Облыстық дәрежедегі дербес зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау туралы Қолданыста
Басқа 0
Облыстық дәрежедегі дербес зейнеткерлерді
әлеуметтік қолдау туралы
Қазақстан Республикасы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II Заңына және “2005 жылға арналған бюджет туралы” 2004 жылғы 14 желтоқсандағы № 1271 қалалық Мәслихаттың шешіміне сәйкес қала әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап бұрын облыстық дәрежедегі дербес зейнеткер атағы бар зейнеткерлерге қалалық бюджет қаржысынан ай сайын қосымша ақы тағайындалсын.
Тармақ 2
2. Облыстық дәрежедегі дербес зейнеткерлерге ай сайынғы қосымша ақы тағайындау және төлеу Қағидасы бекітілсін (қоса беріліп отыр).
Тармақ 3
3. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (М.И.Абубикиров) қаладағы бұрын қалаға сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға қосымша ақы тағайындау, төлеу және есепке алуды ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Қалалық қаржылар бөлімі (М.У.Абдыкулова) 2005 жылдың қала бюджетінің шығыстар сметасы шегінде осы қаулыны орындау шараларын алсын.
Тармақ 5
5. Қала әкімияты “Облыстық дәрежедегі дербес зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау туралы” 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 92 қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалысын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ.Тлеповке жүктелсін.
Басқа 7
2005 жылғы 24 .02 № 198
қала әкімиятының қаулысымен бекітілген
Облыстьіқ дәрежедегі дербес зейнеткерлерге
ай сайынғы қосымша ақы тағайындау және төлеу
ҚАҒИДАСЫ
Осы облыстық дәрежедегі дербес зейнеткерлерге ай сайынғы қосымша ақы тағайындау және төлеу Қағидалары (бұдан әрі-Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңына сәйкес тағайындау және төлеу тәртібін белгілейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Қағидаларда төмендегідей негізгі түсініктер қолданылады:
Тармақша 1
1)облысқа сіңірген еңбегі бар зейнеткер - облыстық дәрежедегі дербес зейнеткер (бұдан әрі - дербес зейнеткер);
Тармақша 2
2)дербес зейнеткердің зейнетақысына қосымша ақы - (бұдан әрі - қосымша ақы) олардың табысына қарамастан жеңілдіктердің орына берілетін ақщалай төлемақы;
Тармақша 3
3)қосымша ақьіны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілді орган - қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі;
Тармақша 4
4)қосымша ақыны беру жөніндегі уәкілді орган - Қазақстан Республикасының Халықтық банкі (бұдан әрі - банк);
Тармақ 2
2. Дербес зейнеткерлерге жеңілдіктердің орнына қосымша ақыны төлеу қалалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Қосымша ақы ай сайын өткен ай үшін қала әкімінің шешімімен бекітілген Қағидаларға сәйкес төленеді.
Тарау 2. 2. Қосымша ақыны тағайындау тәртібі
2. Қосымша ақыны тағайындау тәртібі
Тармақ 4
4. Дербес зейнеткерлер қосымша ақы тағайындау үшін тұрғылықты жері бойынша қосымша ақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілді органға төмендегідей күжаттар мен мәліметтерді тапсырады:
Тармақша 1
1)өтініш;
Тармақша 2
2)жеке басын куәландыратын құжат;
Тармақша 3
3)қосымша ақыны алуға құқығын растайтын құжат;
Тармақша 4
4)салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
Тармақша 5
5)банкінің филиалдарында зейнетақысын алатын адамдардың банкідегі дербес есепшотының нөмірі;
Тармақша 6
6)тұрақты тұрғылықты жерін растайтын анықтама.
Тармақ 5
5. Қосымша ақыны алуға құқығын растайтын кұжат болып, дербес зейнеткерлердің куәлігі немесе халық депутаттары Маңғыстау облыстық Кеңесінің қалаға еңбегі үшін зейнетақыны тағайындау туралы шешімінен көшірме саналады.
Тармақ 6
6. Құжаттар салыстыру үшін түпнұсқада және көшірме түрінде қосымша ақыны тағайындау және төлеу жөніндегі органына тапсырылады. Ол құжаттар көшірмесін куәландырады, оларды іске қалыптастырады нөмерін береді, төленген сомалардың есебін жүргізу үшін дербес есепшот ашады.
Тармақ 7
7. Қосымша ақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілді орган қосымша ақыны тағайындау немесе оны тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Уәкілді орган төмендегілерге қосымша акыны тағайындаудан бас тартады:
Тармақша 1
1)қосымша ақыны тағайындау құқығын растайтын құжаттарын тапсырмаган адамдарға;
Тармақша 2
2)дәл емес мәліметтерден тұратын құжаттар тапсырған адамдарға;
Тармақша 3
3)бас бостандыгынан айыру түрінде сотпен тағайындалган қылмыстық жазасын өтеп жүрген адамдарға;
Тармақша 4
4)Қазақстан Республикасындагы басқа облысқа және одан тысқары жерге сіңірген еңбегі бар зейнеткерлерге.
Қосымша ақыны тағайындаудан бас тартқан жағдайда, қосымша ақыларды тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілді орган бас тарту себебін жазбаша дәлелдеп түсіндіреді және өтініш беруге құжаттарын қайтарады.
Тармақ 8
8. Қосымша ақыны алушылар өтінішінде Қағиданың 7-тармақ 3-тармақшасында көрсетілген, оны тағайындау үшін негіздерін жойған жағдайларда, қосымша ақыларды тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілді органға бұл туралы 10 күннің ішінде хабарлауга міндеттенеді.
Тармақ 9
9. Ай сайынғы қосымша акы Жаңаөзен қалалық мәслихатының шешімімен бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленеді.
Тарау 3. 3. Қосымша ақыларды төлеуді тоқтату және жаңғырту
3. Қосымша ақыларды төлеуді тоқтату және жаңғырту
Тармақ 10
10. Дербес зейнеткерге қосымша ақыны төлеу Қағидалардың 7-тармағының 3-тармақшасында көрсетілген, оны тағайындау үшін негіздерін жойған жагдайларда немесе алушының қайтыс болтан күнінен бастап тоқтатылады.
Тармақ 11
11. Қосымша ақыны төлеуді жаңғырту, дербес зейнеткерге қосымша ақы тағайындауга қайта құқығын иеленген жағдайда, құқығы туындалғаннан бастап қосымша акыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілді орган шешімі бойынша жүргізіледі.
Тарау 4. 4. Қосымша ақыларды төлеу тәртібі
4. Қосымша ақыларды төлеу тәртібі
Тармақ 12
12. Дербес зейнеткерлерге қосымша ақыларды төлеуді жүзеге асыру үшін уәкілді орган зейнетақыны алу тәртібі көрсетілген қосымша ақыларды тағайындау туралы шешімдердің, алушылардың жеке өтініштерінің негізінде (зейнетақы алатын орны мен алу тәртібі көрсетілген) төмендегідей құжаттарды жасақтайды:
Тармақша 1
1)компьютерде қосымша ақыларды алушылар бойынша база;
Тармақша 2
2)елді мекендер бойынша банктегі дербес есепшотқа қосымша ақылар сомаларын түсіру үшін тізімдерді 2 данада;
Тармақша 3
3)банкінің филиалдары бар елді мекендерде үйге әкеліп беруді қажет
ететін зейнеткерлерге қосымша ақыларды төлеуге тізім - ведомстыларды 3 данада;
Тармақша 4
4)банк филиалдары жоқ болған жағдайда, елді мекендерде қосымша ақыларды төлеуге тізім - ведомстыларды 3 данада;
Тармақша 5
5)ағымдағы айдың 23 жұлдызындағы жагдай бойынша қосымша ақыларды төлеуге тапсырыс-сұранысты.
Тармақ 13
13. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік багдарламалар бөлімі банкіге сыйақыны (0,6%) ескере отырып, жинақталған өтінімді қала
бойынша жасайды және оны ағымдағы айдың 23 - жұлдызына дейін қалалық қаржылар бөліміне жолдайды.
Тармақ 14
14. Қалалық қаржылар бөлімі тиісті бағдарламалар бойынша жергілікті бюджеттің жазылған шығыстарына сәйкес ағымдағы айдың 25 жұлдызына дейін қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өткен айдың қосымша ақыларды төлеу үшін қаражат бөледі.
Тармақ 15
15. Банк алынған тізімдерге сәйкес қосымша ақыларды төлеуді жүзеге асырады.
Тармақ 16
16. Қосымша ақыларды тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілді орган арқылы банкіге қате немесе дербес зейнеткер қайтыс болғаннан кейін аударылған сомалар, уәкідді органның хаты (өкімі) негізінен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің есеп шотына қайтарылуға жатады. Хат (өкім) көшірмесі қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жолданады.
Тармақ 17
17. Бұрын төленбеген қосымша ақылар ағымдағы төлемақылармен бірге төленеді.
Тарау 5. 5. Есеп жүргізу және есеп беру
5. Есеп жүргізу және есеп беру
Тармақ 18
18. Қосымша ақыларды тағайындау және төлеу жөніндегі уәкідді орган ай сайын, төлем жүргізілген айдан кейінгі айдың 5 жұлдызынан кешіктірмей, банкімен салыстыру кесімін жасайды.
Тармақ 19
19. Қосымша ақыларды тағайындау және төлеу жөніндегі уәкідді орган ай сайын, әр айдың 10 жұддызынан кешіктірмей, төленген қосымша ақылар бойынша есеп беруді жасайды және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне береді.
Тармақ 20
20. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тоқсан сайын дербес зейнеткерлердің зейнетақысына қосымша ақыны тағайындау және төлеу туралы ақпаратты қалалық қаржылар бөліміне тапсырады.
Тарау 6. 6. Жауапкершілік
6. Жауапкершілік
Тармақ 21
21. Қосымша ақыларды алушылар артық төлеуге әкеліп соқтырған жағдайларды жасырған жағдайда, қодцанудағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік артады.
Тарау 7. 7. Бақылау
7. Бақылау
Тармақ 22
22. Дербес зейнеткерлерге қосымша ақылардың тағайындалуы мен төленуіне бақылауды қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен қалалық қаржылар бөлімі жүзеге асырады.