Об утверждении Правил, за нарушение которых предусмотрена административная ответственность Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әкімшілік жауаптылық қарастырылған құқық бұзушылық ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 3 бабына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес аудандық мәслихат шешім етті:
Тармақ 1
1. Әкімшілік жауаптылық қарастырылған Щучинск қаласының аумағы мен ауданның елді мекендерін көріктендіру, жасыл желектерді күту және оларды қорғау ережелері 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Әкімшілік жауаптылық қарастырылған Щучинск қаласы мен аудан елді мекендерінде ит пен мысық ұстау ережелері 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Щучье аудандық мәслихатының 2001 жылғы 6 қыркүйектегі «Әкімшілік жауаптылық қарастырылған құқық бұзушылық ережелерін бекіту туралы» № С-10/3 (тіркеу № 995) шешімі өз күшін жойды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Әкімшілік жауаптылық қарастырылған құқық бұзушылық ережелерінің сақталуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың әлеуметтік саясат, заңдылық және құқықтық тәртіп жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы ережелер Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 6
Щучье аудандық мәслихатының 2005 жылғы 4 наурыздағы № С 14/3 шешіміне 1 қосымша Щучинск қаласы мен ауданның елді мекендері аумақтарын көркейту және жасыл желектерді ұстау, қорғау жөніндегі, оларды бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық қарастырылған ережелер Осы ережелер Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық» Кодексіне, тұрғындардың санитарлық эпидемиялогиялық игілігі мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жасалды. Ережелер елді мекендердің аумақтарын көркейту, жасыл желектерді ұстау және қорғау тәртібін, сонымен қатар, осы мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың міндеттері мен жауапкершіліктерін анықтайды.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Меншік түріне қарамастан кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар лауазымды тұлғалар мен азаматтар көркейту ережелерін сақтауға, елді мекен аумақтарын тазартып, жинастыруды қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 2
2. Елді мекендер аумағын санитарлық тазарту және жинастыру жүйесі тұрмыс қалдықтарын (күл, қи, көше қоқыстары) жинау, тез арада жою зиянсыздандыру және тұрмыстық қалдықтарды экономикалық мақсатты жоюды көздейді.
Тармақ 3
3. Әр ұйымға жергілікті атқарушы органдар және жер комитетінің шешімімен жинастыру үшін жол жиектеріне дейінгі жақын арадағы аумақтар белгіленеді.
Тармақ 4
4. Тұрғын үйлер ауласын, үйге келетін жолдарды жинастыру тұрғын үй иелеріне, ал тротуар және учаске аумақтарын жинау оларға жақын арада орналасқан (шектеліскен) кәсіпорындарға, ұйымдар мен мекемелерге жүктеледі.
Тармақ 5
5. Сауда орны орналасқан аумақтарды тазалау және жинауды барлық меншік түріндегі сауда ұйымдарының басшылары қамтамасыз етеді. Өнеркәсіп орындарының, құрылыс аландарының, қоймалардың, базардың, оған баратын жерлер аумағы осы ұйымдардың күшімен, келісім бойынша, қаржысымен тазартылады.
Тармақ 6
6. Басқа аумақтағы (стадион, базар, жәрмеңке өткізілетін орындар, ашық автокөлік тұрақтары) жерлерді жинау және таза сақтау тиісті жер иеленушілерге жүктеледі.
Тарау 2. 2. Жалпы пайдалану орындарын тазалау және күту
2. Жалпы пайдалану орындарын тазалау және күту 7. Көпшілік ойын-сауық орындары және басқа жалпы пайдалану орындары 1 бөлімде белгіленген жалпы ережелердің талаптарына сәйкес күтіледі.
Тармақ 8
8. Барлық алаңдарда және көшелерде, базарларда және басқа жерлерде қоқыс салғыштардың болуы тиіс. Қоқыс салғыштар толуына байланысты жүйелі тазартылады. Қоқыс салатындардың тазалығын сақтауға өздеріне бекітілген аумақты жинастыруды қамтамасыз ететін ұйымдар, кәсіпорындар және мекемелер жауапты.
Тармақ 9
9. Бос ыдыстарды немесе артық тауарларды дүкен және дүңгіршектердің алдына үюге, оған жақын аумақтарды үю үшін пайдалануға тыйым салынады.
Тармақ 10
10. Көшелердс тез бұзылатын тағамдық азықтар, көкөніс, жеміс сату үшін дүңгіршектер, киоскілер, лот орналастыру санитарлық эпидемиологиялық бақылау органдарымен келісілуі керек.
Тармақ 11
11. Қоғамдық тамақтану орындарында, ашық алаңдарда, кәуәп қуыратын жерлерде, сауда орындары мен дүңгіршектерде, павильондарда т.б, стационарлық әжетханалар жоқ жерлерде міндетті түрде келушілер мен қызмет етушілер үшін жылжымалы әжетхана (биоәжетхана) орнатылуы қажет.
Тармақ 12
12. Балалар алаңшасына көлік құралдарын қоюға, көлік құралдарын пайдалану және жөндеуге байланысты аумақты ластауға тыйым салынады.
Тармақ 13
13. Ведомстволық бағыну жәнс меншік түріне қарамастан үйлердің маңы тұрмыстық қоқыстардан ұдайы тазартылуы керек.
Тарау 3. 3. Жасыл желектерді ұстау тәртібі.
3. Жасыл желектерді ұстау тәртібі.
Тармақ 14
14. Жасыл желектер меншік түріне қарамастан қол сұқпайтын мемлекеттік қор болып табылады және заң жүзінде қорғалады.
Тармақ 15
15. Күз айларында түскен жапырақтар уақытында жинап, белгіленген жерге шығарылады. Тұрғын үй жанында, скверлерде, парктерде жапырақтарды жағуға тыйым салынады.
Тармақ 16
16. Жасыл желектерді алып және қайта отырғызуды құрылысшылар өз күштерімен және қаражатымен жүзеге асырады. Жасыл желектерді қалпына келтіру ғимараттарды салу және жөндеу жұмыстарын орындайтын ұйымдарға жүктеледі.
Тарау 4. 4. Осы ережелерді бұзған үшін жауапқа тарту.
4. Осы ережелерді бұзған үшін жауапқа тарту.
Тармақ 17
17. Осы Ереже талаптарын бұзғандар Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 300, 387 баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Басқа 27
«Щучье аудандық мәслихатының 2005 жылғы 4 наурыздағы № С 14/3 шешіміне 2 қосымша Щучье қаласы мен аудан елді мекендерінде әкімшілік жауаптылық қарастырылған ит пен мысық ұстау Ережелері Осы ережелер Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына және «Қазақстан Республикасы әкімшілік бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес жасалып, Щучье ауданында ит пен мысық ұстау тәртібін белгілейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ереже қала аумақтарында иттері мен мысықтары бар барлық заңды жеке тұлғалардың бәріне қатысты, бұдан әрі мәтін бойынша «Иеленуші» деп аталады.
Тармақ 2
2. Иттер, мысықтардың иелері жалпы пайдаланудағы орындарды осы жануарлардың ластауына жол бермеуді (олардың артынан міндетті түрде жинау), санитарлық-гигиеналық, ветеринарлық-санитарлық нормалар мен оларды ұстау ережелерін қатаң сақтауға, сондай-ақ адамдардың қауіпсіздігін міндетті түрде, үйде сағат 23-00-ден 7-00-ге дейін тыныштықты қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 3
3. Екінші тармақта көрсетілген талаптарды сақтаған жағдайда:
Тармақша 1
1) жеке үйлерде иттер – тек қана жақсы қоршалған аумақтарда, иттің бар кеңдігі туралы кіре берісте ескертетін жазу болу керек;
Тармақша 2
2) санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық қызмет рұқсатымен балалар мен жасөспірімдер мекемелерінде, жазғы және қысқы сауықтыру санаторлық-курортық мекемелерде (санаториялар, демалу орындары, пансионаттар) «зообұрыштарда», «тірі бұрыштарда» иттер, мысықтар мен басқа жауарларды ұстауға;
Тармақша 3
3) мекемелер мен ұйымдардағы күзет иттерді тек қана байлауда немесе вольерлерде;
Тармақша 4
4) тыйым салынатын жазулар жоқ болса, мекемелерде, азық-түлік емес дүкендерде поштада тұмылдырықпен және қысқа баулы итпен иесі болса рұқсат етіледі.
Тармақ 4
4. Қалалық көліктерде иттер мен мысықтарды тасымалдау жолаушыларды мазаламау шартымен жүзеге асырылуы керек. Жануарлар не тұмылдырықта, не арнайы бөліктерде, қолдорбаларда болу керек.
Тармақ 5
5. Қоғамдық орындарда (көшелерде, аула аумақтарында, бақтарда, саябақтарда және басқа жерлерде) адамдар ертіп жүрмеген, иелері байлауда қалдырғаннан басқа иттер, қаңғып жүрген деп есептеліп, иесіз жануарларды ұстап және өлексесін жинау жөніндегі арнайы мекемеге міндетті түрде тапсыру жүктеледі.
Тармақ 6
6. Пәтер иелері кооперативтері анықтаған арнайы алаңдарда, бос жерлерде, басқа да адамдар жүрмейтін жерлерде иттерді қыдыртуға рұқсат етіледі.
Тарау 2. 2. Иттер мен мысықтардың иелерінің міндеттері
2. Иттер мен мысықтардың иелерінің міндеттері
Тармақ 7
7. Жануарлар иелерінің міндеттері:
Тармақша 1
1) жануарларға жүйелі егуді жүргізу;
Тармақша 2
2) ит жарақаттағаны туралы, ит тістеп алған жағдайда медициналық мекемелерге, қалалық ветеринарлық станцияларға тез хабарлауға;
Тармақша 3
3) адамдар мен жануарларды тістеген немесе оларды жарақаттаған иттерді, қарау немесе карантиндік іс-шаралар қолдану үшін қалалық ветеринарлық станцияларға тез жеткізу;
Тармақша 4
4) көшелерден итпен тек қана қысқа баумен, тұмылдырықпен өтуге;
Тармақша 5
5) пайдалануында жер учаскесі бар болған жағдайда жақсы қоршалған аумақта иттерді еркін немесе байлауда қыдыртуына. Иттің бар екені туралы учаскеге кіретін жерде тиісті ескертетін жазу болу керек;
Тармақша 6
6) аулаларды, кіреберістерді, баспалдақ бөліктерін, лифттерді, балалар алаңдарын, жолдарды, жаяусоқпақтарды, саябақтарды, бақтарды, демалыс орындарын ластамау, ал ластаған жағдайда – арнайы бейімдеу көмегімен (пакет, қалақша) міндетті түрде жинау.
Тармақша 7
7) жануарлар өліп қалса, оның өлексесін ветеринарлық немесе қаңғыбас кезбе және өлген жануарлар өлекселерін жинау жөніндегі арнайы мекемеге өткізуге.
Тармақ 8
8. Жануарлар иелеріне салынатын тыйымдар:
Тармақша 1
1) жануарларды балалардың аула алаңдары, балалардың мектепке дейінгі мекемелері, мектептер мен оқу орындары, денсаулық сақтау нысандары, спорт алаңдары, бақтар, сутартқылар мен қалалық шағажай аумақтарында қыдырту;
Тармақша 2
2) мас күйіндегі адамдар мен 14 жасқа толмаған балаларға қоғамдық орындарда жануарларды қыдыртуға және олармен көлікке отыру;
Тармақша 3
3) жануарларды қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына, сауда және азық-түлік дүкендерінің өндіріс залдарына әкелу мен ұстауға;
Тармақша 4
4) жалпы қолдану орындарында, кіреберістерде, баспалдақ бөліктері мен төбелерде, жертөлелерде, жатақханалардың дәліздерінде жануарларды үстауға;
Тармақша 5
5) жануарлардың ветеринарлық анықтамалары мен құжаттары (төлқұжат, күшіктеу картасы, түқымының сертификаты) жоқ болса, белгіленген орындардан басқа жерде күшіктер мен иттер, мысықтарды сатуға;
Тармақша 6
6) өлген жануарлар өлексесін тастауға немесе өз еркімен көмуге.
Тарау 3. 3. Ит пен мысық иесінің құқы.
3. Ит пен мысық иесінің құқы.
Тармақ 9
9. Кез келген жануар иесінің меншігі болып табылады, басқа меншік сияқты заңмен қорғалады.
Тармақ 10
10. Жануар құтыру ауруымен ауырған жағдайдан басқа кезде, иесінен оның келісімімен ғана алынады.
Тармақ 11
11. Иесі итін шектеулі уақытқа дүкен немесе басқа мекеме жанында қысқа баумен байлаулы қалдыруға құқы бар.
Тарау 4. 4. Осы ережелерді сақтамағаны үшін жануар иесінің жауапкершілігі.
4. Осы ережелерді сақтамағаны үшін жануар иесінің жауапкершілігі.
Тармақ 12
12. Жануарлар иелері ветеринарлық-санитарлық іс-шараларды сақтамағаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық» Кодексінің 310 бабына сәйкес жауапқа тартылады.
Тармақ 13
13. Осы ережелерді бұзғаны үшін жануарлар иелері Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық» Кодексінің 311 бабына 1 тармағына сәйкес жауапқа тартылады.