Об утверждении инструкции по организации и финансированию общественных работ Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру нұсқаулық бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес, халықты жұмыспен қамту аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесін орындауда, Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру нұсқаулық бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Федорова О.Ф.) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде осы нұсқаулық басшылыққа алсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары В.Н. Заверухаға жүктелсін.
Басқа 4. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру нұсқаулық
Әкімдіктің 2005 жылғы 11 наурыздағы № 65 қаулысына қосымша Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру нұсқаулық Осы нұсқаулық қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесіне сәйкес әзірленген.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы нұсқаулық ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін уакытша жұмыс орындарын беретін ұйымдармен есеп берісудің негізгі шарттары мен жүйесін реттейді.
Тармақ 2
2. Осы нұсқаулық қолданылған негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) қоғамдық жұмыстар жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын, қызметкерлердің алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін, әлеуметтік пайдалы бағыты бар және азаматтарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін орындалатын еңбек қызмет түрлері;
Тармақша 2
2) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) - аудан әкімі басшылық ететін, өз қызыреті шегінде аудан аумағында жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
Тармақша 3
3) мақсатты топтар Қазақстан Республикасының «Жұмыспен қамту туралы» Заңымен белгіленген жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар топтары.
Тарау 2. 2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі
2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 3
3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік багдарламалар бөлімі қоғамдық жұмыстарды орындауға қызмет көрсету жөнінде жұмыс берушілермен шарт жасасады.
Тармақ 4
4. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдарда уақытша жұмыс орындарын ашу жолымен ұйымдастырылады және аудаңдық бюджеті есебінен қаржыландырылады.
Тармақ 5
5. Жұмыссыздарды уақытша жұмыс орындарымен қамтамасыз ету және аудандык бюджеті есебінен ақылы коғамдық жұмысқа қатысатындарға еңбекакысын төлеуге арналған каражатты тиімді пайдалану мақсатында аудандық атқарушы органы мынадай іс шараларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс белгілеуді;
Тармақша 2
2) қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбекақысының мөлшері бекітуді.
Тармақ 6
6. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді аудандық атқарушы органның қаулысымен жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Мақсатты топтарға кіретін жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға басым тәртіппен қатысуға құқығы бар.
Тарау 3. 3. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың көздері мен шарттары
3. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың көздері мен шарттары
Тармақ 8
8. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбек ақыны төлеу жеке еңбек шартына сәйкес жұмыс беруші ай сайын жүзеге асырады және ол орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделігіне байланысты болады.
Тармақ 9
9. Қоғамдық жұмыстарға қатысатындарға еңбек ақы төлеу шығындары жұмыс берушіге аудандық бюджет қаражаттар есебінен өтеледі. Бюджеттік қаражаттар жұмыс берушінің есеп шотына аударылады.
Тармақ 10
10. Қоғамдық жұмысқа жіберілген жұмыссыздардың еңбекақысының айлық көлемі еңбек ақының шағын мөлшерін құрайды.
Тармақ 11
11. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға жергілікті бюджет есебінен төленетін еңбек ақыға заңдарда белгіленген тәртіпте салық салынбайды.
Тармақ 12
12. Жұмыс берушілер аудандық бюджеттен түскен ақшаны мақсаты бойынша пайдаланылады.
Тармақ 13
13. Еңбек ақы төлеу шығындарын аудандық бюджеті есебінен өтеу үшін жұмыс берушілер жұмысқа қабылданғаны туралы бұйрықтың көшірмесін, жұмыс уақытын есептеу табелін, еңбек ақы есебінің ведомосын, орындалған жұмыс актісін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне табыс етеді. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын азаматтардың еңбек ақысы нақты орындалған жұмыс бойынша жүргізіледі.
Тармақ 14
14. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға уақытша жұмысқа жарамсыздығы, жарақаттануынан немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан келтірілген зиянды өтеу жөніндегі әлеуметтік жәрдемақы төлеуді қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес жұмыс беруші жүргізеді.
Тарау 4. 4. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың тәртібін бақылау
4. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың тәртібін бақылау
Тармақ 15
15. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың тәртібін бақылауды мемлекеттік органдар заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.