Об утверждении Положения об ономастической комиссии города Петропавловска Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Петропавл қаласының ономастика комиссиясы туралы Ережені бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151 Қазақстан Республикасы Заңының 25-1 бабы 3 тармағының 2 тармақшасына сәйкес, географиялық нысандардың атауына және олардың атауларын өзгертуге бірыңғай көзқарас қалыптастыру, топонимикалык атауларды қолдану мен есепке алуды ретке келтіру, қаланың тарихи- мәдени мұрасының құрамдас бөлігі ретінде тарихи атауларды қалпына келтіру, сақтау және олардың атауларын өзгерту жөнінде ұсыныстар жасау максатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса берілген Петропавл қаласының ономастика комиссиясы туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т Н. Құлжановаға жуктелсін.
Басқа 3
Қала әкімдігінің 2005 жылғы «23» наурыз № 217 қаулысымен бекітілді Петропавл қаласының ономастика комиссиясы туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Петропавл қаласының ономастика комиссиясы (бұдан әрі Комиссия) географиялық нысандардың атауына бірыңғай көзқарасты қалыптастыру, топонимикалық атауларды қолдану мен олардың есебін жүргізуді реттеу, каланың тарихи- мәдени мұрасының құрамдас бөлігі ретінде тарихи атауларды қалпына келтіру, сақтау және оларды қайта атау мақсатында ономастика саласында мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейтін консультациялық кеңесші органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңын, «Қазақстан Республикасының әкімшілік- аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындарды, ұйымдарды, мекемелерді, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай- ақ физикалық-географиялық нысандарды атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің Тәртібі» қаулысын және осы Ережені басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Комиссия қала әкімдігінің қаулысымен құрылады. Комиссияның дербес құрамы мәслихат сессиясының шешімімен бекітіледі.
Тармақ 4
4. Комиссия қала аудандарын, алаңдарды, даңғылдарды, бульварларды, көшелерді, қысқа көшелерді, саябақтарды, скверлерді, көпірлерді және тағы басқа қаланың құрамдас бөліктерін атау мен қайта атауға қатысты және олардың атауларының транскрипциясын өзгерту жөнінде ұсыныстар береді.
Тарау 2. 2. Негізгі міндеттер
2. Негізгі міндеттер
Тармақ 5
5. Комиссияның негізгі міндеттері: географиялық атауларды жинақтау және зерделеу, ономастика мәселелеріне байланысты материалдарды бір жүйеге келтіру; бұрын жоғалтылған тарихи топонимдерді қалпына келтіру жөнінде ұсыныстар енгізу; қала аудандарын, алаңдарды, даңғылдарды, бульварларды, көшелерді, қысқа көшелерді, саябақтарды, скверлерді, көпірлерді және тағы басқа қаланың құрамдас бөліктерін атау мен қайта атауға қатысты және олардың атауларының транскрипциясын өзгерту жөнінде ұсыныстар енгізу; ономастикаға географиялық және тарихи- мәдени пән ретінде қолдау, көрсету болып табылады.
Тарау 3. 3. Негізгі функциялары мен өкілеттігі
3. Негізгі функциялары мен өкілеттігі
Тармақ 6
6. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерді шешу мақсатында: орфографияның, ғылыми транскрипцияның және қалыптасқан мәдени-тарихи, әлеуметтік факторлардың қолданылып жүрген нормаларының негізінде қала аудандарын, алаңдарды, даңғылдарды, бульварларды көшелерді, қысқа көшелерді, саябақтарды, скверлерді, көпірлерді және тағы басқа қаланың құрамдас бөліктерін атау мен қайта атауға қатысты және олардың атауларының транскрипциясын өзгерту бойынша қорытындылар ұсынады; қала аудандарын, алаңдарды, даңғылдарды, бульварларды, көшелерді, қысқа көшелерді, саябақтарды, скверлерді, көпірлерді және тағы басқа қаланың құрамдас бөліктерін атау мен қайта атауға қатысты және олардың атауларының транскрипциясын өзгерту бойынша комиссияға келіп түскен қүжаттарды қарайды; ұйымдардың, жекелеген азаматтардың тарихи топонимдерін қалпына келтіру немесе ауыстыру мәселелері жөніндегі хаттарын қарайды және тиісті ұсынымдар береді; ономастика мен топонимика жөнінде анықтамалықтар мен сөздіктер шығаруды үйлестіреді; елді мекендердің, көшелердің, даңғылдардың, алаңдардың тұғырлы атауын сақтауға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асырады. қаланың тарихи- мәдени мұрасының құрамдас бөлігі ретіндегі байырғы халықтық және тарихи қалыптасқан атауларға құрметпен қарауын қалыптастыруға белсенді ықпал етеді;
Тарау 4. 4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 7
7. Комиссияның отырысы жергілікті жерлерден материалдардың келіп түсуіне және қажеттілігіне қарай өткізіледі. Комиссияның отырысы комиссия мүшелерінің кем дегенде жартысы қатысса, құқықты деп саналады.
Тармақ 8
8. Комиссияның шешімі оның отырысына қатысып отырған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен ашық дауыс берумен қабылданады.
Тармақ 9
9. Қажет болған жағдайда Комиссияның құзырына кіретін жекелеген мәселелерді қарау үшін жұмыс топтары құрылады.
Тармақ 10
10. Комиссияның хатшысы отырыстардың құжаттарын әзірлеп, күн тәртібін дайындайды. Комиссия мүшелерінің өзара іс- қимылын ұйымдастырады және іс қағаздарын жүргізуге жауапты болады.