Об утверждении Инструкции организации и финансировании социальных рабочих мест и перечня организаций, предоставляюишх социальные рабочие места для трудоустройства безработных входящих в целевые группы населения Күшін жойған
Басқа 0
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулықты және халықтың нысаналы топтарына кіретін жұмыссыздарды еңбекке орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабына, Қостанай облысы әкімиятының «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулық туралы» 2002 жылғы 2 мамырдағы № 102 қаулысына сәйкес (Қостанай облысының әділет департаментінде 2002 жылғы 21 мамырда № 1510 болып тіркелген) әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін (1 қосымша).
Тармақ 2
2. 2005 жылға арналған халыктың нысаналы топтарына кіретін жұмыссыздарды еңбекке орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдардың тізбесі бекітілсін (2 қосымша).
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Денисов ауданы әкімінің орынбасары Ж.З. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
Басқа 4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚ
Әкімдіктің 2005 жылғы 9 наурыздағы № 65 «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулықты және халықтын нысаналы топтарына кіретін жұмыссыздарды еңбекке орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» қаулысына 1 қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Нұскаулық (одан әрі - Нұскаулык) халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін анықтайды, әлеуметтік жұмыс орындарын беретін негізгі жағдайлар мен есеп айырысу жұйесін реттейді.
Тармақ 2
2. Осы Нұсқаулықта қолданылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) әлеуметтік жұмыс орны - жұмыс берушілердің жұмысқа қабылдаған қызметкерлерге еңбек акы төлеген шығынын жергілікті бюджет қаражаты есебінен ішінара өтеп, халықтын нысаналы топтарының жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілердің жазбаша келісімімен берілетін жұмыс орны;
Тармақша 2
2) нысаналы топтар - Қазакстан Республикасының «Халықты жұмыспен камту туралы» Заңымен белгіленген, жұмысқа орналасуға қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды талап ететін тұлғалар топтары.
Тармақша 3
3) жастардың тәжірибесі - практикалык тәжірибе, білім, қабілеттер алу үшін окыған, алған мамандығы, кәсіби бойынша 23 жасқа дейінгі жастарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыска орналастыру.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздар еңбек туралы, зейнетақымен қамтамасыз ету және сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнама актілері тарайды.
Тармақ 4
4. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыруға жәрдемдеседі.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік жұмыс орындарына ұйымдастыру мен жұмыска орналастыру тәртібі.
2. Әлеуметтік жұмыс орындарына ұйымдастыру мен жұмыска орналастыру тәртібі.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыс орындарына қабылдаған жұмыссыздарға еңбек акы шығынын жергілікті бюджет қаражаты есебінен ішінара өтеумен өз қаражатынан қаржыландырып, жұмыс берушілермен анықталады немесе құрылады.
Тармақ 6
6. Уәкілетті орган жұмыс берушілермен әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарына еңбек ақысы шығына ішінара өтемді кызмет көрсету жөнінде шарт жасайды.
Тармақ 7
7. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыска орналастыру және еңбек ақыға арналған бюджеттік қаражаттарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқару орган халықтың нысаналы топтарынан тұратын жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарын берген немесе құрған ұйымдардың тізбесін жұмыс берушілердің жазбаша келісімімен анықтайды.
Тармақ 8
8. Жұмыссыздарды ұйымдарға әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру уәкілетті орғанмен келісімге сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Әлеуметік жұмыс орындарына жұмыска орналасуға нысаналы топтарға жататын аз қамтылған жұмыссыздар басымдық құқыққа ие.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері мен шарттары
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері мен шарттары
Тармақ 10
10. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздарға еңбек ақы төлеу және жеке еңбек шартының шарттарына сәйкес және орындалған жұмыстың күрделілігі мен сапасына, санына байланысты жұмыс берушімен ай сайын жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыска орналастырылған жұмыссыздардың еңбек ақысына төленген жұмыс берушілердің шығыны жергілікті бюджет қаражаты есебінен ең төменгі жалақының 50 пайыз көлемінде алты айға дейінгі мерзімде өтеледі, ал жастардың тәжірибесіне жіберілген оқу орындар бітірушілердің еңбек ақысына төленген жұмыс берушілердің шығыны жергілікті бюджет қаражаты есебінен ен төменгі жалақының 100 пайыз көлемінде төрт айға дейінгі мерзімде өтеледі.
Бюджет қаражатын аудару жөніндегі есеп айырысу жұмыс берушілердің есеп шоттарына жүргізіледі.
Тармақ 12
12. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыска орналастырылған жұмыссыздарға жергілікті бюджет қаражаты есебінен төленген еңбек ақыға заңнамамен белгіленген тәртіппен салық салынады.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік жұмыс орындарына алынған жұмыссыздардың еңбек ақысы нақты орындаған мөлшерде төленеді.
Тармақ 14
14. Жұмыс берушілер жергілікті бюджеттен түскен ақшалай түсімдерді әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздарға еңбек ақыға шыққан шығындарын өтеуге пайдаланады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бақылау
4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бақылау
Тармақ 15
15. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулықты сақтауға бақылау жасауды заңнамамен белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
Басқа 27. 2005 жылға халықтың нысаналы топтарына кіретін жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын үйымдардың
ТІЗБЕСІ
Әкімдіктің 2005 жылғы 9 наурыздағы № 65 «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нусқаулықты және халықтын нысаналы топтарына кіретін жұмыссыздарды еңбекке орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» қаулысына 2 қосымша
2005 жылға халықтың нысаналы топтарына кіретін жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын үйымдардың
ТІЗБЕСІ