссия отырыстарының арасындағы мерзімде оның қызметінің ұйымдастырушылық мәселелерін Комиссияның жұмыс органы шешеді.
Тармақ 10
10. Комиссияның төрғасы оның қызметін басқарады, Комиссияның отырыстарын жүргізеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерін жүзеге асыуға жалпы бақылау жүргізеді және Комиссия жүзеге асыратын іс әрекеттерге жауапкершілік ұстайды.
Комиссияның төрағасы жоқ кезінде оның функцияларын комиссия төрағасының орынбасары орындайды.
Тармақ 11
11. Комиссия хатшысы Комиссияның қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді және Комиссияның отырысының хаттамасын ресімдейді.
Тармақ 12
12. Комиссия анықтаған мерзімге және күн тәртібіне сәйкес отырыстарға материалдарды әзірлеу, Комиссияның мүшелеріне, бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне және жергілікті атқарушы органдарға жіберу, Комиссия отырыстарының хаттамасын дайындау, сонымен қатар нормативтік құқықтық актілерден және осы Ережеден шығатын басқа міндеттер жұмыс органының қызметтері болып табылады.
Тармақ 13
13. Жұмыстың жоспар кестесі Комиссиямен белгіленеді. Аудан бюджетінің жобасын әзірлеу кезінде Комиссия жұмыстың жоспар-кестесін жергілікті бюджет жобаларын әзірлеу Ережелерімен айқындалған мерзімдерге сәйкес айқындайды.
Тармақ 14
14. Комиссия мүшелері мәжілістерге қатысу жөніндегі өз өкілеттілігіне басқа тұлғаларды жіберуге құқығы жоқ.
Тармақ 15
15. Комиссия шешімдері ашық дауыс берумен қабылданады, сондай-ақ Комиссия мүшелерінен пікір алу жолымен жэне Комиссия мүшелерінің берген дауыстарының көбі оларға берілсе, қабылданған деп саналады.
Комиссия мүшелері шешім қабылдау кезінде тең дауысқа ие болады. Дауыс тең болған жағдайда Комиссия төрағасының берген дауысы қабылданған шешімі болып саналады.
Тармақ 16
16. Комиссия мәжілістерінің күн тәртібі мәселелерін қарастыру нәтижелері әр мәселе бойынша дауыс беру қорытындыларын көрсетумен сәйкес хаттамаларға енгізіледі және төрағамен айқындалған жағдайда мәжіліске қатысқан Комиссия мүшелерімен бұрыштама қойылады.
Комиссияның қабылдаған шешімдері төрағамен және хатшымен қол қойылады. Комиссия мүшелері қабылданған шешіммен келіспеген жагдайда өзінің ерекше пікірін мәжіліс хаттамасына қатысты жазбаша түрде мазмұндауға құқылы.
Тармақ 17
17. Өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында қабылданған Комиссияның шешімдері белгіленген мерзімде міндетті түрде қаралуы және барлық мемлекеттік органдармен орындалуы тиіс.
Тарау 6. 6. Комиссияның қызметін тоқтату
6. Комиссияның қызметін тоқтату
Тармақ 18
18. Комиссияның қызметін тоқтату үшін негіз Комиссияның қызметін тоқтату туралы аудан әкімдігінің қаулы қабылдауы болып табылады.
Тармақ 19
19. Осы Ереженің 16 тармағында нұсқалған Комиссияның қызметін тоқтатуға әкелетін жағдай туындаған жағдайда жасалған жұмыстар туралы әкімге есеп беру хаты жолданады.