Облыстық дәрежедегі дербес зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау туралы
Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңына сәйкес және Маңғыстау аудандық мәслихатының 2004 жылғы 14 желтоқсандағы “2005 жылға арналған аудандық бюджет туралы” № 9/57 шешімін (облыстық әділет департаментінде 2004 жылғы 30 желтоқсанда № 1815 тіркелген) орындау мақсатында аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Облыстық дәрежедегі дербес зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау туралы от 24.02.2005 г. № 49 (Облыстық дәрежедегі дербес зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау туралы)
1. 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап бұрын облыстық дәрежедегі дербес зейнеткер атағы бар зейнеткерлерге аудандық бюджет қаржысынан ай сайын қосымша ақы тағайындалсын.
2. Қоса беріліп отырған “Облыстық дәрежедегі дербес зейнеткерлерге ай сайынғы қосымша ақы тағайындау және төлеу туралы Ереже” бекітілсін.
3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (С.Каимова) бұрын облысқа сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға қосымша ақы тағайындау, төлеу және есепке алуды ұйымдастырсын.
4. Аудандық экономика және қаржы бөліміне (С.Ж.Ерғалиев) көрсетілген мақсатқа арналып жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде облыстық дәрежедегі дербес зейнеткерлерге қосымша ақының ай сайынғы төлемін қаржыландыру тапсырылсын.
5. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Айтуаровқа жүктелсін.
Қазақстан халық банкі акционерлік қоғамының
Маңғыстау аудандық филиалының басқарушысы
24 ақпан 2005 ж.
Казпочта акционерлік қоғамының
Маңғыстау аудандық филиалының
бастығы 24 ақпан 2005 ж.
Маңғыстау аудан әкімиятының
2005 жылғы 24 ақпандағы
Облыс дәрежедегі дербес зейнеткерлерді
әлеуметтік қолдау туралы
№ 49 қаулысымен бекітілген қосымша
Облыстық дәрежедегі дербес зейнеткерлерге ай сайынғы қосымша ақы тағайындау және төлеу туралы
ЕРЕЖЕ
Осы облыстық дәрежедегі дербес зейнеткерлерге ай сайынғы қосымша ақы тағайындау және төлеу туралы Ереже /бұдан әрі-Ереже / Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңына, Маңғыстау аудандық мәслихатының 2004 жылғы 14 желтоқсандағы “ 2005 жылға арналған аудандық бюджет туралы" № 9/57 шешіміне (облыстық әділет департаментінде 2004 жылғы 30 желтоқсанда № 1815 тіркелген) сәйкес және облысқа сіңірген еңбегі үшін бұрынғы зейнетақы тағайындалған адамдардың зейнетақыларына қосымша ақыларды тағайындау және төлеу тәртібін белгілейді.
1. Жалпы Ереже
1. Ережеде төмендегідей негізгі түсініктер қолданылады :
1)облысқа сіңірген еңбегі бар зейнеткер - облыстық дәрежедегі зейнеткер /бұдан әрі- дербес зейнеткер/;
2)дербес зейнеткердің зейнетақысына қосымша ақы- /бұдан әрі-қосымша ақы/ олардың табысына қарамастан жеңілдіктердің орнына берілетін ақшалай төлемақы;
3)қосымша ақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган - аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі /бұдан әрі- уәкілетті орган/; ' ’
4)қосымша ақыны беру жөніндегі уәкілетті органдар- “Қазақстан Халық Банкі" АҚ Маңғыстау аудандық филиалы /бұдан әрі- банк/ жене “Казпочта” АҚ Маңғыстау аудандық филиалы /бұдан әрі-почта/.
2. Дербес зейнеткерлерге қосымша ақыны беру уәкілетті органмен банкі және почта арасында жасалған Агенттік келісімдерге сәйкес жүзеге асырылады.
3. Дербес зейнеткерлерге жеңілдіктердің орнына қосымша ақыны төлеу аудандық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
4. Қосымша ақы ай сайын өткен ай үшін осы Ережеге сәйкес төленеді.
2. Қосымша ақыны тағайындау тәртібі
5. Дербес зейнеткерлер қосымша ақы тағайындату үшін тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға төмендегідей құжаттар мен мәліметтерді тапсырады:
1)өтініш;
2)жеке басын куәландыратын құжат;
3)қосымша ақыны алуға құқығын растайтын құжат;
4)салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
5)банкіден зейнетақысын алатын адамдардың банкідегі дербес есепшотының нөмірі;
6)тұрақты тұрғылықты орнын растайтын анықтама.
6. Қосымша ақыны алуға құқығын растайтын құжат болып, дербес зейнеткердің куәлігі немесе халық депутаттары Маңғыстау облыстық Кеңесінің 1992 жылғы 22 мамырдағы № Х/254 қаулысымен бекітілген облысқа сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақыларды белгілеу жөніндегі комиссияның “Облысқа сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақыны тағайындау туралы" шешімінен көшірме саналады.
7. Құжаттар салыстыру үшін түпнұсқада және көшірме түрінде уәкілетті органға тапсырылады. Уәкілетті орган құжаттар көшірмесін куәландырады, оларды іске қалыптастырады, тағайындалған сомалардың есебін жүргізу және кейін компьютерлік өңдеу үшін қосымша ақыны тағайындау журналы бойынша жеті сандық тіркеу нөмірін береді, төленген сомалардың есебін жүргізу үшін дербес есепшот ашады.
8. Уәкілетті орган қосымша ақыны тағайындау немесе оны тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Уәкілетті орган мына жағдайларда қосымша ақыны тағайындаудан бас тартады :
1)қосымша ақыны тағайындау құқығын растайтын құжаттарын тапсырмаған адамдарға;
2)дәл емес мәліметтерден тұратын құжаттар тапсырған адамдарға;
3)бас бостандығынан айыру түрінде сотпен тағайындалған қылмыстық жазасын өтеп жүрген адамдарға;
4)Қазақстан Республикасының басқа облыстарына және одан тысқары жерлерге сіңірген еңбегі бар зейнеткерлерге.
Қосымша ақыны тағайындаудан бас тартқан жағдайда, уәкілетті орган бас тарту себебін жазбаша дәлелдеп түсіндіреді және өтініш берушіге қүжаттарын қайтарады.
9. Қосымша ақыны алушылар өтінішінде Ереженің 8- тармағының 3- тармақ- шасында көрсетілген, оны тағайындау үшін негіздерін жойған жағдайларда уәкілетті органға бұл туралы 10 күннің ішінде хабарлауға міндеттенеді.
10. Ай сайынғы қосымша ақы аудандық мәслихаттың алдағы жылға арналған аудандық бюджет жөніндегі шешімімен белгіленген мөлшерінде тағайындалады.
З. Қосымша ақыларды төлеуді тоқтату және жаңғырту
11. Дербес зейнеткерлерге қосымша ақыны төлеу осы Ереженің 8 тармағының 3 тармақшасында көрсетілген, оны тағайындау үшін негіздерін жойған жағдайларда немесе алушының қайтыс болған күнінен бастап тоқтатылады.
12. Қосымша ақыны төлеуді жаңғырту, дербес зейнеткердің оны тағайындауға қайта құқығын иеленген жағдайда, құқығы туындаған күннен бастап уәкілетті органның шешімі бойынша жүргізіледі.
5. Қосымша ақыларды төлеу тәртібі
13. Дербес зейнеткерлерге қосымша ақыларды төлеуді жүзеге асыру үшін уәкілетті орган зейнетақыны алу тәртібі көрсетілген қосымша ақыларды тағайындау туралы шешімдері және алушылардың жеке өтініштері негізінде (зейнетақы алатын орны мен алу төртібі көрсетілген) төмендегідей құжаттарды жасақтайды.
1 ) компьютерде қосымша ақыларды алушылар бойынша базаны;
2) елді мекендер бойынша банктегі дербес есепшотқа қосымша ақылар сомаларын түсіру үшін тізімдерді 2 данада;
3) елді мекендерде почта арқылы қосымша ақыларды төлеу үшін тізім- ведомостыларды 2 данада;
4 )елді мекендерде үйге әкеліп беруді қажет ететін қозғалу мүмкіндігі шектеулі зейнеткерлерге қосымша ақыларды төлеу үшін тізім-ведомостыларды 2 данада;
5)ағымдағы айдың 23 жұлдызындағы жағдай бойынша қосымша ақыларды төлеуге сұраныс - өтінімді.
14. Уәкілетті орган ағымдағы айдың 23 жұлдызынан кешіктірмей ақшалай сұранысына арналған өтінімді банкіге және почтаға комиссиялық сыйақыға шығындар сомаларын бөліп көрсете отырып аудандық экономика және қаржы бөліміне береді.
15. Аудандық экономика және қаржы бөлімі қаржыландыру жоспарына сай және өтінімдер негізінде ағымдағы айдың 25 жұлдызына дейін уәкілетті органға өткен айдың қосымша ақыларын төлеу үшін қажетті қаражат бөледі.
16. Уәкілетті орган ағымдағы айдың 30 жұлдызына дейін төлем тапсырыстарымен алынған қаражатты банкінің және почтаның есепшоттарына аударады. Сонымен бірге банкіге және почтаға төленетін соманың 0,6 пайызы мөлшерінде комиссиялық сыйақы аударылады.
Уәкілетті орган төлем тапсырыстарымен алынған қаражатты банкінің және почтаның аудандық филиалдарына аударғаннан кейін, осымен бір мезгілде банкіге дербес зейнеткерлердің банкідегі есепшоттарына қосымша ақыларды түсіру үшін құжаттық түрде тізімдердің бір данасы мен олардың транспорттық файл нұсқасын және елді мекендер бойынша почта арқылы қосымша ақыларды төлеуге құжаттық түрде тізім ведомостылардың бір данасын және үйге әкеліп беруде қажет ететін қозғалу мүмкіндігі шектеулі зейнеткерлерге үйіне жеткізіп беріп, төлеуге құжаттық түрде тізім- ведомостылардың бір данасын почтаға береді.
17. Банк және почта алынған тізімдерге сәйкес қосымша ақыларды төлеуді жүзеге асырады.
18. Уәкілетті орган арқылы банкіге және почтаға дербес зейнеткер қайтыс болғаннан кейін қате аударылған сомалар уәкілетті органның хаты /өкімі/ негізінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тиісті есеп шотына қайтарылуға жатады.
19. Бұрын төленбеген қосымша ақылар ағымдағы төлемақылармен бірге төленеді.
Есеп жүргізу және есеп беру.
20. Уәкілетті орган ай сайын, төлем жүргізілгеннен кейінгі келесі айдың 5 жұлдызынан кешіктірмей, банкі және почтамен салыстыру кесімдерін жасайды.
21. Уәкілетті орган төленген қосымша ақылардың есебін жүргізеді және ағымдағы айдың 10 жұлдызынан кешіктірмей облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметгік бағдарламалар департаментіне және аудандық экономика және қаржы бөліміне тапсырады.
6. Жауапкершілік
22. Қосымша ақыларды алушылар артық төлеуге әкеліп соқтырған жағдайларды жасырған жағдайда, қолданудағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік артады.
6. Бақылау
23. Дербес зейнеткерлерге қосымша ақылардың тағайындалуы мен төленуіне бақылауды облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар және облыстық қаржы департаменттері мен аудандық экономика жене қаржы бөлімі жүзеге асырады.