Аз қамтамасыз етілген отбасыларына және аса мұқтаж азаматтарға біржолғы материалдық көмек көрсету туралы Қолданыста
Басқа 0
Аз қамтамасыз етілген отбасыларына
және аса мұқтаж азаматтарға біржолғы
материалдық көмек көрсету туралы
Казақстан Республикасы ’’Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының 31 бап 1 тармақ 1 тармақшасына және “2005 жылға арналған бюджет туралы” 2004 жылғы 14 желтоқсандағы № 1271 қалалық Мәслихаттың шешіміне сәйкес қала әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аз қамтамасыз етілген отбасыларына және аса мұқтаж азаматтарға біржолғы материалдық көмек көрсету туралы Қағида қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (М.И.Абубикиров) аз қамтамасыз етілген отбасыларына және аса мұқтаж азаматтарға біржолғы материалдық көмек көрсетсін.
Тармақ 3
3. Қалалық қаржылар бөлімі (М.У.Абдыкулова) көрсетілген мақсатқа арналып жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде біржолғы материалдық көмектің төленуін қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Қала әкімияты «Аз қамтамасыз етілген отбасыларына және аса мұқтаж азаматтарға біржолғы материалдық көмек корсету туралы» 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 94 қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалысын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ.Тлеповке жүктелсін.
Басқа 6
2005 жылғы 24.02 № 201
қала әкімиятының қаулысымен бекітілген
Аз қамтамасыз етілген отбасыларына және аса мұқтаж азаматтарға біржолғы материалдық көмек көрсету туралы
ҚАҒИДА
Осы Қағида “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” 2001 жылғы 23-қаңтардағы № 148- II Қазақстан Республикасының Заңына, қалалық Мәслихатының “2005 жылға арналған қалалық бюджет туралы” шешіміне сәйкес жасақталған және аз қамтамасыз етілген отбасыларына және аса мұқтаж азаматтарға біржолғы материалдық көмекті көрсету тәртібін белгілейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Біржолғы материалдық көмек өтініштік түрге ие және аз қамтамасыз етілген отбасыларына және аса мұқтаж азаматтарға ақшалай түрде беріледі.
Тармақ 2
2. Қала әкімі (бұдан әрі - әкім) жергілікті деңгейде әлеуметтік көмекті көрсету жөніндегі шараларды тікелей жүзеге асырады.
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі біржолғы материалдық көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган болып саналады (бұдан әрі - уәкілетті орган).
Тармақ 3
3. Біржолғы материалдық көмек беру туралы өтініш қала әкімінің атына аз қамтамасыз етілген отбасыларын есепке алу жөніндегі әлеуметтік картаның көшірмесімен және өтініш негізін растайтын басқа да құжаттармен бірге беріледі. Уәкілетті орган өтініш берушінің сұрауы бойынша әлеуметтік картаның көшірмесін беруге міндетті.
Тармақ 4
4. Өтінішпен хабарласқан азаматтар тапсырған ақпаратын сенімділігі үшін толық жауапкершілік артады. Жасалған төлемдерден кейін бұзулар анықталған жағдайда, заңсыз төленген сомалар кінәлі адамдардан қолданудағы заңнамамен бекітілген тәртіпте өндіріледі.
Тармақ 5
5. Қала әкімі біржолғы материалдық көмек корсету туралы шешім (қарар салумен) қабылдайды және ағымдагы сәтке көрсетілген мақсатқа жергілікті бюджетте бар қаражат тұрғысынан оның мөлшерін белгілейді. Олар болмаған жағдайда өтініш кейінгі мерзімдерде қарауға жатады.
Тармақ 6
6. Біржолғы материалдық көмек тағайындау туралы қарар салынған, әкім арқылы қаралған өтініштер оны өтініш жасаған адамға төлеу үшін уәкілетті органға жіберіледі.
Тарау 2. 2. Біржолғы материалдық көмекті көрсету шарттары мен тәртібі
2. Біржолғы материалдық көмекті көрсету шарттары мен тәртібі
Тармақ 7
7. Біржолгы материалдық көмекті тагайындау кезінде негіз үшін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министірінің 2002 жылгы 13 акдандагы № 31-ө бұйрығымен бекітілген “Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер) жиынты табысын анықтаудың Ережесіне” сәйкесті есептелетін аз қамтамасыз етілген отбасының жиынтық табысы алынады.
Тармақ 8
8. Біржолғы материалдық көмекті құқықпен, отбасы мүшесінің жиынтық табысы аймақ бойынша белгіленген кедейлік деңгейінен төмен болған аз қамтамасыз етілген отбасылар және құжаттарына сәйкес аса мұқтаж азаматтар пайдаланады.
Тармақ 9
9. Біржолғы материалдық көмек аз қамтамасыз етілген отбасына және аса мұқтаж азаматтарға өтініші бойынша күнтізбелік жылда бір реттен жиі емес тағайындалады және олар:
отбасы мүшелерінен біреу қайтыс болған;
қатаң ауырған, операция жасататын, қала шегінен шығып, емделуге кететін;
зардап шеккен отбасына материаддық шығын келтіріп өрт болған; отбасының немесе азамат басында басқа бақытсыз оқиғалар болған және табыс көзі балаларын асырауға жетпейтін жағдайларда тағайындалады.
Тармақ 10
10. Біржолғы материаддық көмек аз қамтамасыз етілген отбасыларына және аса мұқтаж азаматтарға арыздарына байланысты көрсетілсін.
Тарау 3. 3. Біржолғы материалдық көмекті қаржыландыру және төлеу
3. Біржолғы материалдық көмекті қаржыландыру және төлеу
Тармақ 10
10. Аз қамтамасыз етілген отбасына немесе аса мұқтаж азаматтарға біржолғы материалдық көмек көрсету туралы әкім қарары қойылған өтініштер болған жағдайда, уәкілетті орган оларды тағайыңдауды жүзеге асырады.
Уәкілетті орган ай сайын онкүндіктер бойынша нақты тағайындалғаны біржолғы материаддық көмекті төлеуге ақшалай қаражаттағы сұраныс жөніндегі тапсырыстарды жасайды және оларды жергілікті бюджет қаражатынан қаржыландыру үшін қаржы органдарына береді.
Тармақ 11
11. Осы Қағидаға сай, қаржыландыру жоспарларына сәйкес және өтінімдердің негізінде қалалық қаржылар бөлімі біржолғы материалдық көмекті төлеуге арнап уәкілетті органдарды қаржыландыруды жүргізеді.
Тармақ 12
12. Ақша қаражатының келіп түсуіне қарай қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі “Қазақстан Халықтық Банкі” ашық акционерлік қоғамының Маңғыстау облыстық филиалы (бұдан әрі - банк) және байланыс бөлімшесі арқылы, қаладағы уәкілетті орган алатын адамдардың тізімі мен олардың файлдық нұсқасын табыс ету жолымен біржолғы материалдық көмек төлеуді жүргізеді. Осымен бір мезгілде қызмет көрсетілімі үшін банкке комиссиондық сыйақы сомасы аударылады.
Тармақ 13
13. Біржолгы материалдық көмекті төлеу жеке куәлігін көрсетуі бойынша өтініш берушінің жеке өзіне жүргізіледі.
Тармақ 14
14. Ай сайын, төлем жасалган айдан кейінгі айдың 5-жұлдызынан кешіктірмей, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік багдарламалар бөлімі Банк және байланыс бөлімшесінен төленген сомалар бойынша кесім - салыстырулар жасайды.
Тармақ 15
15. Қала деңгейдегі есеп пен есептілікті жүргізу уәкілетті органға жүктеледі, ол ай сайын, төлем жасалған айдан кейінгі айдың 5- жұлдызынан кешіктірмей банк филиалы және байланыс бөлімшесімен төленген сомалар бойынша кесім - салыстырулар жасайды және 10- жұлдызынан кешіктірмей Маңғыстау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне және қаржылар бөліміне есебін табыс етеді.
Тармақ 16
16. Қаржы тағайындалуын, төленуінің және мақсатты шығындалуының дұрыстығына бақылауды қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, қаржылар бөлімі жүзеге асырады.