Об утверждении Правил содержания собак и кошек на территории Узункольского района Қолданыста
Басқа 0
Ұзынкөл ауданының аумағында иттер мен мысықтарды ұстау Қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының 6 бабының 1-тармағының 8)-тармақшасына сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Ұзынкөл ауданының аумағында иттер мен мысықтарды ұстау Қағидалары бекітілсін (қосымшаға сәйкес).
Басқа 1. Ұзынкөл ауданының аумағында иттер мен мысықтарды ұстау ҚАҒИДАЛАРЫ
Мәслихаттың 2005 жылғы 11 наурыздағы № 108 шешіміне қосымша
Ұзынкөл ауданының аумағында иттер мен мысықтарды ұстау ҚАҒИДАЛАРЫ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағидалар Ұзынкөл ауданының аумағында үй жануарларын, атап айтканда иттерді, мысықтарды ұстауды реттеу мақсатында әзірленді және жеке мен заңды тұлғалардың осы Қағидаларды бұзғаны үшін жауапкершіліктерін белгілейді.
Тармақ 2
2. Қағидалар меншік түріне қарамастан иттер мен мысықтарды ұстайтын барлық жеке мен заңды тұлғаларға тарайды.
Тармақ 3
3. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» қодексіне, Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік баскару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы туралы» Заңына сәйкес әзірленді.
Тармақ 4
4. Кез-келген жануар иесінің меншігі болып табылады және кез келген меншік ретінде заңмен қорғаланады.
Тарау 2. 2. Иттер мен мысықтарды ұстау
2. Иттер мен мысықтарды ұстау
Тармақ 5
5. Ит, мысық иелері оларды ұстауда санитарлық-гигиеналық және ветеринарлық-санитарлық қағидаларын сақтауға тиіс.
Тармақ 6
6. Ауласында иттер ұстайтын адамдар олардын қашып кетуіне жол бермеуге және оларды көршілерінін ауласынан алшақ ұстауға міндетті. Аулаға кіре берісте қақпада ит бар екендігі туралы ескертпе жазу болуы керек. Иттер мен мысықтарды ұстауда олардың саны шектелмейді. Бірақ ол көршілер наразылығын тудырмауы қажет.
Тармақ 7
7. Көшелерде және басқа қоғамдық орындарда иесіз өз бетімен жүрген иттер ауланады. Сол сияқты қадағалаусыз жүрген үй жануарлары да ауланады.
Тармақ 8
8. Иесі дүкендер мен аурухана маңайларында уақытша байлаулы жануарлардан басқа қоғамдық орындарында жүрген иесі жоқ иттер, мысықтар басқа да жануарлар қараусыз деп есептеледі.
Тарау 3. 3. Жануарлар иелерінің міндеттері
3. Жануарлар иелерінің міндеттері
Тармақ 9
9. Жануарлар иелері міндетті:
Тармақша 1
1) жануарларды биологиялық ерекшеліктерге сәйкес ұстау, оларға мейрімділікпен қарау, қараусыз қалдырмау, ауыра қалған жағдайда ветеринарлық көмекке сүйенуге:
Тармақша 2
2) жануарларды осы Қағидалар талаптарына сай ұстауды қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) ветеринарлық мекемелер мамандарынын талаптары бойынша жануарларды диагностикалык зерттеуге және алдын ала емдеуге, карауға уакытында жеткізуге;
Тармақша 4
4) қоршаған орта кауіпсіздігін және тыныштық пен санитарлық қағидаларды сақтауды қамтамасыз ету шараларын қабылдауға;
Тармақша 5
5) жануарлар адамдарды немесе жануарларды тістеп алған жағдайда ол жөнінде жақын арадағы медициналық және ветеринарлық мекемелерге хабарлап, жануарларды ветеринарлық пунктерге ветеринарлық мамандарға жедел жеткізуге;
Тармақша 6
6) жалпы пайдаланымдағы орындарды ластауды болдырмау;
Тармақша 7
7) жануарлар өлекселерін кез-келген жерге тастамау. Жануарлар өлекселері жойылуы тиіс.
Тармақ 10
10. Жануарлар иелері паразитті жәндіктерді және кемірушілердің пайда болуының алдын алуға, жануарларды қараусыз, иесіз қалдырмауға міндетті.
Тармақ 11
11. Жануарлардың иелері белгіленген мерзімдерде міндетті ветеринарлық іс-шараларын өткізуге, жануарлардың карантин тәртібін сақтауға, жұқпалы ауруларды жою жөніндегі іс-шаралар өткізуге міндетті.
Тарау 4. 4. Жануарлар иелерінің Қағидаларды бұзғаны үшін жауапкершілігі
4. Жануарлар иелерінің Қағидаларды бұзғаны үшін жауапкершілігі
Тармақ 12
12. Осы Қағидаларды бұзған кінәлі жеке мен заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қодексінің 311-бабына сәйкес жауапқа тартылады.