Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына амбулаториялық емделу кезінде дәрі-дәрмек алуы үшін бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.02.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына амбулаториялық емделу кезінде дәрі-дәрмек алуы үшін бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңына сәйкес және Маңғыстау аудандық мәслихатының 2004 жылғы 14 желтоқсандағы “2005 жылға арналған аудандық бюджет туралы” №9/57 шешімін (облыстық әділет департаментінде 2004 жылғы 30 желтоқсанда №1815 тіркелген) іске асыру мақсатында-аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған “Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына амбулаториялық емделу кезінде дәрі-дәрмек алуы үшін бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы Ереже” бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық жумыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі /С.Каимова/ селолар бойынша ¥лы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары дәрі-дәрмек алуы үшін бір жолғы материалдық көмекті тағайындау, төлеу және есепке алуды ұйымдастырсын.
Тармақ 3
3. Аудандық экономика және қаржы бөліміне /С.Ж.Ерғалиев/ көрсетілген мақсатқа арналып жергілікті бюджетте қаралған қаражат шегінде бір жолғы материалдық көмектің төлемін қаржыландыру тапсырылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Айтуаровқа жүктелсін. Келісілді: Ерғалиев С.Ж. - аудандық экономика және қаржы бөлімінің бастығы 24 ақпан 2005ж. Каимова С. - Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бастығы 24 ақпан 2005ж. Ізтұров А. - Қазақстан халық банкі акционерлік қоғамының Маңғыстау аудандық филиалының басқарушысы 24 ақпан 2005 ж. Шохиев Ш. - Казпочта акционерлік қоғамының Маңғыстау аудандық филиалының бастығы 24 ақпан 2005 ж.
Басқа 5
Маңғыстау ауданы әкімиятының 2005 жылғы 24 ақпан “Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына амбулаториялық емделу деп кезінде дәрі-дәрмек алуы үшін бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы” қаулысымен бекітілген қосымша Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына амбулаториялық емделу кезінде дәрі-дәрмек алуы үшін бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы ЕРЕЖЕ Осы Ереже Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңына, Маңғыстау аудандық мәслихатының 2004 жылғы 14 желтоқсандағы “2005 жылға арналған аудандық бюджет туралы” №9/57 шешіміне (облыстық әділет департаментінде 2004 жылғы 30 желтоқсанда №1815 тіркелген) сәйкес жасалған және Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына амбулаториялық емделу кезінде дәрі-дәрмек алуы үшін бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы тәртібін белгілейді.
Тарау 1. 1. Жалпы Ереже
1. Жалпы Ереже
Тармақ 1
1. Бір жолғы материалдық көмек амбулаториялық емделуде жүрген Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына көрсетіледі.
Тармақ 2
2. Бір жолғы материалдық көмекті төлеу аудандық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган болып саналады бұдан әрі - уәкілетті орган.
Тармақ 4
4. Бір жолғы материалдық көмекті беру “Қазақстан Халық Банкі” АҚ Маңғыстау аудандық филиалы бұдан әрі - банк және “Казпочта" АҚ Маңғыстау аудандық филиалы бұдан әрі – почта арқылы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен банк және почта арасында жасалған Агенттік келісімдерге сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2. Тағайындау тәртібі
2. Тағайындау тәртібі
Тармақ 5
5. Бір жолғы материалдық көмек ¥лы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына жылына бір рет аудандық мәслихаттың алдағы жылға арналған аудандық бюджет жөніндегі шешімімен белгіленген мөлшерінде тағайындалады.
Тармақ 6
6. Бір жолғы материалдық көмекті тағайындау үшін Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары тұрғылықты орны бойынша уәкілетті органға төмендегідей құжаттарды тапсырады:
Тармақша 1
1)өтініш;
Тармақша 2
2)жеке басын куәландыратын құжат;
Тармақша 3
3)көмекті алуға құқығын растайтын құжат-Ұлы Отан соғысы мүгедектігі мен қатысушысының куәлігі;
Тармақша 4
4)салық төлеушінің тіркеу нөмері;
Тармақша 5
5)тұрақты тұрғылықты орнын растайтын анықтама;
Тармақша 6
6)медициналық мекемеден мөрмен куәландырылған амбулаториялық емделуде жүргендігі туралы анықтама.
Тармақ 7
7. Уәкілетті орган осы Ереженің 6 тармағына сай бір жолғы материалдық көмек алуы үшін тапсырған құжаттарды арнайы журналға тіркейді.
Тармақ 8
8. Уәкілетті орган табыс етілген құжаттардың негізінде бір жолғы материалдық көмекті тағайындау туралы шешім қабылдайды.
Тарау 3. 3. Қаржыландыру және төлеу
3. Қаржыландыру және төлеу
Тармақ 9
9. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына бір жолғы материалдық көмекті тағайындау туралы қабылданған шешімдерге сәйкес уәкілетті орган ай сайын 23 жұлдызынан кешіктірмей оны төлеу үшін ақшалай қаражат сұранысына арналған өтінімді банкіге және почтаға комиссиялық сыйақыға шығындар сомаларын бөліп көрсете отырып, аудандық экономика және қаржы бөліміне жібереді.
Тармақ 10
10. Осы Ережеге сай, қаржыландыру жоспарларына сәйкес және өтінімдер негізінде аудандық экономика және қаржы бөлімі ағымдағы айдың 25 жұлдызына дейін уәкілетті органға бір жолғы материалдық көмекті төлеуге қаражат бөледі.
Тармақ 11
11. Ақшалай қаржылардың түсуі бойынша уәкілетті орган ағымдағы айдың 30 жұлдызына дейін төлем тапсырыстарымен алынған қаражатты банкінің және почтаның есепшоттарына аударады. Сонымен бірге банкі мен почтаға төленетін соманың 0,6 пайызы мөлшерінде комиссиялық сыйақы аударылады.
Тармақ 12
12. Уәкілетті орган ақшалай қаржыларды банкінің және почтаның аудандық филиалдарына аударғаннан кейін банкідегі есепшотқа алушылардың сомаларын қабылдау үшін құжаттық түрде тізімдердің бір данасы мен олардың транспорттық файлын банкіге және почта арқылы елді мекендер бойынша алушылардың сомаларын төлеу үшін құжаттық түрде тізім ведомостылардың бір данасы мен үйге әкеліп беруді қажет ететін қозғалу мүмкіндігі шектеулі зейнеткерлердің үйіне жеткізіп беріп, төлеу үшін құжаттық түрде тізім - ведомостылардың бір данасын почтаға береді.
Тармақ 13
13. Банк және почта алынған тізімдерге сәйкес төлеуді жүзеге асырады.
Тармақ 14
14. Бір жолғы материалдық көмекті төлеу өтініш берушінің жеке куәлігін көрсетуі бойынша жеке өзіне жүргізіледі.
Тармақ 15
15. Соғыс мүгедегінің және қатысушысының қайтыс болуына байланысты бір жолғы материалдық көмектің алынбаған сомасы басқа адамға төленбейді.
Тармақ 16
16. Уәкілетті органның хаты өкімі бойынша алушының қайтыс болуына байланысты төленбеген сомалар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тиісті есепшотына қайтаруға жатады.
Тарау 4. 4. Есеп берушілік пен бақылау
4. Есеп берушілік пен бақылау
Тармақ 17
17. Ай сайын, төлем жүргізілгеннен кейінгі келесі айдың 5 жұлдызынан кешіктірмей, уәкілетті орган төленген сомалар бойынша банкі және почтамен салыстыру кесімін жасайды.
Тармақ 18
18. Уәкілетті орган тағайындалған және төленген материалдық көмектің есебін жүргізеді және ағымдағы айдың 10 жұлдызынан кешікгірмей, есепті облыстық жумыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіні және аудандық экономика және қаржы бөліміне тапсырады.
Тармақ 19
19. Қаражаттың тағайындалуы, төленуі, мақсатқа сай жұмсалуының дұрыстығына бақылауды облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар және облыстық қаржы департаменттері мен аудандық экономика және қаржы бөлімі жүзеге асырады.