Об утверждении Правил выплаты единовременной помощи участникам и инвалидам Великой Отечественной войны и отдельным категориям лиц, приравненных к ним Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы көмек төлеудің Ережесін бекіту туралы Ақмола облысының әкімдігінің 2004 жылдың 18 ақпандағы №А-3/56 «Ақмола облысы әкімдігінің 2004 жылдың 28 желтоқсандағы № А-І/312 «2005 жылға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың шешімін жүзеге асыру туралы»» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы көмек төлеудің берілген Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы көмек төлеуді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Мұғалова К.Б. жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы облыстық әділет Департаментында мемлекеттік тіркеуден өткеннең кейін күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.
Басқа 5
Жақсы ауданының әкімдігінің «9» наурыз 2005 ж. № а-2/88 қаулысымен БЕКІТІЛДІ Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы көмек төлеудің Ережесі
Тармақ 1
1. Осы ереже Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, бұрынғы концлагерь, гетто және екінші дүние жүзілік соғыс кезіндегі басқа орындар тұтқындары, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза болған (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) әскерилердің екінші рет некеге отырмаған зайыбына, еріне, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қалтқысыз еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендері мен медальдарымен марапатталған тұлғаларға біржолғы көмек төлеудің Ережесін анықтайды.
Тармақ 2
2. Аудандық Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы 2005 жылдың 1 сәуіріне дейін ҰОС қатысушылары мен мүгедектерінің, бұрынғы концлагерь, гетто және екінші дүние жүзілік соғысы кезіндегі басқа орындар тұтқындарының, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қалтқысыз еңбегі үшін және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендері мен медальдарымен марапатталғандардың тізімін 2005 жылдың 31 наурызына және 2005 жылдың 1 желтоқсанына дейін жоғарыда көрсетілген санаттағы азаматтардың ауданға жаңадан келгендердің елді мекен бойынша қосымшаға келісімді электрондық және қағаз жүзінде ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне берсін.
Тармақ 3
3. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Мемлекеттік зейнетақыны төлеу орталығының берген тізіміне сәйкес біржолғы көмекті төлеуді төмендегі көлемде жүзеге асырсын:
Тармақша 1
1) әрбір Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегіне 10000 теңгеден;
Тармақша 2
2) әрбір бұрынғы концлагерь, гетто және екінші дүние жүзілік соғысы кезіндегі басқа орындар тұтқындарына, Ұлы Отан соғысы кезінде қаза болған (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) әскерилердің екінші рет некеге отырмаған зайыбына, еріне, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қалтқысыз еңбегі үшін және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендері және медальдарымен марапатталғандарға 2005 жылдың 15 сәуіріне дейін Жақсы аудандық ААҚ «Қазпочта» филиалы арқылы берілген тізімге келісімді 5000 теңгеден төленсін, ауданға жаңадан келген бұрынғы концлагерь, гетто және екінші дүние жүзілік соғысы кезіндегі басқа орындар тұтқындарына, Ұлы Отан соғысы кезінде қаза болған (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) әскерилердің екінші рет некеге отырмаған зайыбына, еріне, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қалтқысыз еңбегі үшін және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендері және медальдарымен марапатталғандар біржолғы көмекті бұрынғы тұрған жерінде алмағандарға 2005 жылдың 20 желтоқсанына дейін төленсін.
Тармақ 4. Біржолғы көмек алушы соғысқа қатысушылар мен мүгедектері, бұрынғы концлагерь, гетто және екінші дүние жүзілік соғысы кезіндегі басқа орындар тұтқындары, Ұлы Отан соғысы кезінде қаза болған (қайтыс болған, хабарсыз кеткендер) әскерилердің екінші рет некеге отырмаған зайыбы, ері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қалтқысыз еңбегі үшін және мінсіз әскери кызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендері мен медальдарымен марапатталған тұлғалардың тізімі
4. «Қазпочта» Акционерлік қоғамы ұйымына біржолғы көмекті төлеу бойынша қызметі үшін төлем осы ұйым мен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арасындағы жасалған шартта белгіленген ретпен жүргізіледі. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы көмек төлеудің Ережесіне қосымша Біржолғы көмек алушы соғысқа қатысушылар мен мүгедектері, бұрынғы концлагерь, гетто және екінші дүние жүзілік соғысы кезіндегі басқа орындар тұтқындары, Ұлы Отан соғысы кезінде қаза болған (қайтыс болған, хабарсыз кеткендер) әскерилердің екінші рет некеге отырмаған зайыбы, ері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қалтқысыз еңбегі үшін және мінсіз әскери кызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендері мен медальдарымен марапатталған тұлғалардың тізімі Аты-жөні Туған жылы Тұрғылықты жері Есепшот № Әлеуметтік төлемді беруді жүзеге асыратын банкінің (филиалдың) және басқа ұйымдардың аты М.О. _____________________________ (Аты-жөні және басшының қолы)