Об утверждении ииструкции по оказанию социальной помощи безработным, направленным на профессиональную подготовку, повышение квалификации и переподготовку, по возмещению затрат на проживание, питание, медицинское освидетельствование и на проезд к месту обучения в пределах региона Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға, медициналық куәландыруға және аймақтық шегінде оқу орындарына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулығы бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген жұмыссыздарды кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесін жүзеге асыру, мәслихаттың 2003 жылғы 31 наурыздағы № 114 шешімімен бекітілген "Федоров ауданының 2003-2005 жылдарға арналған халықты жұмыспен қамту бағдарламаны" Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қаулыға қоса берілген қосымшаға сәйкес кәсіби даярлау, біліктілікті артыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға, медициналық куәландыруға және аймақтық шегінде оқу орындарына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсету нұсқаулығы бекітілсін.
Тармақ 2. Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға, медициналық куәландыруға және аймақтық шегінде оқу орындарына бәратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулығы
2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (О.Ф. Федорова) кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға, медициналық куәландыруға және аймақтық шегінде оқу орындарына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсету кезінде осы нұсқаулықты басшылыққа алсын. Әкімдіктің 2005 жылғы 11 наурыздағы № 66 қаулысына қосымша Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға, медициналық куәландыруға және аймақтық шегінде оқу орындарына бәратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулығы
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Нұсқаулықты қолданылған негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) жергілікті уәкілетті орган - аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік багдарламалар бөлімі;
Тармақша 2
2) өтініш беруші - әлеуметтік көмек алудан үміткер адам.
Тармақ 2
2. Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға, медициналық куәландыруға және аймақтық шегінде оқу орындарына баратын жолға арналған әлеуметтік көмекті (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) жергілікті уәкілетті орган көрсетеді. Әлеуметтік көмек, егер жұмыссыз оқу бітірген күннен кейін бір ай ішінде өтініш жасаса, төленеді. Жергілікті уәкілетті орган азаматтардың әлеуметтік көмек көрсету туралы арыздарын қарайды және оны тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмек алуға жергілікті уәкілетті органда ресми тіркелген және белгіленген тәртіппен конкурсты жеңіп алған білім беру ұйымына кәсіби даярлауға, біліктілікті арртыруға жатататын және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздар құқылы.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмек алуға өтініш жасау
2. Әлеуметтік көмек алуға өтініш жасау
Тармақ 4
4. Өтініш беруші жергілікті уәкілетті органға жазбаша арыз береді және әлеуметтік көмек алу құқығын растайтын құжаттарды тапсырады.
Тармақ 5
5. Өтініш беруші арызда және құжаттарда көрсетілген мәліметтердің толықтығына және растығына Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жауапты болады.
Тарау 3. 3. Қажет құжаттар тізбесі
3. Қажет құжаттар тізбесі
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажет құжаттар:
Тармақша 1
1) Әлеуметтік көмек көрсету туралы тұрғылықты жердегі банктегі жеке шотының нөмірі көрсетілгей жазбаша арыз;
Тармақша 2
2) Өтініш берушінің жеке тұлғасын куаландыратын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 3
3) Жергілікті уәкілетті органның өтініш берушінің жұмыссыз ретінде тесми тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 4
4) Жергілікті уәкілетті органның кәсіби оқуға берген жолдамасының көшірмесі. Жолдамада жұмыссыздың аты-жөні, білім беру ұйымының және алатын мамандықтың атауы толық көрсетіледі. Жолдама ресми бланкіге ресімделеді, онда қол қойған лауазым иесінің толық атауы көрсетіледі, қол қойылады және ол ажыратылады, берілген; ақыты жазылады. Жауапты тұлғаның қолы мөрмен расталад;
Тармақша 5
5) Жергілікті уәкілетті органның кәсіби даярлауға, біліктілікті арттыруға және қайта даярлауға жіберілген жұмысызбен жасаған шартының көшірмесі;
Тармақша 6
6) Темір жолмен, жолаушылар көлігімен (таксиден басқа) жол жүру құжаттарының түпнұсқалары немесе тасымалдаудың көрсетілген түрлерін жүзеге асырушы үйымның жол жүру бағасы туралы (оқу басталар алдындағы күндегі) уәкілетті түлға қол қойып, мөрмен расталған анықтамасы;
Тармақша 7
7) Емдеу мекемесінің медициналық куаландырудан өткені туралы анықтамасының көшірмесі және өту үшін төлеген ақы жөніндегі төлем кұжаты.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажет қүжаттардың түпнұсқалары және салыстыру үшін олардың көшірмелері жергілікті уәкілетті органға тапсырылады. Салыстырғаннан кейін қүжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
4. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
Тармақ 8
8. Жергілікті уәкілетті органның әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімді өтініш беруші арызымен қоса барлық қүжаттарын тапсырғаннан кейін 10 күн ішінде береді. Әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тартқан жағдайда өтініш берушіге себептері көрсетіліп жазбаша хабарланады. Әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімге жергілікті уәкілетті органың басшысы қол қояды.
Тармақ 9
9. Қажет құжаттардың біреуінің болмауы әлеуметтік көрсетуден бас тартуға әкеліп соғады.
Тарау 5. 5. Әлеуметтік көмектің мөлшері
5. Әлеуметтік көмектің мөлшері
Тармақ 10
10. Шығынды өтеу жөніндегі әлеуметтік көмек келесі мөлшерінде көрсетіледі:
Тармақша 1
1) тұруға - айына бір айлық есеп көрсеткіші. Тұруға шығынды өтеу жөніндегі әлеуметтік көмек кәсіби оқуға жіберілғен қаладан тыс тұратын жұмыссыздарға көрсетіледі. Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілғен каладан тыс тұратын жұмыссыздар болып оқу мекемесі орналасқан елді мекеннің тыс жерлерінде тұрақты тұратын тұлғалар саналады.
Тармақша 2
2) тамақтануға айына екі айлық есеп көрсеткіші.
Тармақ 11
11. Шығынды өтеу жөніндегі әлеуметтік көмек келесі мөлшерінде көрсетіледі:
Тармақша 1
1) аймақ шегіндегі (облыстың, ауданның) оқу орнына баратын жолға осы Нұсқаулықтың 6-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген құжаттармен расталған жол жүрудің толық бағасы;
Тармақша 2
2) медициналық куәландыру осы Нұсқаулықтың 6-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген құжаттармен расталған тексерудің толық бағасы.
Тарау 6. 6. Әлеуметтік көмекті төлеу
6. Әлеуметтік көмекті төлеу
Тармақ 12
12. Әлеуметтік көмекті төлеу аудандық бюджеті есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Тамақтануға, тұруға шыққан шығындарды өтеу жөніндегі әлеуметтік көмекті өтеу оқуды аяқтағаннан кейін немесе оқу мекемесінің берген табельдің негізінде оқудың басталуынан бастап ай сайын жүргізіледі. Медициналық куәландыру және аймақ шегіндегі (облыстың, ауданның) оку орнына баруға шыққан шығындарды өтеу жөніндегі әлеуметтік көмекті төлеу осы Ереженің 3 тарауы, 6-тармағының 6), 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды тапсырған мезгілден бір ай ішінде жүргізіледі.
Тармақ 14
14. Жергілікті уәкілетті орган есептеу жүргізеді, әлеуметтік көмек тағайындалған азаматтардың тізімін қалыптастырады және жергілікті қаржыландыру органына қаржыландыруға жиынтық өтінім тапсырады. Әлеуметтік көмекті төлеу органның тиісті операциялар түріне Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясы бар, заңнамамен белгіленген тәртіппен конкурсты жеңіп алған ұйымдарға берген тізімдері бойынша жұмыссыздардың жеке есеп шоттарына ақша түрінде аудару арқылы жүзеге асырылады. Қаржы жетпеген жағдайда оқып жатқан жұмыссыздарға әлеуметтік көмек тіркелген арыздың хронологиялық тәртібімен төленеді.