Об утверждении Положения о бюджетной комиссии города Петропавловска Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Петропавл каласының бюджеттік комиссиясы туралы Ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 Бюджеттік кодексінің 64, 65, 66 бабтарына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Петропавл қаласының бюджеттік комиссиясы туралы қоса берілген Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қалалық бюджеттік комиссия туралы Ережені бекіту туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы № 131 қала әкімдігі қаулысының куші жойылды деп танылсын (2004 жылғы 1 сәуірдегі № 1200 Солтүстік Қазақстан облысы әділет Департаментінде тіркелген).
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Қ.С.Уәлиевке жүктелсін. «Келісілді» «Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы _________________Ш.Ж. Бәшірова «1» 03 2005 ж.
Басқа 4
2005 жылғы «2»наурыз№ 149 Петропавл қаласы әкімдігінің қаулысымен бекітілді Петропавл қаласының бюджеттік комиссиясы туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже тұрақты негізде қызмет ететін қалалық бюджеттік комиссияның іс әрекетін реттейді «бұдан әрі мәтін бойынша - Комиссия».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі және Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ осы Ереже комиссия іс - әрекетінің құқықтық негізін құрайды.
Тарау 2. 2. Комиссияның мақсаты
2. Комиссияның мақсаты
Тармақ 3
3. Қала бюджетінің жобасын сәйкес қаржы жылына уақытылы және сапалы әзірлеуді, бюджетті нақтылау және атқарылуы бойынша ұсыныстар әзірлеуді қамтамасыз ету Комиссия іс-әрекетінің негізгі мақсаты болып табылады.
Тарау 3. 3. Бюджеттік комиссияның құзыры
3. Бюджеттік комиссияның құзыры
Тармақ 4
4. Комиссияның құзырына мыналар енеді:
Тармақша 1
1) алдағы үш жылдық кезеңге орташа мерзімдік фискальді саясат жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
Тармақша 2
2) сәйкес қаржы жылына қала бюджеті жобасының көрсеткіштерін қарау және айқындау;
Тармақша 3
3) алдағы үш жылдық кезеңде және жоспарлы қаржы жылында қаржыландыру үшін бюджеттік бағдарламаларды іріктеу, орташа мерзімдік фискальді саясатты ескере отырып, оларды жүзеге асыру тетігін айқындау;
Тармақша 4
4) сәйкес қаржы жылына қалалық бюджетті нақтылау жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
Тармақша 5
5) қалалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыруды бағалау нәтижелерін қарау және олар бойынша ұсыныстар дайындау;
Тармақша 6
6) Бюджеттік кодекспен көзделген басқа да өкілеттіктер.
Тармақ 5
5. Комиссия өз құзыры шегінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1)Комиссияның жұмыс органымен дайындалған материалдарды қарайды және айқындайды: алдағы үш жылдық кезеңге қала бюджетінің болжамдық көрсеткіштерін; алдағы қаржылық жылға қалалық бюджет түсімдерінің болжамдық көрсеткіштерін; қалалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері тұрғысында қалалық бюджеттің шығыстар лимитін; мемлекеттік салалық (секторлық) бағдарламалар тұрғысында жоспарланатын үш жылдық кезеңге бюджеттік инвистициялық басым жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін; мемлекеттік, салалық (секторлық) бағдарламалар тұрғысында жоспарланатын үш жылдық кезеңге дамуға және кредит беруге облыстық бюджеттен мақсатты трансферттер есебінен қаржыландырылатын жергілікті инвестициялық басым жобалар (бағдарламалар) тізбесін; бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қаржыландыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерін;
Тармақша 2
2)Комиссияның жұмыс органымен әзірленген материалдарды қарайды және мыналар бойынша шешім қабылдайды: өткен кезеңдегі бюджеттік бағдарламаларды іске асырудың тиімділігін бағалау нәтижелері; алдағы үш жылдық кезеңге бюджеттік өтінімдер және бюджеттік жоспарлау бойынша өкілетті органның қортындылары; бюджеттік өтінімдерді қарағанда бюджеттік жоспарлау бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен уәкілетті орган арасындағы келіспеушілікті реттеу; алдағы қаржылық жылға қалалық бюджеттің жобасы; жергілікті бюджеттің шығыстарын көбейту немесе түсімдерін қысқартуды көздейтін жергілікті атқарушы органдар актілерінің жобалары; қалалық бюджеттік бағдарламалар паспорттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу; сәйкес қаржылық жылға қалалық бюджетті нақтылау; бюджеттік бағдарламалар паспорттарын нақтылау және бюджеттік бағдармаларды іске асыру туралы «Петропавл қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ақпараты негізінде бюджеттік бағдарламаларды одан әрі іске асыру;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да қызметтерді іске асырады.
Тарау 4. 4. Комиссияның қүқықтары
4. Комиссияның қүқықтары
Тармақ 6
6. Өз құзыры шегінде комиссияның мынадай құқықтары бар:
Тармақша 1
1) облыстық, қалалық атқарушы және басқа мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-әрекет жасауға, сондай-ақ Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін жұмысқа мамандар мен сарапшылар тартуға;
Тармақша 2
2) өз құзырына енетін мәселелер бойынша шешім қабылдауға және ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 3
3) Заңнамамен белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдар сұрауға және алуға;
Тармақша 4
4) Комиссия міндеттерін жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша бірінші басшыларды, олар жоқ болғанда мемлекеттік орган мен ұйымның бірінші басшысының міндетін атқарушыны Комиссияның отырысына шақыруға және тыңдауға.
Тарау 5. 5. Комиссия және жұмыс органының қызмет тәртібі
5. Комиссия және жұмыс органының қызмет тәртібі
Тармақ 7
7. Бюджеттік комиссияның құрамына:
Тармақша 1
1)Комиссия төрағасы;
Тармақша 2
2)Комиссия төрағасының орынбасарлары;
Тармақша 3
3)Комиссия хатшысы;
Тармақша 4
4)Комиссия мүшелері енеді.
Тармақ 8
8. Комиссия құрамы қала әкімдігінің қаулысымен құрылады,
Тармақ 9
9. Комиссия төрағасы оның қызметін басқарады, Комиссия отырысын өткізеді, оның жұмысын жоспарлайды, шешімдерін жүзеге асыруға жалпы бақылау жасайды және Комиссия жүзеге асыратын қызметке жауапкершілік атқарады. Комиссия төрағасы болмағанда оның функциясын комиссия төрағасының орынбасары орындайды.
Тармақ 10
10. Комиссия хатшысы Комиссия қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмыстастарды үйлестіреді және Комиссия отырысының хаттамасын ресімдейді.
Тармақ 11
11. Жұмыс жоспарын - кестесін Комиссия белгілейді. Қала бюджетінің жобасын әзірлеу кезінде Комиссияның жұмыс жоспары кестесі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жергілікті бюджет жобаларын әзірлеу Ережелерімен, сондай-ақ облыстық бюджеттік комиссияның жоспар кестесіне сәйкес айқындалған мерзімдерге сай анықталады.
Тармақ 12
12. Комиссия мүшелерінің отырыстарға қатысу бойынша өз өкілеттігін басқа тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
Тармақ 13
13. Комиссия шешімдері ащық дауыспен, сондай-ақ Комиссия мүшелерінен пікір алу жолымен қабылданады және оларға Комиссия мүшелері жалпы санының көпшілік дауыстары берілсе қабылданған болып саналады. Комиссия мүшелері шешім қабылдаған кезде тең дауысқа ие болады. Дауыс тең болған жағдайда, Комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданған болып саналады.
Тармақ 14
14. Комиссия отырысының күн тәртібі мәселелерін қарау нәтижелері әр мәселе бойынша дауыс беру қорытындылары көрсетіліп, тиісті хаттамаларға енгізіледі және төраға айқындаган жағдайда отырысқа қатысқан Комиссия мүшелері қол қояды. Комиссия қабылдаған шешім хаттамамен ресімделеді, оған төраға және хатшы қол қояды. Комиссия мүшелері қабылданған шешіммен келіспеген жагдайда, өзінің ерекше пікірін жазбаша түрде мазмұндауға құқылы, ол отырыс хаттамасына қоса беріледі.
Тармақ 15
15. Оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында қабылданған Комиссия шешімдері барлық мемлекеттік органдармен белгіленген мерзімде міндетті түрде қаралуы және орындалуы тиіс.
Тармақ 16
16. Бюджеттік Комиссияның жұмыс органы «Петропавл қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
Тармақ 17
17. Комиссия отырыстарының арасындағы кезеңде оның қызметін ұйымдастыру мәселелерін Комиссияның жұмыс органы шешеді.
Тармақ 18
18. Жұмыс органының функциялары Комиссия анықтаған күн тәртібіне және мерзімге сәйкес отырысқа материалдар дайындау, оларды Комиссия мүшелеріне, қалалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне және жергілікті атқарушы органдарға жіберу, Комиссия отырысының хаттамаларын дайынау, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерден және осы Ережеден болатын басқа да функциялар болып табылады.
Тарау 6. 6. Комиссия қызметін тоқтату
6. Комиссия қызметін тоқтату
Тармақ 19
19. Комиссия қызметін тоқтатуға негіз Комиссия қызметін тоқтату туралы қала әкімдігінің кабылдаған қаулысы болып табылады.
Тармақ 20
20. Осы Ереженің 19 тармағында көрсетілген Комиссияның қызметін тоқтатуға әкелетін жағдай туындағанда, атқарылған жүмыстар туралы әкімге есеп хат жолданады.