О создании специализированной оборудованной стоянки и площадки по хранению задержанных транспортных средств и утверждении инструкции по хранению задержанных транспортных средств Қолданыста
Басқа 0
Ұсталған көлік құралдарын сақтау жөніндегі арнаулы жабдықталған тұрақ және алаңдар құру және ұсталған көлік құралдарын сақтау жөніндегі нұсқауды бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Тимирязев ауылы әкімі жанындағы «Тимирязев» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорын аумағында ұсталған көлік құралдарын қоюға арнаулы жабдықталған тұрақ құрылысын.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған ұсталған көлік құралдарын жабдықталған арнаулы тұрақтарда сақтау жөніндегі нұсқау бекітілсін (бұдан әрі - Нұсқау).
Тармақ 3
3. Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 4 ақпандағы «Ұсталған көлік құралдарын сақтау жөніндегі арнаулы жабдықталған тұрақ және алаңдар құру және ұсталған көлік құралдарын сақтау жөніндегі нұсқауды бекіту туралы» № 53/2 қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Қ. Ахажановқа жүктелсін.
Басқа 5. Ұсталған көлік құралдарын арнаулы жабдықталған тұрақтарда сақтау жөніндегі нұсқаулар
Успен ауданы әкімдігінің 2005 жылғы
«Ұсталған көлік құралдарын сақтау
жөніндегі арнаулы жабдықталған
тұрақ және алаңдар құру және ұсталған
көлік құралдарын сақтау жөніндегі
нұсқауды бекіту туралы» № 99/3
қаулысымен бекітілді
Ұсталған көлік құралдарын арнаулы жабдықталған тұрақтарда сақтау жөніндегі нұсқаулар
Тармақ 1
1. Осы Қағида Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық тәртіп бұзу туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес әзірленді және ұсталған көлік құралдарын жабдықталған тұрақтарда сақтау тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Ұсталған автокөлік құралдары, шағын мөлшерлі қайықтар Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылар туралы» Кодексінің (әрі қарай - Кодекс) 630 бабының 1 тармақшасында көрсетілген жағдайда жүзеге асырылады.
Ұсталған автокөлік құралдары, шағын мөлшерлі қайықтар уақытша пайдалану тоқтатылады, (әкімшілік құқық бұзушылар күткен орнында ұсталған себебінің анықтау мүмкіндігі болмағанда) оларды күзетілетін тұрақ орнына жайғастырылады яғни арнаулы белгіленген тұрақ аланына орналастырады. Қызметтегі тұлға өкілетті әкімшілік құқық бұзу жөнінде тиісті хаттама түзеді (әрі қарай – лауазымды өкілетті тұлға) өз құзіретіндегі деңгейде көлік жүргізушіні (қайық жүргізушісін) шеттетуді жүзге асырады және көлік құралдарын, шағын мөлшерлі қайықты арнаулы тұрақты аланға бағыттайды.
Тармақ 3
3. Ұсталған көлік құралдары, шағын мөлшерлі қайықты арнаулы тұрақ орнына басқа жер үсті көліктің көмегімен (эвакуатормен) жеткізіледі.
Көлікті құралдарды (эвакуация) жеткізу үшін олар уақытша сақтау арнаулы орындарға, сондай-ақ көлік аты жүргізушілердің тоқтау ережелерін бұзғандар яғни тұрақ алаңының жоқ екені анықталған соң, жолда қараусыз қалдырылған көліктерді тұрған орындарының мүмкін еместігі.
Тармақ 4
4. Ұсталған көлік құралдары, шағын мөлшерлі қайықтарды сақтау үшін арнаулы орын Железин селосы Космонавттар көшесі 17 үйде орналасқан әкімдіктің коммуналдық меншіктігі болып есептеледі.
Тармақ 5
5. Ұсталған көлік құралдары, шағын мөлшерлі қайықты жөнінде әкімдік құқық бұзушы хаттама жазумен тіркеліп көліктерді тапсырыс – қабылдау актісін түзеді.
Тармақ 6
6. Көлік құралдарын, шағын мөлшерлі қайықты лауазымды өкілетті тұлға көлік құралдардың, шағын қайықтың жүргізушілерінің қатысуымен (иесінің уәкілімен) сақтаушыларға тапсырыс – қабылдау актісімен беріледі, ал, иесі болмаған кезде екі куәгер алдында үш дана етіп түзіледі. Көлік құралдарың, шағын мөлшерлі қайықты тексеріп шығу және жазу сақтаушылардың көрсетілген тұлғаның қатысуымен жүргізіледі.
Тапсырыс қабылдау актісі бір данасы әкімшілік құқық бұзушылар жөнінде лауазымды өкілетті тұлға мекемесіне хаттамасы қоса береді, екіншісі көлік құралдары, шағын мөлшерлі қайықтың жүргізушілеріне (иесінің уәкіліне) беріледі, үшіншісі сақтаушыларда қалады.
Тармақ 7
7. Ұсталған көлікті сақтауға тапсыру және қайтарып беруді ұсталған себептері анықталған соң, көлік құралын тұраққа әкелген органның рұқсаты бойынша сақтаушы аптаның кез келген күні мен сөткенің кез келген уақытында іске асырады.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік органдарының өкілетті адамдары жүргізушілердің қылмыстық іске қатысы барын анықтау мақсатында өткізілген іс – қимылдары барысында, сондай-ақ үшінші жақтағы адамдардың кінәсін дәлелдеу үшін сараптама мен тексеру өткізу мақсатында көлік құралдарын ұстағанда екі жақтың келісімімен өтесіз сақтауға қойылуы мүмкін.
Тармақ 9
9. Сақтаушы көлік құралдарын қоюға арналған аумақты мыналар мен қамтамасыз етеді:
Тармақша 1
1) қоршаумен;
Тармақша 2
2) күзетпен;
Тармақша 3
3) электрмен жарық беруді;
Тармақша 4
4) байланыс құралдарымен;
Тармақша 5
5) Қабылдаушыға арналған үй-жаймен;
Тармақша 6
6) тәулік бойы жұмыс істеуде;
Тармақша 7
7) ағынды сумен және тазалықта ұстауды, қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуы.
Тармақ 10
10. Көлік құралдары сақтауға қойылған кезде қандай болса, сол күйінде қайтарылады.