Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, Чернобыль АЭС-інің мүгедектеріне протезін жасауға және жөндеуге берілетін бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, Чернобыль АЭС-інің мүгедектеріне тіс протезін жасауға жәнө жөндеуге берілетін бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес және Маңғыстау аудандық мәслихатының 2004 жылғы 14 желтоқсандағы “ 2005 жылға арналған аудандық бюджет туралы” № 9/57 шешімін (облыстық әділет- департаментінде 2004 жылғы 30 желтоқсанда № 1815 тіркелген) орындау мақсатында аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, Чернобыль АЭС-інің мүгедектеріне протезін жасауға және жөндеуге берілетін бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы от 24.02.2005 г. № 53 (Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, Чернобыль АЭС-інің мүгедектеріне протезін жасауға және жөндеуге берілетін бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы)
1. Қоса беріліп отырған “Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, Чернобыль АЭС-інің мүгедектеріне тіс протезін жасауға және жөндеуге берілетін бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы Ереже” бекітілсін.
2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі /С.Каимова/ Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, Чернобыль АЭС-інің мүгедектеріне тіс протезін жасауға және жөндеуге берілетін бір жолғы материалдық көмекті тағайындау, төлеу және есепке алуды ұйымдастырсын.
З. Аудандық экономика және қаржы бөліміне /С.Ж.Ерғалиев/ көрсетілген мақсатқа арналып жергілікті бюджетте қаралған қаражат шегінде бір жолғы материалдық көмектің төлемін қаржыландыру тапсырылсын.
4. 0сы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Айтуаровқа жүктелсін.
Қазақстан халық банкі акционерлік
қоғамының Маңғыстау аудандық
флиалының басқарушысы
24 ақпан 2005 ж.
Казпочта акционерлік қоғамының
Маңғыстау аудандық филиалының
бастығы
24 ақпан 2005 ж.
Маңғыстау әкімиятының 2005 жылғы
24 ақпандағы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне,
Чернобыль АЭС-інің мүгедектеріне тіс протезін
жасауға және жөндеуге берілетін бір жолғы
материялдық көмек көрсету туралы
№ 53 қаулысымен бекітілген
қосымша
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, Чернобыль АЭС-інің мүгедектеріне тіс протезін жасауға және жөндеуге берілетін бір жолғы материялдық көмек көрсету туралы ЕРЕЖЕ
Осы Ереже Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңына, Маңғыстау аудандық мәслихатының 2004 жылғы 14 желтоқсандағы “ 2005 жылға арналған аудандық бюджет туралы” № 9/57 шешіміне (облыстық әділет департаментінде 2004 жылғы 30 желтоқсанда № 1815 тіркелген) сәйкес және Ұлы Отан соғысының /бұдан әрі- ҰОС/ ардагерлеріне, Чернобыль АЭС-інің /бұдан әрі-ЧАЭС/ мүгедектеріне тіс протезін жасауға және жөндеуге берілетін бір жолғы материалдық көмектің тетігін айқындап белгілейді.
1. Жалпы Ереже
1. Бір жолғы материалдық көмек тіс протезін жасауға және жөндеуге ҰОС ардагерлеріне және ЧАЭС мүгедектеріне көрсетіледі.
2. Бір жолғы материалдық көмекті төлеу аудандық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уекілетті орган /бұдан әрі-уәкілетті орган/ болып саналады.
4. Бір жолғы материалдық көмекті беру “Қазақстан Халық Банкі” АҚ Маңғыстау аудандық филиалы /бұдан әрі-банк/ және “Казпочта" АҚ Маңғыстау аудандық филиалы /бүдан әрі-почта/ арқылы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен банк және почта арасында жасалған Агенттік келісімдерге сәйкес жүзеге асырылады.
2. Тағайындау тәртібі
5. ҰОС ардагерлеріне жене ЧАЭС мүгедектеріне тіс протезін жасауға және жөндеуге берілетін бір жолғы материалдық көмек аудандық мәслихаттың алдағы жылға арналған аудандық бюджет жөніндегі шешімімен белгіленген мөлшерінде стоматологиялық кәсіпорындардың берген есеп шотына сәйкес жүргізіледі.
Қайтадан тіс протезін жасату және жөндету 3 жыл өткеннен кейін ортопед-тіс дәрігерінің қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.
6.Бір жолғы материалдық көмек алу құқығы бар ҰОС ардагерлері және ЧАЭС мүгедектері аудандық жұмыспен қамту және әлеуметік бағдарламалар бөліміне мынадай құжаттарды тапсырады :
1)тіс протезін жасау және жөндеудің қажеттігі жөнінде ортопед тіс дәрігерінің осы мақсатқа қажетті сомасы көрсетілген қорытындысы;
2)бір жолғы материалдық көмекке арналған өтініші;
3)¥ОС ардагерлері мен ЧАЭС мүгедектерінің куәлігі;
4)бір жолғы материалдық көмек алушы азаматтың паспорты немесе жеке куәлігі.
7. Уәкілетті орган осы Ереженің 6-тармағына сай бір жолғы материалық көмек алуы үшін тапсырған құжаттарды арнайы журналға тіркейді.
8. Уәкілетті орган төлем алушылардың тіркеу журналы бойынша орындалған жұмыстың бағасына сәйкесті бір жолғы материалдық көмектің мөлшерін көрсетіп, тізімін жасақтайды.
З. Қаржыландыру және төлеу
9. Төлем алушылардың тіркеу журналы бойынша орындалған жұмыстың бағасына сәйкес бір жолғы материалдық көмектің мөлшері көрсетіліп жасақталған тізіміне сәйкес уәкілетті орган ай сайын, 23 жұлдызынан кешіктірмей оны төлеу үшін ақшалай қаражат сұранысына арналған өтінімді банкіге және почтаға комиссиялық сыйақыға шығындар сомаларын бөліп көрсете отырып, аудандық экономика және қаржы бөліміне жібереді.
10. Осы Ережеге сай, қаржыландыру жоспарларына сәйкес және өтінімдер негізінде аудандық экономика және қаржы бөлімі ағымдағы айдың 25 жұлдызына дейін, уәкілетті органға бір жолғы материалдық көмекті төлеуге қаражат бөледі.
11. Ақшалай қаржылардың түсуі бойынша уәкілетті орган ағымдағы айдың 30 жұлдызына дейін төлем тапсырыстарымен алынған қаражатты банкінің және почтаның есепшоттарына аударады. Сонымен бірге банкі мен почтаға төленетін соманың 0,6 пайызы мөлшерінде комиссиялық сыйақы аударылады.
12. Уәкілетті орган ақшалай қаржыларды банкінің және почтаның аудандық филиалдарына аударғаннан кейін банкідегі есепшотқа алушылардың сомаларын қабылдау үшін құжаттық түрде тізімдердің бір данасы мен олардың транспорттық файлын банкіге және почта арқылы елді мекендер бойынша алушылардың сомаларын төлеу үшін құжаттық түрде тізім ведомостылардың бір данасы мен үйге әкеліп беруді қажет ететін қозғалу мүмкіндігі шектеулі зейнеткерлердің үйіне жеткізіп беріп, төлеу үшін құжаттық түрде тізім-ведомостылардың бір данасын почтаға береді.
13. Банк және почта алынған тізімдерге сәйкес төлеуді жүзеге асырады.
14. Бір жолғы материалдық көмекті төлеу өтініш берушінің жеке куәлігін көрсетуі бойынша жеке өзіне жүргізіледі.
15. ҰОС ардагерлері және ЧАЭС мүгедектерінің қайтыс болуына байланысты бір жолғы материалдық көмектің алынбаған сомасы басқа адамға төленбейді.
16. Уөкілетті органның хаты /өкімі/ бойынша алушының қайтыс болуына байланысты төленбеген сомалар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тиісті есепшотына қайтаруға жатады.
4. Есеп берушілік пен бақылау
17. Ай сайын, төлем жүргізілгеннен кейінгі келесі айдың 5 жұлдызынан кешіктірмей, уәкілетті орган төленген сомалар бойынша банкі және почтамен салыстыру кесімін жасайды.
18. Уәкілетті орган тағайындалған және төленген бір жолғы материалдық көмектің есебін жүргізеді және ағымдағы айдың 10 жұлдызынан кешіктірмей, есепті облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне және аудандық экономика және қаржы бөліміне тапсырады.
19. Қаражаттың тағайындалуы, төленуі, мақсатқа сай жұмсалуының дұрыстығына бақылауды облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар және облыстық қаржы департаменттері мен аудандық экономика және қаржы бөлімі жүзеге асырады.