Об отборе кандидатов в военно-учебные заведения Республики Казахстан и Россиской Федерации Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының әскери-оқу орындарына кандидаттар іріктеп алу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы Жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңындағы 29 баптың 11 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының әскери-оқу орындарына 2005 жылы кандидаттар іріктеп алу шараларын ұйымдасқан түрде және сапалы өткізу мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ :
Тармақ 1
1. Аудандар мен қалалардың әкімдері, Талдықорған қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасы мен аудандық бөлімдер:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының әскери-оқу орындарына кандидаттар іріктеп алу разнарядкаларын орындау мақсатында тиісті шаралар қабылдасын (N 1 қосымша).
Тармақша 2
2) Әскери оқу орындарында оқытуға кандидаттар іріктеп алу кезінде балалар үйінің тәрбиеленушілері, жетім балаларға арналған мектеп-интернаттар оқушылары, сондай-ақ көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларының балалары, Қазақстан Республикасының мүддесін қорғау кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер балалары арасынан шыққан бозбалаларға артықшылық берілсін.
Тармақша 3
3) Әскери-оқу орындарына ең лайықты, дене күш дамуы жетілген және моральдық жағынан Қазақстан Республикасының қарулы Күштерінде әскери қызмет етуге дайын тұлғалар жіберілсін.
Тармақша 4
4) Медициналық растау және мандат комиссиясының тексеруін жүргізу мақсатында Алматы қаласындағы облыстық пунктке кандидаттарды дер кезінде жеткізуге қажет қаржының және көлік құралдарының бөлінуін ескерсін.
Тармақ 2
2. Алматы облысы әкімі денсаулық сақтау басқармасының бастығы (Б.Садықов):
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының әскери-оқу орындарына кандидаттарды медициналық растау шарасын 2004 жылдың 10-22 сәуірі, ал Кадет корпусы мен Республикалық "Жас ұлан" мектебіне кандидаттарды медициналық растау шарасын 2004 жылғы 2-22 мамыр аралығында өткізсін.
Тармақша 2
2) Талдықорған қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасы мен аудандық бөлімдердің келісімімен әскери-оқу орнына кандидаттарды медициналық растау шарасын өткізуге, қажет мөлшерде дәрігер мамандар мен медициналық қызметкерлер бөлсін, әскери-оқу орындарындағы мамандықтарды ескере отырып, оларды медициналық тексеруден өткізуді ұйымдастырсын. Анализдер тапсыру, сондай-ақ флюорография мен арнайы медициналық тексерулерден өту кезінде кандидаттарға тегін қызмет көрсетілсін.
Тармақ 3
3. Білім департаментінің директоры (Т.Е.Естенов) әскери-оқу орындарына кандидаттардың негізгі пәндер (математика, физика, қазақ және орыс тілдері, қазақстанның тарихы) бойынша білімдерін әділ тексеруден өткізсін.
Тармақ 4
4. Спорт және дене тәрбиесі басқармасының бастығы (Ж.Жайлаубеков) әскери-оқу орындарына түсетін кандидаттардың дене күш дайындығы нормативтерінің өткізілуін ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Алматы облыстық қорғаныс істері жөніндегі басқармасы (Т.Р.Мәукебаев) осы шешімге сәйкес әскери-оқу орындарына кандидаттар іріктеп алуды ұйымдастырсын және осы шешімнің орындалуы туралы ақпарат 2004 жылдың 15-қарашасына дейін тапсырылсын.
Тармақ 6
6. Алматы облысы Әкімінің 2004 жылғы 16-ақпандағы "Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының әскери-оқу орындарына кандидаттар іріктеп алу туралы" N 2-22 шешімі (2004ж. 10 наурыздағы тіркеу N 1513) күшін жойған болып саналсын.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы облысы Әкімінің бірінші орынбасары В.А.Долженковқа жүктелсін.
Басқа 14
Облыс Әкімінің
2005 жылғы "11" ақпандағы
N 2-10 шешіміне N 1 қосымша
Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы
Қорғаныс министрліктерінің әскери-оқу
орындарына кандидаттар іріктеп алудың
разнарядкасы
N№
Аудандар (қалалар)
атаулары
Оның ішінде
Ресей Федерациясының жоғарғы әскери оқу орындары
Жоғарғы әскери оқу орындары
Кадет корпусы
Республикалық "Жас ұлан" мектебі
1
Ақсу
3
1
-
1
2
Алакөл
8
1
-
2
3
Балқаш
3
-
-
-
4
Еңбекшіқазақ
20
2
1
5
5
Ескелді
10
1
1
2
6
Жамбыл
11
1
1
3
7
Іле
12
1
1
2
8
Қапшағай қ.
10
-
-
1
9
Қарасай
10
1
1
2
10
Кербұлақ
6
1
1
1
11
Қаратал
7
1
1
2
12
Панфилов
11
1
-
2
13
Райымбек
3
1
-
1
14
Сарқан
6
1
1
1
15
Талғар
10
1
-
2
16
Талдықорған қ.
23
2
1
6
17
Ұйғыр
8
-
-
1
Барлығы:
161
16
9
34