Аз қамтамасыз етілген отбасыларына және аса мұқтаж азаматтарға бір жолғы материалдық көмек көрсету Қолданыста
Басқа 0
Аз қамтамасыз етілген отбасыларына
және аса мұқтаж азаматтарға бір жолғы
материалдық көмек көрсету
Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекөттік басқару туралы” Заңына сәйкес және Маңғыстау аудандық мәслихатының 2004 жылғы 14 желтоқсандағы ”2005 жылға арналған аудандық бюджет туралы" № 9/57 шешімін (облыстық өділет департаментінде 2004 жылғы 30 желтоқсанда № 1815 тіркелген) орындау мақсатында аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған "Аз қамтамасыз етілген отбасыларына және аса мұқтаж азаматтарға бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы Ереже” бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі / С.Каимова/ аз қамтамасыз етілген отбасыларына және аса мұқтаж азаматтарға бір жолғы материалдық көмекті тағайындау, төлеу және есепке алуды ұйымдастырсын.
Тармақ 3
3. Аудандық экономика және қаржы бөліміне /С.Ж.Ерғалиев/ көрсетілген мақсатқа арналып жергілікті бюджетте қаралған қаражат шегінде бір жолғы материалдық көмектің төлемін қаржыландыру тапсырылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Айтуаровқа жүктелсін.
Басқа 5
Маңғыстау ауданы әкімиятының
2005 жылғы 24 ақпандағы
“Аз қамтамасыз етілген отбасыларына
және аса муқтаж азаматтарға бір жолғы
материалдық көмек көрсөту туралы”
№ 51 қаулысымөн бекітілген
қосымша
Аз қамтамасыз етілген отбасыларына
және аса мұқтаж азаматтарға бір жолғы
материалдық көмек көрсету туралы
ЕРЕЖЕ
Осы Ереже аз қамтамасыз етілген отбасыларына және аса мұқтаж азаматтарға бір жолғы материалдық көмекті көрсету тәртібін белгілейді.
Тарау 1. 1. Жалпы Ереже
1. Жалпы Ереже
Тармақ 1
1. Бір жолғы материалдық көмек өтініштік түрге ие және аз қамтамасыз етілген отбасыларына және аса мұқтаж азаматтарға ақшалай түрде беріледі.
Тармақ 2
2. Аудан әкімі /бұдан әрі-әкім/ жергілікті деңгейде әлеуметтік көмекті көрсету жөніндегі шараларды тікелей жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бір жолғы материалдық көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган болып саналады /бұдан әрі- уәкілетті орган/.
Тармақ 4
4. Бір жолғы материалдық көмек беру туралы өтініш аудан әкімінің атына аз қамтамасыз етілген отбасыларын есепке алу жөніндегі әлеуметтік картаның көшірмесімен және етініш негізін растайтын басқа да құжаттарымен бірге беріледі. Уәкілетті орган өтініш берушінің сұрауы бойынша әлеуметтік картаның көшірмесін беруге міндетті.
Тармақ 5
5. Өтінішпен хабарласқан азаматтарға тапсырған ақпаратының сенімділігі үшін жауапкершілік жүктеледі. Жасалған төлемдерден кейін бұзулар анықталған жағдайда заңсыз төленген сомалар кінәлі адамдардан қолданудағы заңнамамен бекітілген тәртіпте өндіріледі.
Тармақ 6
6. Аудан әкімі бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы шешім /қарар салумен/ қабылдайды және ағымдағы сәтке көрсетілген мақсатқа жергілікті бюджетте бар қаражат тұрғысынан оның мөлшерін белгілейді. Олар болмаған жағдайда өтініш кейінгі мерзімдерде қарауға жатады.
Тармақ 7
7. Бір жолғы материалдық көмек тағайындау туралы қарар салынған, әкім арқылы қаралған өтініштер оны өтініш жасаған адамға төлеу үшін уәкілетті органға жіберіледі.
Тармақ 8
8. Бір жолғы материалдық көмекті беру “Қазақстан Халық банкі" АҚ Маңғыстау аудандық филиалы /бұдан әрі-банк/ және “Казпочта" АҚ Маңғыстау аудандық филиалы /бұдан әрі- почта/ арқылы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен банк және почта арасында жасалған Агенттік келісімдерге сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Аз қамтамасыз етілген отбасыларына және аса мұқтаж азаматтарға бір жолғы материалдық көмекті төлеу жыл сайын аудандық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2. Бір жолғы материалдық көмекті көрсету шарттары мен тәртібі
2. Бір жолғы материалдық көмекті көрсету шарттары мен тәртібі
Тармақ 10
10. Бір жолғы материалдық көмекке құқықпен, отбасы мүшесінің жиынтық табысы аймақ бойынша белгіленген кедейлік деңгейінен төмен болған аз қамтамасыз етілген отбасылар және аса мұқтаж азаматтар пайдаланады.
Тармақ 11
11. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға бір жолғы материалдық көмекті тағайындау кезінде негіз үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес кедейлік деңгейден төмен тұратын отбасыларын есепке алу жөніндегі әлеуметтік картасы алынады.
Тармақ 12
12. Бір жолғы материалдық көмек аз қамтамасыз етілген отбасына және аса мұқтаж азаматтарға өтініші бойынша күнтізбелік жылда бір реттен жиі емес тағайындалады және олар:
отбасы мүшелерінен біреу қайтыс болған;
қатаң ауырған, операция жасататын, облыс шегінен шығып, емделуге кететін;
зардап шеккен отбасына материалдық шығын келтірген өрт болған;
отбасында немесе азаматтың басында басқа бақытсыз оқиғалар болған;
отбасында өте қат тұрмыстық қажеттілік ( қысқы отын.су.газ.тоқ.т.б.) туындаған жағдайларда тағайындалады.
Тарау 3. 3. Бір жолғы материалдық көмекті қаржыландыру және төлеу
3. Бір жолғы материалдық көмекті қаржыландыру және төлеу
Тармақ 13
13. Аз қамтамасыз етілген отбасына немесе аса мұқтаж азаматтарға бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы әкімнің қарары қойылған өтініштер болған жағдайда.уәкілетті орган оларды тағайындауды жүзеге асырады.
Уәкілетті орган ай сайын, 23 жұлдызынан кешіктірмей нақты тағайындалған бір жолғы материалдық көмекті төлеуге ақшалай қаражат сұранысына арналған өтінімді банкіге жене почтаға комиссиялық сыйақыға шығындар сомаларын бөліп көрсете отырып оларды жергілікті бюджет қаражатынан қаржыландыру үшін аудандық экономика және қаржы бөліміне жібереді.
Тармақ 14
14. Осы Ережеге сай, қаржыландыру жоспарларына сәйкес және өтінімдердің негізінде аудандық экономика және қаржы бөлімі айдың 25 жұлдызына дейін бір жолғы материалдық көмекті төлеуге арнап уәкілетті органды қаржыландыруды жүргізеді.
Тармақ 15
15. Ақшалай қаржылардың түсуі бойынша уәкілетті орган ағымдағы айдың 30 жұлдызына дейін төлем талсырыстарымен алынған қаражатты банкінің және почтаның есепшоттарына аударады. Сонымен бірге банкі мен почтаға төленетін соманың0,6 пайызы мөлшерінде коммиссиялық сыйақы аударылады.
Тармақ 16
16. Уәкілетті орган ақшалай қаржыларды банкінің және почтаның аудандық филиалдарына аударғаннан кейін банкідегі есепшотқа алушылардың сомаларын қабылдау үшін құжаттық түрде тізімдердің бір данасы мен олардың транспорттық файлын банкіге және почта арқылы алушыларға сомаларды төлеу үшін құжаттық түрде тізім- ведомостылардың бір данасы мен үйге әкеліп беруді қажет ететін қозғалу мүмкіндігі шектеулі алушылардың үйіне жеткізіп беріп, төлеу үшін қүжаттық түрде тізім- ведомостылардың бір данасын почтаға береді.
Тармақ 17
17. Банк жене почта алынған тізімдерге сәйкес төлеуді жүзеге асырады.
Тармақ 18
18. Уәкілетті орган ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 1 жұлдызына, қаперге беру үшін аудандық бюджет қаражатынан бір жолғы материалдық көмек алған азаматтардың саны мен қаражат жөніндегі мәліметті банкі мен почтаға айырып көрсете отырып облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік қорғау департаментіне жібереді.
Тармақ 19
19. Бір жолғы материалдық көмекті төлеу жеке куәлігін көрсетуі бойынша өтініш берушінің жеке өзіне жүргізіледі.
Тармақ 20
20. Өтініш берушінің қайтыс болуына байланысты бір жолғы материалдық көмектің алынбаған сомасы басқа адамға төленбейді.
Тармақ 21
21. Уәкілетті органның хаты / өкімі/ бойынша алушының қайтыс болуына байланысты төленбеген сомалар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімінің тиісті есепшотына қайтаруға жатады.
Тарау 4. 4. Есеп берушілік пен бақылау
4. Есеп берушілік пен бақылау
Тармақ 22
22. Ай сайын, төлем жүргізілген айдан кейінгі айдың 5 жұлдызынан кешіктірмей.уәкілетті орган төленген сомалар бойынша банкімен және почтамен салыстыру кесімін жасайды.
Тармақ 23
23. Уәкілетті орган тағайындалған және төленген бір жолғы материалдық көмектің есебін жүргізеді және ағымдағы айдың 10 жұлдызынан кешіктірмей, есепті облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті және аудандық экономика және қаржы бөліміне тапсырады.
Тармақ 24
24. Қаражаттың тағайындалуы, төленуі, мақсатқа сай жұмсалуының дүрыстығына бақылауды облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар және облыстық қаржы департаменттері мен аудандық экономика жене қаржы бөлімі жүзеге асырады.