О проведении двухмесячника по санитарной очистке, благоустройству и озеленению территорий городов и сельских населенных пунктов области Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс қалаларының, ауылдық елді мекендерінің аумақтарын санитарлық тазалау, абаттандыру және жасыл желектендіру жөнінде екі айлық өткізу туралы «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы № 361-II Заңының 8 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2002жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 27 бабына сәйкес облыс елді мекендері аумақтарының санитарлық жай- күйін жақсарту, абаттандыру жэне жасыл желектендіру мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыстың Ақтөбе қаласы мен аудандарының әкімдері:
Тармақша 1
1) 2005 жылғы 15 сәуір 15 маусым аралығында облыстың елді мекендері аумақтарын санитарлық тазалау, абаттандыру және жасыл желектендіру жөнінде екі айлық ұйымдастырылсын;
Тармақша 2
2) елді мекендердің айналысындағы ретсіз төгілген қоқыс үйінділерін жою, көшелер мен аулалардың аумақтарын, қатты – тұрмыстық қалдықтардан, қоқыстардан тазарту және белгіленген жерге шығару жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырсын;
Тармақша 3
3) облыстың қалалары мен елді мекендерін жасыл желектендіру жөнінде шаралар қабылдасын.
Тармақша 4
4) елді мекендерді абаттандыруға, жасыл желектендіруге көзделген қажетті ақшалай қаражатты уақытылы және толығымен бөлуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. «Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті» ММ (Ж. Иманқұлов) облыстың қалалары мен елді мекендерін жасыл желектендіру үшін тиісті санда ағаштар мен бұталардың өскіндерімен қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. «Ақтөбе облысының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті» ММ (Қ. Әлжанова), «Ақтөбе облысы бойынша ішкі істер басқармасы» ММ (М. Нүкенов) облыстың қалалары мен ауылдық елді мекендері аумақтарын санитарлық тазалау, абаттандыру және жасыл желектендіру екі айлығын өткізу кезінде жәрдем берсін.
Тармақ 4
4. Облыстың Ақтөбе қаласы мен аудандарының әкімдері, «Ақтөбе облысының мемлекеттік санитарлық-эпидемиололгиялық қадағалау департаменті» ММ (Қ. Әлжанова) жүргізілген екі айлықтың жұмыс қорытындылары туралы облыс әкімінің аппаратын 2005 жылғы 25 мамырға хабардар етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә. Н. Қартовқа жүктелсін.