Азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы материалдық көмек көрсету туралы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.02.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы материалдық көмек көрсету туралы Қазакстан Республикасы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 Заңының 31 бап 1 тармақ 14 тармақшасына және “2005 жылға арналған бюджет туралы” 2004 жылғы 14 желтоқсандағы №1271 қалалық Мәслихаттың шешіміне сәйкес қала әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мыналарға біржолғы материалдық көмек көрсетілсін:
Тармақша 1
1)Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде - Жеңіс күні 9-мамырға;
Тармақша 2
2)Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда қажырлы еңбегі және қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО-ның ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде - Жеңіс күні 9 мамырға;
Тармақша 3
3)еңбек кітапшасында немесе мұрағаттық анықтамада 1941 жылдың 22-маусымынан 1945 жылдың 9-мамыры аралығында 6 айдан кем емес жұмыс жасағандығы туралы жазбасы бар тыл еңбеккерлеріне, 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде - Жеңіс күні 9 мамырға;
Тармақша 4
4)Ұлы Отан соғысында қаза болған, қайтыс болған, хабарсыз кеткен жауынгерлердің қайта некеге отырмаған жесірлеріне, 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде - Жеңіс күніне 9 мамырға;
Тармақша 5
5)Ленинград блокадасының тұрғындарына, 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде - Жеңіс күні 9 мамырға;
Тармақша 6
6)фашистік концлагерлер тұтқындарына, 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде - Жеңіс күні 9 мамырға;
Тармақша 7
7)жалғыз басты 70 жастан асқан зейнеткерлерге, 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде - Қарттар күні 1 қазанға;
Тармақша 8
8)16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде - Мүгедектер күніне (жыл сайын қазан айының екінші жексенбісі);
Тармақша 9
9)І-ІІ топтағы мүгедектеріне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға, 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде - Мүгедектер күніне (жыл сайын қазан айының екінші жексенбісі);
Тармақша 10
10) асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға, 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде " - Қазақстан Республикасы күніне (25 қазанға).
Тармақ 2
2. Коса беріліп отырған Жергілікті бюджет қаражатынан атаулы және мерекелік күндерге азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғьі материаддық көмекті тағайындау және төлеу Қағидасы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (М.И.Абубикиров) азаматтардың жоғарыда көрсетілген санаттарыңа біржолғы материалдық көмекті уақтылы тағайындауды және төлеуді ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтың қалалық филиалына (Б.Есебаева) жоғарыда көрсетілген азаматтардың жекелеген санаттағы біржолғы көмек алушыларының тізімін, тиісті төлемдерін қаржыландыруға арналған өтінімдерін жасау үшін қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне уақытында табыс етуді ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Қалалық қаржылар бөлімі (М.У.Абдыкулова) жергілікті бюджетте көрсетілген мақсаттарға қаралған қаражаттан уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Қала әкімияты «Азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы материалдық көмеккөрсету туралы» 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 95 қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалысын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ.Тлеповке жүктелсін.
Басқа 18
2005 жылғы 24 .02. № 199 қала әкімиятының қаулысымен бекітілген Жергілікті бюджет кдражатынан атаулы және мерекелік даталарға азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы материаддық көмекті тағайындау және төлеу ҚАҒИДАСЫ Осы атаулы және мерекелік даталарға азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы материалдық көмекті тағайындау және төлеу Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленіп жасалады.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағидада пайдаланатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) атаулы және мерекелік даталарға азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы материалдық көмекті тағайындау жөніндегі уәкілетті орган қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі болып табылады (бұдан әрі - уәкілетті орган);
Тармақша 2
2)біржолғы материалдық көмекті беру “Қазақстан Халық Банкі” ААҚ Маңғыстау облыстық филиалы (бұдан әрі - банк) арқылы, қалалық байланыс бөлімшелері арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Атаулы және мерекелік даталарға азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы материалдық көмекті (бұдан әрі - біржолғы көмек) төлеу жыл сайын жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Уәкілетті органның, қажет жағдайда, өз қызметінің шұғылданатын түрі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарының есебін жүргізуді асыратын органдардан (Зейнетақы төлеу Мемлекеттік орталығының қалалық филиалы (ЗТМО) және басқалардан) мәліметтерді сұратуға құқығы бар.
Тарау 2. 2. Біржолғы көмекті тағайындау тәртібі
2. Біржолғы көмекті тағайындау тәртібі
Тармақ 4
4. Азаматтарға біржолғы көмекті тағайындау олардың есебін жүргізуді жүзеге асыратын көмекті тағайындау жөніндегі уәкілетті орган мен басқа органдардағы (ЗТМО және басқалар) құжаттар мен азаматтар санаттарының мәліметтерін тіркеу журналдарының (жеке және зейнетақылық істердің) негізінде жүзеге асырылады және банкі арқылы ақшалай сомаларды төлеу жөніндегі жұмыс кезінде қабылданған қалыпқа сәйкес тізім түрінде ресімделеді.
Тармақ 5
5. Біржолғы көмекті тағайындауға тізімдер, оған осы Кезеңде есепте тұрған, талап етілген санаттағы, оның ішінде оларға әлеуметтік қолдаудың әлде бір түрлерін төлеу уақытша тоқтатылған адамдардың шепті кұрамын енгізе отырып, талап ету датасына жасалады. Қайтыс болған азаматтар мен толықтай мемлекеттік қамтамасыз етуде тұрған адамдар тізімдерге енгізілмейді.
Тарау 3. 3. Біржолғы көмекті төлеуге тізімдерді жасау тәртібі
3. Біржолғы көмекті төлеуге тізімдерді жасау тәртібі
Тармақ 6
6. Біржолғы көмекті төлеуге тізімдерді қалыптастыру едді мекендер айырымында, банкіге сомаларды қабылдау мен алушының үйіне жеткізіп беру үшін жеке дара жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы көмекті тағайындауға уәкілетті және тікелей олардың есебін жүргізуді жүзеге асыратын орган арқылы банкіге жеке есеп шоттарға алушыларға сомаларды қабылдау үшін тізімдер құжаттық түрде 2 данада және транспорттық файл түрінде жасалады, ал сомаларды алушының үйіне жеткізіліп беріп, төлеу үшін тізім - ведомостар құжаттық түрде 3 данада жасалады.
Тармақ 8
8. Өз қызметінің шұғылданатын түрі бойынша біржолғы көмекті көрсетуге жататын азаматтар санаттарының есебін жүргізуді жүзеге асыратын басқа органдар (ЗТМО және басқалар) арқылы банкідегі жеке есеп шоттарға алушыларға сомаларды қабылдау үшін тізімдер құжаттаық түрде 3 данада және транспорттық файл түрде жасалады, ал сомаларды алушының үйіне жеткізіп беріп, төлеу үшін тізім - ведомостар құжаттық 4 данада жасалады.
Тармақ 9
9. Біржолғы көмекті төлеуге тізімдер бойынша “БК” әріптік белгілеуі енгізіледі. Сонымен бірге оларды алушы туралы төмендегідей мәліметтер болуға тиіс:
Тармақша 1
1)азаматтардың (отбасыларының) осы санаттарының есебін жүргізуді жүзеге асыратын орган арқылы берілген жеті сандық тіркеу нөмірі;
Тармақша 2
2)салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТТН);
Тармақша 3
3)әлеуметтік қолдаудың басқа түрлерін алатын адамдардың банкідегі жинағы бойынша арнаулы есеп шот нөмірі;
Тармақша 4
4)банкідегі жинағы бойынша арнаулы есеп шот нөмірі жоқ адамдарда “жаңа” сөзі қойылады;
Тармақша 5
5)жеке куәлігінің нөмірі;
Тармақша 6
6)тегі, аты, әкесінің аты;
Тармақша 7
7)тұрғылықты орнының мекен жайы.
Тармақ 10
10. Біржолғы көмекті төлеуге тізімдер жасаған органның басшысы оларға қол қояды, елтаңбалық мөрмен куәландырады және оларда көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен сенімділігі үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдеріне сәйкес жауапкершілік артады.
Тармақ 11
11. Өз қызметінің шұғылданатын түрі бойынша біржолғы көмекті көрсетуге жататын азаматтар есебін жүргізуді жүзеге асыратын орган (ЗТМО және басқалар) тізімдерді жасағаннан кейін бір данадан құжаттық түрде өзінде қалдырады. Транспорттық файлды қоса алғандағы қалған даналарын уәкілетті органға береді.
Тармақ 12
12. Уәкілетті орган басқа органдар арқылы жасалған тізімдерді: олардың белгіленген қалыпқа сәйкестігі мен жиынтығын шығару дұрыстығын тексереді.
Тарау 4. 4. Біржолғы көмекті төлеуге қаржыландыру тәртібі
4. Біржолғы көмекті төлеуге қаржыландыру тәртібі
Тармақ 13
13. Уәкілетті орган атаулы және мерекелік даталарға дейін он күн бүрын көмек төлеуге жасалған тізімдер мен олардың жиынтық сомаларына толық сәйкестігі негізінде ақшалай қаражат сұранысына арналған өтінімді банкіге комиссиялық сыйақыға шығындар сомаларын бөліп көрсете отырып, қалалық қаржылар бөліміне тапсырыс береді.
Тармақ 14
14. Осы Қағидаға сәйкес, қаржыландыру жоспарына сай және өтінімдердің негізінде қалалық қаржылар бөлімі қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне біржолғы көмекті төлеуге қаржылар бөледі.
Тарау 5. 5. Біржолғы көмекті төлеу тәртібі
5. Біржолғы көмекті төлеу тәртібі
Тармақ 15
15. Уәкілетті орган ақшалай қаржыларды аудару туралы мәліметтерді алғаннан кейін, банкідегі жеке есеп шотқа алушылардың сомаларын қабылдау үшін құжаттық түрде тізімдердің бір данасы мен олардың транспорттық файлын және сомаларды алушылардың үйіне жеткізіп беріп, төлеу үшін құжаттық түрде тізім - ведомостардың екі данасын банкіге және байланыс бөлімшесіне тізімнің екі данасы береді.
Тармақ 16
16. Алушыларга біржолгы көмекті төлеу банкі арқылы және байланыс бөлімшелері арқылы жүргізіледі.
Тарау 6. 6. Есеп берушілік
6. Есеп берушілік
Тармақ 17
17. Ай сайын қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік багдарламалар бөлімі банкімен және байланыс бөлімшесімен салыстыру кесімін әр - айдың 10-на дейін жасайды.
Тарау 7. 7. Бақылау
7. Бақылау
Тармақ 18
18. Ақшалай қаржылардың мақсатты жұмсалуына, бір жолғы көмекті тағайындау жөніндегі уәкілетті органда алушылардың тізімдерінің болуына және тізімдер бойынша жиынтық сомалардың, төлем тапсырмаларындагы сомалардың тендігіне бақылауды қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік багдарламалар бөлімі мен қалалық қаржылар бөлімі асырады.