Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларьша амбулаториялық емделу кезінде дәрі - дәрмек алу үшін материалдық көмек көрсету туралы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.02.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларьша амбулаториялық емделу кезінде дәрі - дәрмек алу үшін материалдық көмек көрсету туралы Қазақстан Республикасы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының 31 бап 1 тармақ 14 тармақшасына және “2005 жылға арналған бюджет туралы” 2004 жылғы 14 желтоқсандағы № 1271 қалалық Мәслихаттың шешіміне сәйкес қала әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына амбулаториялық емделу кезінде дәрі-дәрмек алуы үшін біржолғы материалдық көмек көрсету жөніндегі Қағида, қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қалалық денсаулық сақтау бөлімінің бас дәрігері (Т.Сатыбалдиев) біржолғы материалдық көмек алуға қалалық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөліміне табыс етуі үшін ¥лы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына амбулаториялық емделуіне медициналық анықтамаларының берілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (М.И.Абубикиров) ¥лы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына дәрі-дәрмек алуы үшін біржолғы әлеуметтік көмекті тағайындагі, төлеп және есепке алсын.
Тармақ 4
4. Қалалық қаржылар бөлімі (М.У.Абдыкулова) көрсетілген мақсатқа арналып жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде біржолғы материалдық көмектің төленуін қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Қала әкімияты «Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына амбулаториялық емделу кезінде дәрі - дәрмек алу үшін материалдық көмек туралы» 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 93 қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалысын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ.Тлеповке жүктелсін.
Басқа 7
2005 жылға 24.02 № 200 қала әкімиятының қаулысымен бекітілген Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына амбулаториялық емделу кезінде дәрі-дәрмек алуы үшін біржолғы материалдық көмек көрсету туралы ҚАҒИДА Осы Қағида “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” 2001 жылғы 23-қаңтардағы № 148-II Қазақстан Республикасының Заңына, қалалық Мәслихатының “2005 жылға арналған қалалық бюджет туралы” шешіміне сәйкес жасалған және Ұ лы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына амбулаториялық емделу кезінде дәрі-дәрмек алуы үшін біржолғы материалдық көмек көрсету тәртібін белгілейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Біржолғы материалдық көмек амбулаториялық емделуде жүрген Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына көрсетіледі.
Тармақ 2
2. Біржолғы материалдық көмекті төлеу қалалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Қалалық жұымыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган болып саналады.
Тармақ 4
4. Біржолғы материалдық көмекті беру “Қазақстан Халық Банкі” ААҚ Маңғыстау облыстық филиалы (бұдан әрі банк) және қалалық байланыс бөлімшелері арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Біржолғы материалдық көмекті төлеу Ұлы Отан соғысының мүгедектерінің немесе қатысушыларының арызына байланысты үйіне немесе банк арқылы жеткізіледі.
Тарау 2. 2. Тағайындау тәртібі
2. Тағайындау тәртібі
Тармақ 6
6. Біржолғы материалдық көмекті тағайындау үшін Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары тұрақты орны бойынша көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органға төмендегідей құжаттарды тапсырады:
Тармақша 1
1)өтініш;
Тармақша 2
2)жеке басын куәландыратын құжат;
Тармақша 3
3)көмекті алуға құқығын растайтын құжат - Ұлы Отан соғысы мүгедегінің немесе қатысушысының куәлігі;
Тармақша 4
4)салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
Тармақша 5
5)тұрақты тұрғылықты орнын растайтын анықтама;
Тармақша 6
6)медициналық мекемеден мөрмен куәландырылған амбулаториялық емделуде жүргендігі туралы анықтама;
Тармақ 7
7. Көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган табыс етілген құжаттардың негізінде біржолғы материалдық көмекті тағайындау туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 8
8. Біржолғы материадцық көмек Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына жылына бір рет біржолғы материадцық көмек тағайындалады.
Тарау 3. 3. Қаржыландыру және төлеу
3. Қаржыландыру және төлеу
Тармақ 9
9. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына материалдық көмекті тағайындау туралы қабыдданған шешімдерге сәйкес көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган ай сайын, айдың 23-жұлдызында, қалалық қаржылар бөліміне оны төлеу үшін ақщалай қаражат қажеттілігіне деген өтінімін жоддайды.
Тармақ 10
10. Осы Қағидаға сай, қаржыландыру жоспарларына сәйкес және өтінімдер негізінде қалалық қаржы бөлімі ағымдағы айдың 25-жұлдызына дейін қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне біржолғы материалдық көмекті төлеуге қаражат бөліп есеп шотқа аударуды жүргізеді.
Тармақ 11
11. Көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган ағымдағы айдың 30-жұлдызына дейін толем тап сыры старым ен алынған қаражатты банкінің есепшоттарына немесе қалалық байланыс бөлімшелеріне аударады. Сонымен бірге банкіге және байланыс бөлімшелеріне төленетін соманың 0,6%-ы мөлшерінде комиссиялық сыйақы аударылады.
Тармақ 12
12. Банк және байланыс бөлімшесі алынған тізімдерге сәйкес төлеуді жүзеге асырады.
Тармақ 13
13. Біржолғы материалдық көмекті төлеу өтініш берушінің жеке куәлігін көрсетуі бойынша жеке өзіне жүргізіледі.
Тармақ 14
14. Соғыс мүгедегінің немесе қатысушысының қайтыс болуына байланысты біржолғы материалдық көмектің алынбаған сомасы басқа адамға төленбейді.
Тарау 4. 4. Есепке алу мен есеп беруді жүргізу
4. Есепке алу мен есеп беруді жүргізу
Тармақ 15
15. Ай сайын, төлеу жүргізілгеннен кейінгі келесі айдың 5-жұлдызынан кешіктірілмей, көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган төленген сомалар бойынша банкі және байланыс бөлімшелерімен кесім - салыстырулар жасайды.
Тармақ 16
16. Көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган тағайындалған және төленген біржолгы материалдық көмектің есебін жүргізеді және агымдагы айдың 10-жұлдызынан кешіктірмей, есепті облыстық еңбек халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қоргау басқармасына тапсырады.
Тармақ 17
17. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік багдарламалар бөлімі ай сайын (өткен ай үшін) қала бойынша амбулаториялық емделуге Ұлы Отан согысының мүгедектері мен қатысушыларына көрсетілген біржолгы материалдық көмек жөнінде жиынтық есеп пен қала тұргысындағы есебін жасайды және агымдагы айдың 12-жұлдызынан кешіктірмей, қаржылар бөліміне тапсырады.
Тармақ 18
18. Қаражаттың тагайындалуы, төленуі, мақсатқа сай жұмсалуының дұрыстыгына бақылауды қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, қаржылар бөлімі жүзеге асырады.